Ара топырақтың типшелері
Орманды-дала аймағында қара топырақтың үш типшесі дамыған. Олар күлгінденген, сілтісізденген және нағыз қара топырақ типшелері. Дала аймағында кәдімгі және оңтүстік қара топырақ типшелері түзілген.
Күлгінденген қара топырақ типшесі Қазақстан жер аумағында кездеспейді.
Күлгінденген қара топырақ орманды дала аймағының солтүстік бөлігінде, орман аймағына жақын орналасқан жерлерде дамыған.Оның негізгі ерекше белгісі: В1 қабатының топырақ түйіршіктері бетінде ақшылт келген кремний тотығы себіндісінің болуы; А қабатының түсі ақшылт қара; А+В1 қабаттарының қалыңдығы 50-80см, карбонаттар 1,3-1,5 тереңдікке дейін шайылған. Бұл топырақтың үстіңгі қабатында қарашірінді мөлшері 5-8% болады.
Нағыз қара топырақ типшесі орманды дала аймағының оңтүстік бөлігінде негізінен Украина, Ресейдің орталық қара топырақты аймағында, Орал тауларына жақын өңірлерде кездеседі. Бұл қара топырақ типшесінің негізгі ерекше белгісі-өте жақсы дамыған қалың қарашірінділі қабатының болуы. Осы қабаттардың қалыңдығы 90-120см-ге дейін жетеді. Сондықтан, ол А – қарашірінді жиналу қабаты астында орналасқан қарашірінділі аралық қабат - АВ1 және В1 - қабаттарына жіктеледі. Үстіңгі қарашірінділі қабаттың түсі қара, түйіртпектігі жақсы дамыған дәнше. Қарашірінді мөлшері 8-12%. Топырақ ортасының реакциясы бейтарап, физикалық, химиялық, ылғалдылық қасиеттері өте жақсы болып келеді. Ең құнарлы топырақ қатарына жатады.
Сілтісізденген қара топырақ типшесі Қазақстанның орманды дала аймағында Солтүстік Қазақстан облысының қиыр терістігінде тараған.
Бұл қара топырақ типшесінің ерекше белгісі оның тұз қышқылы ерітіндісінен қайнау қабатымен қарашірінді қабатының бір-бірімен шектеспеуі, яғни В2 - қабатында карбонаттардың болмауы. Карбонаттар (НСО3-,СО23-сілтілі иондар) қарашірінділі қабаттан шайылып, топырақтың астынғы аралық ВС немесе аналық тау жынысы С қабаттарына жіпше тәрізді дақтар болып жинаған. Сондықтан, тұз қышқылынан бұл топырақтың қайнауы ВС немесе С қабатында байқалады.
Осы топырақтың қарашірінділі А қабаты қара-сұр немесе сұрғылт-қара түсті болады, қабат тереңдеген сайын оның түсі біртіндеп ашық қара-сұр түске көшеді немесе күреңденеді. Сәл тығыздалған және түйіртпегі дәнше тәрізді болады.
В1 қабаты біршама қарашірінділі жаңғақ тәрізді немесе кесекті түйіртпекті болады. А+В1 қабаттарының қалыңдығы 40-80см. В2 қабаты күрең түсті болады және жіңішкеше келген қарашірінді тілдері кездеседі.
Иллювиальді карбонатты ВСК қабаты құба-күрең түсті, жаңғақша немесе жаңғақшалы-призмалы түйіртпекті болады.
Ғаныш және тез ерігіш тұздар топырақ кескінінде байқалмайды.
Топырақтың үстінгі қабатында қарашірінді мөлшері 3-7% болады. Топырақ ортасының реакциясы оның үстіңгі қабатында бейтарапқа жақын, ал астыңғы қабаттарда аздап қышқылданады. Осы топырақтың сіңіру сыйымдылығы жақсы, 100 г топырақта 40-50 м-экв, болады, және топырақтың сіңіру кешені негіздермен (Са2+, Мg2+) толық қаныққан болып келеді. Сілтісізденген қара топырақтың құнарлылығы, физикалық, ылғалдылық, химиялық қасиеттері жақсы. Сондықтан олар өңделіп, жыртылып, егістік алқаптарға айналған. Осы жерлерде негізінен дәнді дақылдар егіледі.
Кәдімгі қара топырақ типшесі дала аймағында түзілген және жеке кәдімгі қара топырақ аймақшасын құрайды. Алып жатқан жер аумағы 12,0 млн. га. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кең тараған және Ақмола облысының солтүстік аудандарында кездеседі.
Бұл топырақтар Батыс Сібір жазықтығының көтеріңкі жерлерінде және Көкшетау қыратының ұсақ шоқылы жазықтарында орналасқан. Аналық тау жыныстары лөске ұқсас карбонатты құмбалшықтар, кейде балшық немесе құмайт. Осы топырақтар ылғалдылығы жеткілікті дала климаты аясында, топырақтың шайылмайтын су құбылымы бар, бозды-бетегелі-аралас шөпті және шұрайлы аралас шөпті-бозды өсімдіктер жамылғысы астында қалыптасқан.
Құрылысы және қасиеттері жағынан нағыз қара топыраққа ұқсас, бірақ бұл топырақта қарашіріндінің жиналуы баяу жүреді. Кәдімгі қара топырақтардың генетикалық қабаттары: А - қарашірінді жиналу қабаты, В1- қарашірінділі аралық қабат, В2 - қарашірінді тілдері қабаты, ВС - аралық қабат және С - аналық тау жынысы.
Қарашірінді жиналу А қабатының қалыңдығы 23-30см, түсі біртектес қара-сұр, түйртпектігі дәнге ұқсас, немесе дәнше-кесекті болып келеді. Біртіндеп келесі В1 қабатына ауысады. В1 қабатының түсі күрең реңді қара-сұр болады, түйіртектігі кесекті немесе кесекті призмалы, қалыңдығы 17-24 см. Жалпы қарашірінді қабатының (А+В1) қалыңдығы 43-59 см-ге жетеді. В2 - қабатының қалыңдығы 10-35 см, түйіртпектігі кесекті, әлсіз байланысқан кесекті болып келеді. Аралық ВС қабатының қалыңдығы 16-45 см, жалпы күрең-қоңыр түсті қабат бойында кейде қара-қоңыр түсті қарашірінді тілдері байқалады. Аналық тау жынысы 81-111см тереңдіктен (орташа есеппен 97 см-ден) басталады (37-сурет).
Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы, көзге көрінетін, карбонат дақтардың байқалуы бұл топырақтың В1 қабатынан басталады және оның мөлшері топырақ қабаты тереңдеген сайын молая береді. Суда еритін тұздар топырақтың үстіңгі қабатында жоқ. Олар тек аналық тау жынысы қабаттарында жиналған болып келеді (38-сурет).
Кәдімгі қара топырақтың химиялық, химиялық-физикалық қасиеттері өте қолайлы. Осы топырақтардың А қабатында қарашірінді мөлшері 5-7%.
Алмаспалы сіңген катиондар мөлшері 100г топырақта 34-38 м-экв., және олардың басым бөлігі Са және Мg иондары. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтіленген (39-кесте).
|
қатынасы СГҚ:СФҚ=2,0-2,5 яғни,
қарашіріндісі гуматты типті. Көміртегінің азотқа қатынасы С:N=10-12, яғни, қарашіріндінің азотпен қанығуы орташа дәрежеде. Жалпы азоттың мөлшері мол - 0,400-0,500%, Жалпы фосфор-0,15%. Өсімдіктерге тиімді нитратты азоттың, алмаса сіңген калийдің мөлшері мол, ал жылжымалы фосфордың мөлшері аз. Микроэлементтердің элементтердің көпшілігімен бұл топырақ жақсы қамтамасыз етілген, бірақ цинк және молибден мөлшері аз болып келеді.
Гранулометриялық құрамы жағынан кәдімгі қара топырақтар құмбалшықты және балшықты болып келеді және оның құрамында тозаң бөлшектердің мөлшері мол (0,001мм-ден кіші бөлшектер 35-40%). Сондықтан, қарашіріндінің және тозаң бөлшектердің мол болуы осы топырақтардың суға төзімді, жақсы түйіршіктелген болуына қолайлы әсерін тигізеді. Мөлшері 0,25 мм-ден үлкен ылғалға төзімді түйіршіктер қарашірінділі қабатында 40-60% болады. Бұл топырақтың физикалық қасиеттері де қолайлы. Қарашірінділі қабаттың тығыздылығы 1,0-1,1г/см3, қатты бөлігінің тығыздылығы 2,4-2,5 г/см3, қуыстылығы 50-60%, су сыйымдылығы 35-40%.
•карбонат дақтары, □ - гипс
38 - сурет. Кәдімгі қара топырақ кескінінің сипаттамасы
Жеткілікті ылғалданған дала аймақшасында кәдімгі қара топырақтың келесідей тектері кездеседі:
- кәдімгідей (обычные);
- карбонатты;
- кебірленген;
- тереңнен қайнайтын;
- жетілмеген;
- әлсіз дамыған.
Кәдімгі қара топырақтың кәдімгідей, кебірленген және карбонатты тектері Солтүстік Қазақстан облыстарында кеңінен таралған. М.Белгібаев ж.т.б. (1982) мәліметтері бойынша кәдімгідей қара топырақ тегінің жер ауданы 3 млн 609 мың га; кебірленген тектің ауданы 2 млн. 117 мың га және карбонатты тектің ауданы 875 мың. га.
Кәдімгідей текке жататын қара топырақтың морфологиялық белгілері, қасиеттері кәдімгі қара топырақ типшесінің сипаттамасына сәйкес келеді, қасиеттерінің өзгеруі, ауытқуы байқалмайды. Бұл топырақ тегі Батыс Сібір жазықтығының тегіс, көтеріңкі жерлерінде, ал Сарыарқа төңірегінде ұсақ шоқылар арасындағы жазықтықтар да түзілген. Осы топырақтардың химиялық, физикалық қасиеттері өте жақсы. Жел эрозиясына (дефляцияға) шалдығу қарқыны төмен.Тың топырақтардың желге төзімділігі коэффициенті жоғары.
Кебірленген кәдімгі қара топырақ тегі шоқ ормандар аралығында және шоқылардың етектегі беткейлерінде ащы балшықты немесе ауыр құмбалшықты аналық тау жыныстары үстінде қалыптасқан. Көбінесе осы топырақ тегі кебірлермен кешенді топырақ жамылғысын құрап таралған. Бұл топырақтың қарашірінді қабатының қалыңдығы кәдімгідей қара топырақ тегіне қарағанда кеміген болады. Айрықша белгісі-В1 қабатында натрий иондары жиналған (5-15%), осы қабат тығыздалған және кесекті – призмалы, немесе жаңғақша тәрізді түйіртпекті болады. Сонымен бірге осы қабатта тозаң бөлшектер де шоғырланған. Тығыздылығы 1,4-1,6 г/см3 дейін артады, су өткізгіштігі және қуыстылығы төмен. Қарашіріндінің және азоттың мөлшері кем, реакциясы сілтіленген. Осындай қолайсыз қасиеттерінің әсерінен бұл топырақ тегі ылғалданғанда қатты ісінеді, ал құрғағанда тығыздалады, топырақтың бетінде қабыршақ пайда болады. Көрсетілген себептер салдарынан осы топырақтарда өсімдіктердің өніп-өсуіне, дамуына қолайсыз жағдайлар қалыптасады.Карбонатты және кәдімгідей қара топырақ тектерімен салыстыра қарағанда кебірленген қара топырақтың дефляцияға шалдығу қауіпі біршама кем болып келеді.
Карбонатты кәдімгі қара топырақ тегі сәл бұдырлы немесе тегіс жазықтарда карбонатты лөс тәрізді ауыр құмбалшық немесе балшық аналық тау жыныстары үстінде түзілген. Бұл топырақ тегі негізінен бір текті болып келген топырақ жамылғысын құрайды. Кебірлермен кешенді жамылғысы өте сирек кездеседі.
Карбонатты қара топырақтың ерекше айырмашылығы оның тұз қышқылы ертіндісінен ең үстіңгі бетінде немесе қарашірінділі А қабатында қайнауы. Яғни, карбонаттар топырақтың үстіңгі А қабатынан бастап кездеседі. Осы топырақтар көбінесе ауыр гранулометриялық құрамды болады. Сондықтан олардың ылғалдылық және физикалық қасиеттері қолайсыздау болып келеді. Су өткізгіштігі нашар, ылғалданғанда тұтқырланады, құрғағанда тығыздалады және топырақ терең қабаттарына дейін жарылады. Осы топырақтардың жарылуы құбылысы құрғақшылық жылдары кеңінен байқалады. Карбонатты топырақтарды егістік жерлерде қарымталы өңдегенде оның үстіңгі қабатының түйіртпектігі тез бұзылып, майдаланып, шаңданып кетеді. Сол себепті карбонатты топырақтар дефляцияға төзімсіз. Сонымен бірге бұл топырақтардың су эрозиясына шалдығу қаупі де елеулі болып келеді.
32-кесте. Кәдімгі қара топырақтың химиялық, физикалық - химиялық қасиеттері (37 )
Кескіннің рет саны | Топырақ атауы, мекені | Үлгі алынған қабат,см | Қара-шірінді,% | Жалпы азот, % | СО2, % | Алмаспалы сіңген катиондар, м-экв/100г | Су ерітіндісі, % | рН | Гранулометрия-лық құрамы | |||||
Са | Мg | Nа | Қосындысы | тұз қалдық | сілті-лігі | <0,01 мм | <0,001 мм | |||||||
Кәдімгі қара топырақ, Қостанай облысы | 0-10 | 9,2 | 0,370 | жоқ | 31,0 | 1,8 | 0,1 | 32,9 | 0,033 | 0,011 | 6,4 | 52,8 | 20,6 | |
18-28 | 6,6 | 0,310 | жоқ | 25,6 | 5,4 | 0,1 | 31,1 | 0,014 | 0,008 | 6,5 | 59,4 | 28,9 | ||
35-45 | 3,2 | 0,170 | 0,4 | 25,5 | 3,6 | 0,2 | 29,3 | 0,018 | 0,011 | 7,0 | 62,5 | 35,6 | ||
55-65 | 2,6 | 1,6 | - | 0,013 | 0,075 | 8,9 | 64,2 | 38,0 | ||||||
80-90 | 1,2 | 5,7 | - | 0,761 | 0,035 | 8,4 | 60,9 | 35,2 | ||||||
150-160 | - | 3,5 | - | 0,759 | 0,025 | 8,1 | 61,6 | 38,8 | ||||||
190-200 | - | 2,8 | - | 1,416 | 0,019 | 8,3 | 58,9 | 26,8 | ||||||
Кебірлен-ген кәдімгі қара топырақ, Солтүстік Қазақстан облысы | 0-10 | 4,8 | 0,251 | жоқ | 26,1 | 3,5 | 0,1 | 29,7 | 0,039 | 0,016 | 6,9 | 55,5 | 27,4 | |
10-20 | 5,0 | 0,248 | жоқ | - | - | - | - | - | - | 6,8 | 59,8 | 26,7 | ||
33-43 | 2,4 | 0,150 | жоқ | 16,8 | 7,1 | 0,6 | 24,5 | 0,055 | 0,031 | 7,4 | 55,1 | 31,8 | ||
50-60 | 2,5 | 0,125 | 1,7 | 16,7 | 1,5 | 0,8 | 19,0 | 0,095 | 0,050 | 8,6 | 58,6 | 31,8 | ||
95-105 | - | - | 6,6 | 0,705 | 0,044 | 9,0 | 61,6 | 33,2 | ||||||
115-125 | - | - | 2,9 | 1,262 | 0,021 | 8,4 | 58,1 | 29,5 | ||||||
190-200 | - | - | 2,5 | 0,442 | 0,034 | 8,6 | - | - |
Карбонатты топырақтардың жел эрозиясына төзімсіз болу себебі құрамында лөс тәрізді құмбалшық немесе балшық аналық тау жынысынан көшкен микроқұрылымды майда түйіршіктердің мол болып келуі. Өйткені, карбонаттар әсерінен балшық бөлшектер 0,05-0,01 мм көлемдегі ірі шаң немесе 0,25-0,05мм көлемдегі ұсақ құм бөлшектерге коагуляцияланған болады. Сонымен бірге топырақтың дефляцияға төзімсіздігінің артуына оның құрамындағы карбонаттың мөлшері ықпал жасайды. Әсіресе, топырақта кальций карбонатының (СаСО3) мөлшері 2-5% болғанда оның дефляцияға төзімсіздігі айқын байқалады. Осы мөлшердегі кальций карбонаты топырақ түйіршіктері арасындағы байланысты әлсіретіп, оның майда, микроқұрылымға айналуына ықпалын тигізеді. Ал топырақтағы СаСО3 мөлшері 5% асқанда ол топырақ түйіршіктерін біріктіріп, макроқұрылым пайда болуын қамтамасыз етіп, топырақтың дефляцияға төзімділігін арттырады (М.Е.Белгібаев ж.т.б. 1982).
Оңтүстік қара топырақ типшесі дала аймағының жеткіліксіз ылғалданған оңтүстік бөлігіне орналасып, жеке аймақша құрайды. Алып жатқан жер ауданы 13,4 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аз аумақта кездеседі, ал Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында кең тараған.
Бұл топырақтардың генетикалық ерекшеліктерінің қалыптасуы осы аймақшада қалыптасқан ауа райының гидротермиялық құбылымының топырақ түзілу процесіне әсерімен тікелей байланысты. Кәдімгі қара топырақ аймақшасына қарағанда, бұл аймақшада ауа райының құрғақшылығы басым, жазы ыстықтау, топырақтың ылғалдануының тереңдігі шамалы (100-150см) болуына байланысты далалық шөптесін өсімдіктер жамылғысы селдірлеу қалыптасады. Топыраққа түсетін өсімдіктер қалдығы кемиді және олар қарқынды түрде минералданып, ыдырайды. Сондықтан бұл топырақтарда органикалық заттардың (қарашіріндінің) мөлшері және қарашірінді қабатының қалыңдығы кемиді.
Оңтүстік қара топырақ және кәдімгі қара топырақтардың негізгі ерекшеліктерінің бірі - олардың В2 қарашірінді тілдері қабатының жақсы дамып, айқын көрініп байқалатыны. Оның себебі Солтүстік Қазақстанның жазы ыстық, құрғақ, ал қысы қатты аязды болуынан топырақтың терең қабаттарға дейін жарылып, сол жарықшақтарға қарашірінді қабатынан топырақтың жылжып түсуі.
Оңтүстік қара топырақтар көтеріңкі жазық жерлерде, бетегелі-бозды шөптер тобы жымылғысы астында дамыған. Топырақ түзуші тау жыныстары элювий, элювийлі-делювий, көне дәуірдің аллювийі, лөс тәрізді құмбалшықтары және үштік кезеңнің балшықтары. Оңтүстік қара топырақтың құрылысы және қасиеттері кәдімгі қара топыраққа ұқсас келеді.Оның генетикалық қабаттары: Aш – A – В1- В2 – С.
Қарашірінділі А қабатының қалыңдығы орташа есеппен 24 см, жыртылып игерілген жерлерде 21-30см. Түсі күрең реңді қара-сұр болып келеді. Түйіртпектігі тың жерде кесекті, жыртылып игерілген топырақта шаңды-кесекті.
В1 қабатының қалыңдығы 16-29см, түсі қошқыл күреңнен сұр күреңге дейін өзгереді. Түйіртпектігі кесекті немесе әлсіз кесекті. А+В1 қабаттарының қалыңдығы 41-52см.
В2 қабатының қалыңдығы 19-33см, түсі біркелкі емес, қарашірінді тілдері айқын байқалады. Бұл қабат тығыздалған болып келеді, түйіртпектігі кесекті немесе тоңды кесекті.
Аралық ВС қабаты тығыздалған, карбонаттар мол жиналған.
Тұз қышқылы ерітіндісінен топырақтың қайнауы В1 қабатында немесе В2 қабатында байқалады. Карбонатты жаңа жарандылар ақ дөңгелек дақтар («ақ көздер») түрінде 40-60 см тереңдікте кездеседі.
Көзге көрінетін ғаныш кристалдары 150-200 см тереңдікте болады.
|
кешені негіздермен қаныққан, оның 70-90%
кальций иондары, 15-25% магний және 1-2% натрий иондарынан құралған.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы жоғары қабатта сәл сілтілі, ал тереңірек қабаттарда сілтілі болып келеді (34-кесте). Оңтүстік қара топырақтың физикалық қасиеттері жақсы. Қарашірінділі А қабатының тығыздылығы 1,0-1,16 г/см3, қуыстылығы 50-60%, ал В аралық қабатта тығыздылық 1,4-1,5 г/см3 дейін артып, қуыстылығы 40-50% дейін кемиді. Қатты бөлігінің тығыздылығы 2,30-2,45 г/см3 болып келеді (33-кесте). Бұл топырақтың қарашірінділі қабатында ең жоғарғы гигроскопиялық ылғал мөлшері 11,5-11,7%, өсімдіктердің солу ылғалдылығы көрсеткіші 14,1-16,8 %, табиғи ылғал сыйымдылығы 30,2-38,9% болады. Гранулометриялық құрамы жағынан оңтүстік қара топырақтардың құмды, құмайтты, құмбалшықты және балшықты түршелері кездеседі.
33-кесте. Оңтүстік қара топырағының физикалық қасиеттері (3)
Топырақ қабаты, см | Тығыздылығы,г/см3 | Қатты бөлігінің тығыздылығы, г/см3 | Жалпы қуыстылығы, % |
0-10 | 0,95 | 2,30 | |
10-20 | 1,02 | 2,35 | |
20-30 | 1,19 | 2,37 | |
30-40 | 1,26 | 2,37 | |
40-50 | 1,30 | 2,39 | |
50-60 | 1,35 | 2,44 | |
60-70 | 1,37 | 2,43 | |
70-80 | 1,44 | 2,42 | |
80-90 | 1,49 | 2,45 | |
90-100 | 1,54 | 2,45 |
Оңтүстік қара топырағының Қазақстан аумағында тараған тектері келесідей:
- кәдімгідей
- карбонатты
- кебірленген
- тереңнен қайнайтын
- фосфоритті
- жетілмеген
- әлсіз дамыған.
Солтүстік Қазақстан облыстарында әсіресе карбонатты оңтүстік қара топырақ кең тараған. Оның алып жатқан жер ауданы 3 млн 430 мың га. Кебірленген және кәдімгідей оңтүстік қара топырақ тектерінің ауданы тиісінше 2 млн 261 мың және 1 млн 430 мың га.
34-кесте. Оңтүстік қара топырақтың химиялық, физикалық- химиялық қасиеттері (37)
Кескіннің рет саны | Топырақ атауы, мекені | Үлгі алын- ған қабат, см | Қара-шірінді, % | Жал-пы азот, % | СО2,% | Алмаспалы сіңген катиондар, м-экв/100г | Су ерітіндісі, % | рН | Гранулометриялық құрам | |||||
Са | Мg | Nа | қосын-дысы | тұз қал- дық | сілтілі-гі | <0,01мм | <0,001мм | |||||||
Оңтүстік кәдімгідей қара топырақ, Павлодар облысы | 0-10 | 5,8 | 0,310 | жоқ | 20,9 | 3,5 | 0,2 | 24,6 | 6,4 | 42,2 | 21,6 | |||
20-30 | 2,3 | 0,170 | - | 17,4 | 3,5 | 0,2 | 21,1 | 6,5 | 42,3 | 28,8 | ||||
35-45 | 1,6 | 0,130 | - | 15,6 | 3,5 | 0,3 | 19,4 | 7,0 | 37,4 | 26,2 | ||||
70-80 | - | - | 4,5 | - | - | - | - | 8,4 | 29,5 | 23,6 | ||||
120-130 | - | - | 2,7 | - | - | - | - | 9,2 | 28,9 | 23,0 | ||||
190-200 | - | - | 2,2 | - | - | - | - | 9,3 | 27,1 | 22,7 | ||||
Оңтүстік кебірлен-ген қара топырақ, Қостанай облысы | 0-20 | 5,2 | 0,240 | жоқ | 19,0 | 3,0 | 0,1 | 22,1 | 0,046 | 0,019 | 7,0 | 28,9 | 15,6 | |
30-40 | 2,2 | 0,100 | - | 10,0 | 2,0 | 1,0 | 13,0 | 0,030 | 0,009 | 7,5 | 34,9 | 23,0 | ||
60-70 | 1,2 | 0,100 | 5,1 | 12,0 | 4,6 | 0,7 | 17,3 | 0,057 | 0,039 | 8,5 | 52,0 | 34,4 | ||
100-110 | - | - | 3,8 | - | 0,124 | 0,051 | 9,2 | 44,1 | 29,7 | |||||
140-150 | - | - | 0,9 | - | 0,429 | 0,026 | 8,2 | 22,6 | 15,1 |
Кәдімгідей оңтүстік қара топырағы тегінің морфологиялық белгілері, химиялық және физикалық қасиеттері жоғарыда сипатталып өткен оңтүстік қара топырағы типшесіне сәйкес келеді.
Карбонаттыжәне кебірленген тектерге жататын оңтүстік қара топырағының түзілу жағдайлары, қасиеттері, айрықша белгілері кәдімгі қара топырақ типшесінің осындай тектеріне ұқсас болып келеді.
Тереңнен қайнайтын оңтүстік қара топырағы тегі жеңіл гранулометриялық құрамды аналық тау жыныстары (құм, құмайт, кейде жеңіл құмбалшық) үстінде қалыптасады. Бұл топырақ тегінде карбонаттар және суда ерігіш тұздар топырақтың астыңғы қабаттарына шайылған болады. Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы және көзге көрінетін карбонаттар жиынтығы топырақтың ВС немесе С аналық тау жынысы қабатында байқалады. Осы топырақтың генетикалық қабаттарға жіктелуі әлсіз байқалады, қарашірінді қабаты созыңқы болып келеді. Қарашіріндінің мөлшері шамалы (1,5-3,0%) қоректік элементтердің де қоры аз. Гранулометриялық құрамы жеңіл болып келгендіктен және қарашіріндінің мөлшерінің аз болуынан бұл топырақтардың түйіртпектігі нашар болып, топырақты өңдегенде майдаланып, үгіліп жел эрозиясына тез шалдығады.
Фосфоритті оңтүстік қара топырағы тегі Ақтөбе облысында тараған. Олар фосфорға бай топырақ түзуші тау жыныстарында дамыған. Қарашірінді қабаты 30-40см, түсі біршама қоюланған қара-сұр. Топырақтың тік кескінінде фосфоритті қиыршық тау жыныстары үгінділері кездеседі. Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы қарашірінді қабатының астынғы жағында байқалады. Карбонаттардың шоғырлануы топырақтың 60-70см қабатында. Топырақтың үстіңгі қабатында қарашірінді мөлшері 5-6%, жалпы азот қоры 0,20-0,30 %. Бұл топырақтың химиялық ерекшелігі оның құрамында көп мөлшерде (1,3-6,0%) жалпы фосфор және жоғары дәрежеде жылжымалы фосфор (4000 мг/кг) мөлшерінің болуы (К.Ш. Фаизов, ж.т.б. 2001).
Жетілмеген оңтүстік қара топырағы Көкшетау қыраты, Орал үстірті және Мұғалжар таулары маңында кездеседі. Олар шоқылардың көлбеу беткейлерінде және шоқылар аңғарындағы көтеріңкі жазықтарда аралас шөпті-бозды-бетегелі өсімдіктер астында түзілген. Топырақ түзуші тау жыныстары шеміршекті-тасты құмбалшық. Олар саяз қабаттан кейін кездесетін тығыз негізгі тау жыныстары немесе олардың үгіндісі үстінде орналасқан.
Бұл топырақтардың морфологиялық ерекшелігі тік кескінінің яғни, топырақтың қалыңдығының саяз болуы. Оның қалыңдығы 40-80 см-ден аспайды. Сонымен бірге әр қабаттың қалыңдығы әлсіз және олар қиыршық тасты болып келеді. Қарашірінді А қабатының қалыңдығы 14-20 см, шаңды-кесекті, немесе шаңды түйіртпекті. В қабаты қалыңдығы (В1 және В2) 5-30 см. Химиялық және физикалық-химиялық қасиеттері толық дамыған топырақтардың қасиеттеріне жақын. Қарашірінді мөлшері 2-4%-дан 5-7%-ға дейін болуы мүмкін, жалпы азотттың мөлшері 0,30-0,50 %, алмаспалы сіңген негіздер 100 г топырақта 25-30 м-экв.
Бұл топырақтар шоқылардың беткейінде орналасқандықтан және қиыршық тасты болып келетіндіктен егістік жерге жарамсыз, сондықтан олар мал жайылымдары және шабындықтар ретінде пайдаланылады.
Әлсіз дамыған оңтүстік қара топырағы тегі Орал үстірті және Көкшетау қыраты өңірінің шоқылардың үстінде және тік беткейлерінде аралас шөпті-бозды-бетегелі өсімдіктер жамылғысы астында дамыған. Бұл топырақтардың айрықша белгісі – қалыңдығы 40 см-ден аспауы. Негізгі тау жыныстары 40 см тереңдіктен басталады. Топырақтың генетикалық қабаттарының қалыңдығы тым әлсіз және кейде кейбір қабаттар болмайды. Топырақтың тік кескінінде қиыршық тастар мол кездеседі. Көбінесе бұл топырақтар аз өнімді мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Шалғындық қара топырақ. Қара топырақ тараған аймақта ылғалдылығы мол ойпаттау, төменірек орналасқан, жер асты ыза су 3-5 м тереңдікте болатын немесе еріген қар суы жиналатын алқаптарда шалғынды қара топырақ типі түзіледі. Қазақстанның жазықтық жер аумағында осы топырақтар 1,6 млн.га ауданды қамтыған.Бұл топырақтың түзілуі жағдайының ерекшілігі олардың қара топырақ типіне қарағанда жақсы ылғалдық жағдайында және мол шалғындық аралас шөпті және далалық шөптесін өсімдіктер топтарының астында қалыптасуы болып саналады.
Шалғындық қара топырақтың құрылысы және басқа морфологиялық белгілері қара топырақ типіне ұқсас болып келеді. Бірақ бұл топырақтың қарашірінді қабатының түсі күңгірт қара-сұр немесе анық қара болады және бұл қабат өте жақсы дамыған. А+В1 қабаты қалыңдығы орташа есеппен 37-96 см-ге жетеді. Жеке А қабатының қалыңдығы 22-30 см, майда кесекті немесе кесекті түйіртпекті. В1 - аралық қабаттың қалыңдығы 40-60 см, кесекті немесе жаңғақша-кесекті түйіртпекті, тығыздалған болады. Бұл қабаттан кейін карбонаттар жиналған қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына ауысады. Осы қабатта темір тотығы және глейлену процесі белгісі дақтары кездеседі.
Шалғындық қара топырақтардың үстіңгі А қабатында қарашірінді мөлшері 5-10 %-ға дейін болады. Сонымен бірге азоттың және басқада қоректік элементтердің қоры мол. Катиондар сіңіру көлемі 100 г топырақта 30-50 м-экв. Топырақ ерітіндісінің реакциясы оның үстіңгі қабатында бейтарап, ал астыңғы қабаттарында сәл сілтіленген. Ғаныш және ерігіш тұздар топырақтың 1-1,5 м қабатында кездеседі.
Шалғындық қара топырақтардың табиғи құнарлылығы өте жақсы. Олардың басым көпшілік ауданы егістік жерге айналдырылып, игерілген.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 5137;