Элеваторлар

Әрекет ету принципі – тартқыш органға тіркелген шөміштердегі жүктің орын ауыстыруы. Құрамды бөліктер: шөміштері бар тартқыш орган, жетектік станция, тартпалы құрылғылары бар жүк тиеу тетігі және бағыттаушыларымен қаптама.

Элеваторларды келесі түрде жіктейді:

- бағыты бойынша - тасымалданатын, сорғытылатын;

- бұрыш бойынша - тік, көлбеу;

- тартқыш орган бойынша – таспалы және шынжырлы;

- жүк тиеу тәсілі бойынша – батырып алумен, көміп тастаумен;

- жүк түсіру тәсілі бойынша - өздігінен ағатын, центрден тебетін.

Элеваторлар кесектік, түйіршікті және шаңы көрініп тұрған жүктер үшін қолданылады. Таспалы элеваторлардың өнімділігі 80т/с дейін, қозғалу жылдамдығы 1,2-1,5м/c және одан да көп, биіктігі 50м және шынжырлы үшін 45,0т/с дейін және ұзындығы 75м дейін. Еңіс бұрышы 900 дейін. Жылдамдығы 0,3-05,м/с.

Артықшылықтары: үлкен бұрышта тасымалдау мүмкіндігі жоспардағы шағын габариттер; жоғары өнімділік; шағын шу; шаңның пайда болуының жоқтығы.

Кемшіліктері: қозғалатын бөліктердің үлкен салмағы, кесектік материалдарды (шөміштің сыйымдылығы бойынша) тасымалдаудың шектеулі мүмкіндігі, абразивтік ортада шөміштер мен таспаның қатты тозуы.

Элеваторлар сығыстырылған аудан жағдайларында қолданылады, сонымен қатар, элеваторлар бір уақытта тасымалдаумен сорғытуды жүргізеді (шөміштерде су төгуге арналған тесіктер бар).

Шөміштің нысаны бойынша элеваторларды ажыратады: құрғақ жеңіл сусымалы материалдар үшін дөңгелетілген түбімен терең шөміштерді, ылғалды және жабысқақ жүктер үшін ұсақ шөміштерді, сорғытылатындар үшін терең бұрышты шөміштерді қолданады.

Элеватордың өнімділігінің қабылдау қабілеті:

(6.1)

мұнда - шөміштің сыйымдылығы, Л;

- шөміштер арасындағы арақашықтық, м;

- үймедегі жүктің тығыздығы, кг/л (кг/м3);

- шөмішті толтыру коэффициенті ( =0,7-0,8);

- таспаның қозғалу жылдамдығы, м/с;

Арақатынасы - / шөміштің бойымен өлшенетін сыйымдылығы аталады.

 

Бойымен өлшенетін жүк массасы келесі түрде анықталады:

 

. (6.2)

 








Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 4758;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.