Топырақтағы химиялық қосылыстар

 

Топырақ құрамына кіретін элементтер химиялық қосылыстар түрінде болады.

Оттегі бастапқы және туынды минералдар құрамында және органикалық заттар мен судың құрамында болады.

Топырақтағы кремний элементінің мөлшері кварцтың мөлшеріне тікелей байланысты және сонымен бірге бастапқы және туынды силикаттармен алюминосиликаттардың көлеміне де тәуелді. Балшықты топырақта SіО2 мөлшері 40-70%, ал құмды топырақта 90–98% дейін болады.

Алюминий топырақтағы бастапқы және туынды минералдардың, органикалық минералды комплекстердің құрамында және топырақтың қатты бөлігімен сіңірілген ион күйінде болады.

Темір топырақ минералдары құрамында, гидрототықтар, тотықтар, тұздар күйінде, органикалық, минералды қосылыстар құрамында және сіңірілген ион күйінде кездеседі. Темір өсімдіктер тіршілігіне қажет, темірсіз хлорофилл түзілмейді.

Азоттың басты бөлігі топырақтың органикалық заттары қарашірінді құрамында болады. Өсімдіктерге тиімді азот қосылыстары нитрат, аммоний, нитрит иондары топырақтың органикалық заттары ыдырауы кезінде түзіледі. Азот өсімдіктердің ақуызы құрамында және басқада химиялық қосылыстарда кездеседі. Ол өсімдік тіршілігіне қажет басты элемент.

Фосфор топырақта органикалық және минералды қосылыстар құрамында болады. Олар органикалық заттар - фитин, нуклеин қышқылы, нуклеопротеидтер, фосфатидтер де және минералды қосылыстар – ортофосфор қышқылының кальцийлі, магнийлі, темірлі, алюминийлі тұздары құрамында болады. Сонымен бірге фосфор топырақтағы апатит, фосфорит, вивианит минералдарының құрамында және топырақтың қатты бөлігіне сіңген фосфат анионы ретінде болады. Фосфор өсімдіктердің өніп- өсуіне қажетті негізгі элементтердің бірі.

Калийдің топырақтағы жалпы қоры мол болып келеді. Ауыр гранулометриялық құрамды топырақта калийдің мөлшері 2% және одан жоғары болады, бірақ жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда оның мөлшері кемиді. Калийдің негізгі қоры топырақтағы бастапқы және туынды минералдарда шоғырланған. Сонымен бірге топырақтың қатты бөлігімен сіңірілген калий иондары және қарапайым тұздар құрамындағы калий қоры да бар. Өсімдіктер негізінен топырақта алмаспалы сіңген калий иондарын қоректенуге пайдаланады.

Топырақта кальций мен магний минералдардың құрамында, оның қатты бөлігі алмаспалы сіңірген иондар және қарапайым тұздар күйінде кездеседі. Топырақтың қатты бөлігі сіңірген иондардың ішінде мөлшері жағынан бірінші орында кальций ионы, сонан кейін магний ионы болып келеді. Топырақ ерітіндісі құрамында да кальций және магний иондары да мол болады.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4307;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.