Зерттелетін мәселе бойынша ғылыми зерттеулердің қазіргі жағдайын талдау

Жаңа технологиялар мен техникалық құралдарды қарқынды құру үдерісінде қызықтырып отырған ғылым саласындағы техниканың қазіргі даму жағдайы туралы білімнің толық әрі нақты болғаны өте маңызды. Осыған орай, ғалымдар мен инженерлік-техникалық жұмысшыларға қабылдауға ыңғайлы ақпаратпен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орынға шығады.

Заманауи әдістер мен құралдарды қолдануға негізделген ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, қарқынды іздеу және берудің жалпы мемлекеттік жүйесін дамыту міндеті өте өзекті болып табылады. ЭЕМ-мен адамның қатынасымен, компьютерлік жүйелерді құрумен байланысты, ғылыми пәннің бірнешеуін қамтитын, ғылыми танымның маңызды саласы ретінде информатика түсінігі қалыптасты.

Ақпарат – ғылымда және халық шаруашылығында пайдалану, сақтау және беру нысаны болып табылатын мәлімет.

Информатика – ғылыми ақпараттың құрылымы мен өзіндік ерекшеліктерін, сондай-ақ оны құру, түрлендіру, жинақтау, сақтау, беру және адам қызметінің түрлі салаларында пайдалану заңдылықтары мен қағидаларын, зерттейтін білім мен ғылым саласы.

Информатизация – ақпаратпен қамтамасыз ету үдерісі. Заманауи ақпараттық жүйелер ғылым ретінде информатиканың негізгі әдістері негізінде құрылады және жетілдіріледі, ғылыми зерттеу, техникалық жобалау, тіпті өндірістік үдерістерді автоматтандыру үшін негіз болып табылады.

Информатика кең таралған салаға қызмет етеді. Информатиканың негізгі міндеті, сондықтан да негізгі бөлімі болып ғалымдар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлерді заманауи ғылым мен техниканың жетістіктері туралы ақпаратпен қамту табылады.

Информатиканың негізгі белгісі – мекендік, бұның мәні информатизацияның әр кезеңі ақпаратты ол арнайы жинақталып, деректер базасына енгізілген белгілі бір пайдаланушыға уақытында жеткізумен айналысады. Жалпы ақпараттық жүйенің құрамында оның негізгі бөлігі – ғылыми білімді жинақтау, сақтау және адресатқа жеткізуге жауапты ғылыми коммуникация жүйесі ерекшеленеді.

Қазіргі таңда кітапхана жұмысын жетілдірудің негізгі бағыты жаңа білімді әзірлеушілер мен оны тұтынушылар (пайдаланушылар) арасындағы байланыстың жалпы жүйесіне қызмет көрсететін ЭЕМ қолдану болып табылады.

Стандартты түрде берілген ақпараттық мәлімет не қызмет ақпараттық өнім деп аталады. Ақпараттық өнімнің әр түрі өзінің ерекше технологиясымен қалыптасып, іске асырылады. Осыған орай ақпараттық жүйе арнайы және әмбебап болып бөлінеді.

Үлкен машиналды ақпараттық массивтер деректер базасы деген атау алды.

Ақпараттық жүйенің екі контуры бар: библиографиялық және фактографиялық.

Библиографиялық деректер базасы өз атауына сай келіп, ақпараттық жүйеде бар жарияланымдар, оларды орналастыру, олардың мекенжайы туралы мәліметтерді, библиографиялық деректерді қамтиды.

Фактографиялық деректер базасы тікелей кітап, мақала, патент және т.б. мазмұнын, яғни, дәйекті сипаттағы ақпаратты қамтиды.

Ақпараттық өнімді алу технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып қолданбалы бағдарламалар пакеті түріндегі сәйкес бағдарламалық қамсыздандыру табылады. Егер қолданбалы бағдарламалар пакеті тек бір ғана ақпараттық өнімге сәйкес келсе, ол мәселеге бейімделген топқа жатады, ал егер бағдарламалар пакеті бірқатар ақпараттық өнімге (тіпті түрлі қызмет салаларының өнімдеріне) сәйкес келсе, ол қолданбалы бағдарламалардың біріктірілген пакеті тобына жатады.

Заманауи ақпараттық жүйе техникалық құралдардан (ЭЕМ, көбейту құралдары, ақпаратты тарату құралдарынан), деректер базасынан және қолданбалы бағдарламалар пакетінен тұрады.

Деректер базасы және оларды құру мен пайдалану құралдары, яғни осы тілде қабылданған деректер базасын басқарудың бағдарламалық жүйесі – есептеу техникалары, технологиялар, атқарушы персонал, әдістері деректер банкі деген атауға ие болды. Осы арқылы пайдаланушы жүйеге тіркелген кез келген деректер банкіне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болатын, есептеу техникасы мен байланыс құралдарын біріктіретін біртұтас ақпараттық құрылымның техникалық негізі біртұтас ақпарат желісін құрайды. Ғылыми коммуникация жүйесінің әртүрлі деңгейі бар – олар – кітапхана және ақпараттық орталықтар арқылы дәстүрлі формалар және интернет сияқты ақпарат желілері.

Пайдаланушылардың нақты бір ақпараттық жүйеге талаптарын қалыптастыру мақсатында, яғни ақпараттық қамтамасыз ету тиімділігін арттыру мақсатында пайдаланушылардың талаптарының ағыны төрт санатқа жіктеледі:

- ғылыми зерттеу жүргізумен байланысты;

- жаңа технологияларды жобалау және механизация, электрификация мен автоматизацияның құралдарын әзірлеуге қажетті;

- жаңа технологиялар мен техниканы құру бойынша шешімді басқару үшін;

- халық шаруашылығының пропорцияларын, ғылым, өндіріс және қоғам дамуының жоспарларын, болашағын оңтайландырумен байланысты жоспарлы-басқару міндеттерін шешу үшін.

Ақпараттық қамтамасыз ету басқа ғылыми-техникалық құжаттар бойынша да жүзеге асырылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп – белгілі бір уақыт аралығындағы (әдетте бір жылдағы не аяқталған жұмыс бойынша) зерттеудің барлық нәтижелері баяндалатын негізгі ғылыми құжат.

Диссертация – тәжірибелі ғалымның жетекшілігімен орындалатын, ғылым кандидаты не докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылатын, өзекті ғылыми міндет не мәселенің жаңа шешімін қамтитын, өздігімен орындалған ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Диссертация аттестациялық комиссиясының арнайы талабына сәйкес орындалады.

Реферат (автореферат) – баяндалған материалдың мәнін түсінуге жеткілікті көлемде және формада жазылған, ғылыми-зерттеу есебі мазмұнының қысқаша баяндалуы (диссертацияда – автореферат).

Мақала (мәселен, техникалық журналдағы) – орындалған жұмыстың толық не бір бөлігінің нәтижелерінің, қорытындысымен не қорытындысыз, мәтіндік баяндалуы.

Аналитикалық шолу – қандай да бір тақырып бойынша жүйеленген деректердің мәтіндік баяндалуы.

Авторлық өнертабыс, патент сипаттамасы – жеке жарияланыммен, сондай-ақ жинақтарда басылатын ғылыми-техникалық ақпарат түрі.

Мәселе, сөздің кең мағынасында – шешуді, зерттеуді талап ететін күрделі теориялық немесе тәжірибелік сұрақ. Ғылымда мәселе – қайшылықты жағдай (мәселелі жағдай), ол қандай да бір құбылысты, нысанды, үдерісті түсіндіруде қайшылықты позицияда болады да, сәйкесінше ғылыми шешімді талап етеді.

Кез келген ғылыми зерттеу егер ғылыми мәселе қойылмаса мақсатсыз, зерттеу пәнісіз болып табылады. Қолда бар ғылыми білімнің шектеулігі мен оны әрі қарай дамыту қажеттігі арасындағы қайшылықты түсіну ғылыми мәселені дұрыс қоюды және қалыптастыруды негіздейді, бұл өз кезегінде зерттеудің нәтижесін қамтамасыз етеді.

Негізінен мәселені жоқ жерден жасамайды, ол өздігінен пайда болмайды, мәселе бізді қоршаған ортада, өмірде орын алады. Мәселені анықтау және нақты қалыптастыру керек. Мәселені қоршаған ортаны жақсы білетін инженер не ғалым онымен тығыз байланыста болғанда, ғылым мен өндіріс, қоғамның өзара байланысында оңай әрі дұрыс анықталады.

Көбіне жаңа, ғылыми мәселені дұрыс қою әрі анық қалыптастыру осы мәселені шешуден де маңызды болады. Мәселені дұрыс қалыптастыру үшін тек мәселелі жағдайды анықтап қана қоймай, оны шешуде мүмкін болар құралдар мен тәсілдерді айқындау керек.

Ғылымда мәселелі жағдайдың болуының өзі қолданыстағы ғылыми ережелер (заңдар, функциялар, үлгілер т.б.) мен қайта анықталған деректер арасында қайшылық бар екенін не теориялық ереженің толық әзірленбегенін немесе екеуінің де бірдей орын алғанын байқатады. Сөйтіп, ғылыми зерттеудің бастапқы позициясы мәселені қалыптастыру болып табылады, ол, жоғарыда айтылғандай, мәселелі жағдайды негіздейді.

Сонымен қатар, ереже бойынша, қолданыстағы білім мәселені қоюға, қалыптастыруға жеткілікті, ал оны шешуге жете бермейді. Мәселені шешу үшін жаңа білім қажет, ал ол ғылыми зерттеу нәтижесінде алынады.

Мәселені білу екі құрамдас бөліктен тұрады:

- құбылысты немесе үдерісті түсіндіруде қайшылықты позиция түрінде келетін қайшылықты жағдайдың объективті білімі, яғни мәселелі жағдайдың объективті қалыптасуы;

- анықталған мәселелі жағдайды шешу үшін жаңа білім алу мүмкіндігі туралы объективті білім.

Ғылыми мәселенің қалыптасуы екі кезеңге бөлінеді: мәселелі жағдайды анықтау және мәселені қалыптастыру.

Мәселелі жағдайды анықтау үдерісінде, алдымен, мәселенің және болжалды зерттеудің өзектілігін бағалау және негіздеу керек. Өзектілікті негіздей отырып, зерттеуші зерттеудің халық шаруашылығы үшін дер кезінде екендігін ескеріп, олардың мақсаттылығын, қажеттігін дәлелдеп, болжалды зерттеу нәтижесінің экономикалық тиімділігіне жалпы болжам жасауы керек.

Бұл кезде ол осы сұрақпен байланысты үш сауалға оң жауап алуы керек:

- қалыптасқан бағытта анықталған мәселелі жағдайды шешпей, оның технологиялық үдерісі мен механикаландыру құралдары мүмкін бе;

- анықталған мәселелі жағдайды шешу нәтижесінде алынатын жаңа ғылыми ережелер (заңдылықтар, математикалық үлгілер, тәсілдер және басқа да жаңа білімдер) осы саладағы ғылым мен техника жетістігінің қолда бар құндылықтарымен салыстырғанда үлкен құндылыққа ие бола ала ма;

Мәселелі жағдайдан туындайтын мәселені қалыптастыру – оны шешу бойынша зерттеу нәтижелеріне үлкен маңыз бен әсер ететін кезең, себебі дұрыс, терең болжаммен және сауатты негізбен қалыптастырылған мәселе зерттеудің анық мақсатын қоюға, сұрақтардың анық шеңберін анықтауға, зерттеу міндеттерінің, нысаны мен пәнінің анықтығына негіз болады, ал бұл өз кезегінде қалыптасқан мәселе шешімінің дұрыстығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Әр мәселе, соған байланысты оларды шешу бойынша зерттеу әдістері де әртүрлі болады, дегенмен заманауи әдіснама кез келген ғылым саласындағы мәселені қалыптастырудың үш негізгі қағидасын ұсынады:

- осы саладағы белгілінің және белгісіздің нақты мазмұны мен дәл шекарасын анықтау (жаңалық дәрежесінде қателеспеу және жалған мәселе қалыптастырмау үшін ғылым мен техниканың осы саладағы жетістіктерін жақсы меңгеру керек);

- қалыптастыратын мәселенің көлемі мен сипатын ғылыми әлеуеттің мүмкіндіктерімен (зияткер әлеует деңгейімен, зертханалық базамен, бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейімен т.б.) салыстыру;

- қалыптастырылған мәселені шешу бойынша сұрақтардың көлемі мен шеңберінің шектелуі (белгісіздің көлемі шексіз, сондықтан да мәселені шешуде табысқа жету үшін сұрақтар шеңберін саналы түрде шектеп, оларды қиындығына байланысты ең оңайынан бастап шешу керек).

Әр ғылыми жетекші үшін «жазылмаған заң» «максимализмнен» зардап шегетін аспиранттардың зерттеу көлемін шектеп отыру керек.

Ол кезде шешімі өз бетімен жеке аяқталған зерттеуді білдіретін сұрақтар тізімі қалыптасады.

Ауыл шаруашылығын механикаландыру саласында ғылыми мәселені қалыптастыру мысалы ретінде келесілерді келтіруге болады. Өсімдік шаруашылығын механикаландыру саласында мынадай мәселелі жағдай туындады.

Егіс жұмыстары (сүдігер жырту, жинау, егу және т.б.) өте созылыңқы жүргізіледі, бұл егін шығымын айтарлықтай төмендетеді. Мәселені трактор қуатын және ауылшаруашылық машинасының (соқа, сепкіш, түп кескіш) қармауыш енін ұлғайту жолымен машина-трактор агрегатының өнімділігін арттыру арқылы шешуге болады.

Алайда кең қармауышты нұсқада дайындалған, дәстүрлі тұтас қатты рамалы ауылшаруашылық машиналары егіс даласының мезорельефін нашар көшіреді немесе мүлдем көшірмейді. Бұл орындалатын жұмысқа деген агротехникалық талаптан айтарлықтай ауытқуға (берілген тұқымды салу тереңдігінен айтарлықтай ауытқу, топырақты өңдеу тереңдігінің айтарлықтай түрленуі, орғыш машинамен ору биіктігінің айтарлықтай өзгеруі т.б.) және егін шығымдылығын 27...37%-ға дейін төмендетуге (бірінші кезең – мәселелі жағдайды анықтауда) жол береді.

Суреттелген мәселелі жағдай былай қалыптастырылуы мүмкін: МТА өнімділігін арттыруға ұмтылу және қандай да бір егістегі операцияны орындаудың агромерзіміне сай келу ауылшаруашылық машинасының қармауыш енін ұлғайтуды талап етеді, бұл өз кезегінде мезорельефті көшіру үдерісін нашарлатып, егілетін дақылдың шығымын азайтуға әкеледі.

Туындаған ғылыми және халық шаруашылығындағы мәселелі жағдайды кең қармауышты, шарнирлі-бөлшектелген және модульді пайдаланылған ауылшаруашылық машиналарын құру және пайдаланудың жаңа бағытын жасау арқылы шешуге болады, бұл кезде оңтайлы ені бар әр үлгі басқасына қарағанда егістегі тегіссіздікті жақсы көшіріп, топырақты өңдеу және тұқым себу тереңдігіне қойылатын барлық агроталаптарды орындайды.

 








Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 7697;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.