Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
Топыраққұралу жағдайлары.Орманды дала аймағының Қазақстандағыауданы 0,4 млн. га. Солтүстік Қазақстан облысының қиыр терістігінде, солтүстік ендіктің 550-нан жоғары орналасқан кішкене аумақты алып жатыр. Бұл Батыс Сібір жазықтығының оңтүстік бөлігіндегі Қазақстанның жазықтық жерінің ең салқын және ылғалды аймағы. Жер бедері ойпатты жазықтық болып келеді. Топырақ түзуші тау жыныстарының басым бөлігі төрттік дәуірдің аллювиалді көл құмбалшықтары. Климаттың басты ерекшеліктері келесідей: ауаның температурасының орташа жылдық көрсеткіші 0,40С шамасында; шілдеде +18+190, қаңтарда -18-210; топырақ 140-160см тереңдікке дейін тоңазыйды; ауаның белсенді температурасының қосындысы 2000-20500; жылына орташа есеппен 320-340 мм жауын-шашын түседі, булану 520-540мм. Көктемде топырақтың бір метр қабатында өсімдіктерге тиімді ылғал қоры 140-160 мм болады.
Өсімдік дүниесі ақ қайыңды, немесе көк теректі ақ қайыңды ормандардың және шалғынды даланың шөптесін өсімдіктері алмасып орналасуымен ерекшеленеді. Жер бетінің ойпатты келіп, әлсіз құрғатылуы себебінен топырақтың ылғалдылығы артып, шалшықтар мен батпақтардың пайда болуына байланысты шалғынды қара топырақтардың түзілуі де осы аймақта жиі кездеседі.
Топырақ жамылғысы құрылымы келесі топырақтардан қалыптасқан: сілтісізденген қара топырақ, шалғынды қара топырақ (аймақ ауданының 40% қамтиды); орманның сұр топырағы және шалғынды сортаң топырақ (20%); жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар (20%); кебірлер мен сортаң топырақтар (20%) қамтиды. Бұл аймақта суарылмайтын егіншілік дамып, егістікке жарамды топырақтардың барлығы игерілген.
Сұр ормандық топырақ Солтүстік Қазақстан облысының қиыр солтүстігіндегі орманды дала аймағында кездеседі. Алып жатқан жер ауданы шамалы -76 мың га. ТМД-елдерінде бұл топырақ типі 50 млн. га ауданда таралған. Осы елдердің барлық аумағының 2,3% құрайды. Осы топырақтардың дамуына мерзімді шайылмалы су құбылымы ықпалын тигізеді. Аналық тау жыныстары жеңіл гранулометрлік құрамды болып келеді (құм, құмайт және жеңіл құмбалшық).
Бұл топырақ көтеріңкі құрғақ жазықтар мен өзен аңғарларындағы ақ қайыңды–көк теректі және қарағайлы орман ішінде орманды–шалғынды аралас шөптер жамылғысы астында дамыған. Олардың өсімдік қалдықтарымен бірге топыраққа минералды элементтер мен органикалық заттардың мол мөлшері түседі.
Сұр ормандық топырақтың құрылысы және негізгі морфологиялық белгілері қасиеттері. Тың жерде оның үстінде Ад немесе Ао қабаты (дала немесе орман төсеніші) бар. Одан кейін орналасқан қарашірінді қабаты А1 – қарашірінділі және А1 А2–қарашірінділі–күлгінденген қабаттарға бөлінген. Одан соң А2В ауыспалы қабат, ал оның астында иллювиалді В қабаты және аналық тау жынысы С орналасқан. Яғни, құрылысы АО - А1 – А1А2 – А2В - В - С.
Сұр ормандық топырақтың А1 қабатының қалыңдығы 20-25см, түсі біркелкі сұр немесе қара сұр, түйіртпектігі әлсіз кесекті болып келеді. А1 А2 – қарашірінділі–күлгінденген қабаттың жаңғақты түйіртпекті түйіршіктері бетінде кремний тотығы себіндісі бар болып келеді.
Бұл қабат біртіндеп А2 В–ауыспалы қабатқа айналады. Оның түсі сұрғыш қоңыр, жаңғақты түйіршіктер бетінде кремний тотығы себіндісі бар. Иллювиальды В қабаты күрең түсті, түйіртпектігі оның үстіңгі жағында ірі жаңғақты, ал астына қарай призмалы болып келеді. Топырақтың астыңғы 150см тереңдігіндегі қабатында ұзынша дақтар, жалған мицелий күйінде карбонаттар жиналған.
Бұл топырақтың ерекшеліктері: біріншіден, оның үстіңгі қабатындағы қарашіріндінің мөлшерінің астына қарай күрт кемуі, ал астынғы қабаттарында біркелкі болып таралуы; екіншіден, оның үстіңгі қабаттарында кремний тотығы себіндісінің болуы және сіңіру кешені құрамында аздаған сутегі иондарының кездесуі әсерінен қарашірінді қабатының реакциясының қышқыл болып қалыптасуы.
Сұр ормандық топырақ үш типшеге бөлінеді. Олар: ашық сұр ормандық топырақ; сұр ормандық топырақ және күңгірт сұр ормандық топырақ.
Күңгірт сұр топырақтың физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлылығы ашық сұр және сұр топыраққа қарағанда жақсы болып келеді.
Қарашірінді мөлшері ормандық ашық сұр топырақтың үстіңгі қабатында 3-4%, сұр топырақта 4-6%, ал күңгірт сұр топырақта 6-7% болады.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 6644;