Теориялық зерттеу міндеттері

Түрлі кезеңде ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудывң еңбек сыйымдылығы бірдей бола бермейді. Теориялық бөлік тұтас ғылыми зерттеудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеудің теориялық бөлігі ірі көлемді ой еңбегі шығынын талап етеді. Бұл аса үлкен шығармашыл кезең. Оның нәтижелеріне алға қойылған ғылыми міндет, мәселенің табысты шешілуі байланысты болады.

Теориялық зерттеулер зерттеу нысаны мен қоршаған орта арасындағы маңызды байланысты анықтауды, эксперименталды зерттеу нәтижелерін түсіндіру және жинақтауды, құбылыс, үдерістердің жалпы заңдылықтарын анықтау және қалыптастыруды мақсат етеді. Теориялық зерттеу міндеттері әр нақты жағдайда әртүрлі болады, алайда барлығына қандай да бір көлемде ортақ болып келетін төрт негізгі міндетті көрсетуге болады:

1. тікелей эмпирикалық. Экспериментті зерттеуге болмайтын немесе қиындық туғызатын нысанды зерттеу және заңдылықтарды, байланысты, үлгілерді қалыптастыру.

Ауылшаруашылық өндірісті механикаландыру саласында тікелей зерттеуге қол жетімсіз нысандар қазіргі таңда құралдық қамтамасыз ету әдіснамасының дамуы нәтижесінде барған сайын азайып келеді.

Алайда, қол жетімділігі шектелген зерттеу нысандары көп, мәселен, топырақ өңдейтін жұмыс органының топырақпен өзара әсері үдерісі нәтижесінде түренді-дөңес бетінің түрлі нүктесіне бір-бірінен көлемі және бағыты жағынан ерекшеленетін қарапайым реактивті күштер әсер етеді, бұл кезде олардың векторы өңделіп жатқан пластың тұрақсыз құрылымына байланысты уақытқа қатысты да тұрақсыз болады.

Сондықтан да мұндай және осыған ұқсас үдерістерді зерттеуді абстрактылы ойлау жолымен теориялық зерттеуден бастау керек.

2. Белгілі нысандарды зерттеу нәтижелерін зерттеудің сәйкес келетін (ортақ) бөлігін қайталамай, басқа ұқсас нысандарға тарату.

Мәселен, егіншілік механикасының классиктері, академиктер В.П.Горячкин мен Г.Н.Синеоков сынаның топырақпен өзара әсері теориясы құрылды. «Сына» әсері ауылшаруашылық өндірісін механикаландырудың көптеген үдерісінің негізінде жатыр, олар: топырақ өңдейтін жұмыс органының топырақпен әсері; соққы аппараты соққысының нан массасымен әсері; кескіш (уатқыш) аппараты сегментінің уатқыш массамен әсері т.б. соққының нан массасымен әсері заңдылығын анықтау кезінде негіз ретінде сына теориясы алынып, жұмыс шартына байланысты кеңейтіліп, жетілдіріліп, соққы аппаратының негізгі параметрлерін негіздеуге мүмкіндік беретін математикалық үлгі түрінде ұсынылды.

3. Эксперименталды зерттеу нәтижелерін жалпылау, өңдеу және жаңғырту жолымен жалпы заңдылықтарды табу. Бұған мысал ретінде эксперименттің оңтайлы жоспары нәтижесінде алынған және математикалық өңдеу мен нәтижелерін жалпылауға сәйкес келетін көпфакторлы үдерістерді сипаттайтын отклик функциясының регрессия теңдеуін атауға болады.

4. Шарт негізіне, өлшеу нақтылығы мен бақылау параметрнен тұратын экспериментті зерттеу нақтылығын негіздеу және сенімділігін арттыру.

 








Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 3859;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.