Курс бойынша емтихан сұрақтары

Келтірілген емтихан сұрақтары осы мамандықтың типтік және жұмыс бағдарламаларына сәйкес жасалған. Емтихан сұрақтарында есептеуге арналған тапсырмалар да бар.

· Статиканың негізгі ұғымдары мен анықтамалары.

· Статиканың аксиомалары.

· Байланыстар және олардың реакциялары.

· Жинақталған күштер жүйесі, оның тең әсерлі күшін анықтау.

· Жазықтықтағы жинақталған күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары.

· Кеңістіктегі жинақталған күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары.

· Параллель емес үш күш туралы теорема.

· Күштің нүктеге қатысты моментінің векторы және алгебралық моменті.

· Қос күштер және оның моментінің векторы.

· Қос күштер туралы теоремалар.

· Қос күштер жүйесінің тепе-теңдік шарты.

· Күшті параллель көшіру туралы лемма.

· Күштер жүйесінің бас векторы және бас моменті.

· Статиканың негізгі теоремасы.

· Жазық күштер жүйесі тепе-теңдігінің геометриялық шарттары

· Жазық күштер жүйесі.

· Қос күштердің алгебралық моменті.

· Жазық күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары (үш түрі).

· Таралған күштер және олардың тең әсерлі күшін анықтау.

· Денелер жүйесінің тепе-теңдігі.

· Сырғанау үйкелісі, үйкеліс еселігі, үйкеліс конусы, үйкеліс бұрышы.

· Сырғанау үйкелісі бар жағдайдағы тепе-теңдік шарттар.

· Домалау үйкелісі.

· Параллель күштер жүйесінің центрі, оның радиус-векторын және координаталарын анықтау.

· Дененің ауырлық центрі, оның радиус-векторын және координаталарын анықтау.

· Біртекті денелердің ауырлық центрін анықтау формулалары (көлем, аудан, ұзындық арқылы).

· Ауырлық центрін анықтау әдістері (симметрия, бөлшектеу, теріс массалар).

· Кейбір біртекті денелердің ауырлық центрлері.

· Нүкте қозғалысының берілу әдістері.

· Қозғалысы векторлық әдіспен берілген нүктенің жылдамдығын және үдеуін анықтау.

· Қозғалысы координаттық әдiспен берiлген нүктенiң жылдамдығын және үдеуін анықтау.

· Қозғалысы табиғи әдiспен берiлген нүктенiң жылдамдығын және үдеуін анықтау.

· Жанама және нормаль үдеулер (мәндері және бағыттары).

· Нүкте қозғалысының дербес жағдайлары – түзу сызықты, бірқалыпты, бірқалыпты айнымалы.

· Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы.

· Қатты дененiң айналмалы қозғалысы және оның негізгі кинематикалық сипаттамалары.

· Айналмалы қозғалыстағы дене нүктелерінің жылдамдығы мен үдеулерін анықтау.

· Қатты дененің жазық-параллель қозғалысы және оның негізгі кинематикалық сипаттамалары.

· Жылдамдықтарды қосу туралы теорема.

· Жылдамдықтардың лездік центрі.

· Дене нүктелерінің жылдамдықтарын және дененің бұрыштық жалдамдығын жылдамдықтардың лездік центрі көмегімен анықтау.

· Жазық-параллель қозғалыс үшін үдеулерді қосу туралы теорема.

· Нүктенің күрделі қозғалысы (салыстырмалы, тасымал және абсолют қозғалыстарды).

· Күрделі қозғалыстағы нүкте үшін жылдамдықтарды қосу туралы теорема.

· Күрделі қозғалыстағы нүкте үшін үдеулерді қосу туралы теорема (Кориолис теоремасы).

· Кориолис үдеуі.

· Материялық нүкте динамикасының негізгі заңдары.

· Еркін және еркін емес нүкте динамикасының негізгі мәселелері.

· Нүкте динамикасының бірінші негізгі мәселесін шешу.

· Нүкте динамикасының екінші негізгі мәселесін шешу.

· Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін интегралдау. Интегралдық тұрақтыларды анықтау.

· Күш импульсы.

· Материялық нүктенiң қозғалыс мөлшерi.

· Материялық нүктенiң қозғалыс мөлшерiнің өзгеруі туралы теоремалар.

· Нүктеге және өске қатысты кинетикалық моменттер.

· Нүктеге және өске қатысты кинетикалық моменттің өзгеруі туралы теоремалар.

· Нүктенің қозғалыс мөлшері моментінің санталу заңдары.

· Материялық нүктенің шектеулі орын ауыстыруындағы күш жұмысы.

· Материялық нүктеге әсер ететін кейбір күштердің жұмыстарын есептеу.

· Материялық нүктенiң кинетикалық энергиясы.

· Материялық нүктенiң кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема.

· Материялық нүкте үшін Даламбер принципі.

· Жанама және нормаль инерция күштері.

· Механикалық жүйе, оның массасы және массалар центрі.

· Сыртқы және ішкі күштер, жүйенің ішкі күштерінің қасиеттері.

· Дененің нүктеге және өске қатысты инерция моменттері.

· Дененің координата өстеріне қатысты инерция моменттері.

· Инерция радиусы.

· Кейбір денелердің өстерге қатысты инерция моменттері (сырық, жіңішке сақина, диск, цилиндр).

· Штейнер-Гюйгенс теоремасы.

· Жүйенің массалар центрінің қозғалысы туралы теорема.

· Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшерi.

· Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшерiнің өзгеруі туралы теорема (дифференциалды және интегралды түрлері ).

· Жүйенің нүктеге қатысты кинетикалық моменті.

· Жүйенің координаталар өстеріне қатысты кинетикалық моменттері.

· Механикалық жүйенің кинетикалық моментінің өзгеруі туралы теорема.

· Механикалық жүйеге әсер ететін кейбір күштердің жұмыстары (ауырлық күші, айналдыру моменті, домалау үйкелісінің моменті).

· Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы.

· Ілгерілемелі, айналмалы, жазық параллель қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы.

· Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема.








Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 1751;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.