Зерттеу нәтижелерін ұсыну
Социологиялық зерттеудің қорытындысы есеп түрінде көрінеді. Есеп - директивті шешімдер мен монографиялар, ұжымдық жарияланымдар, кітаптар, жинақтар, мақалалар, диссертациялар және т.б. түріндегі әр түрлі материалдар дайындау үшін негізгі құжат болып табылады.
Есептің сипаты көбіне зерттеу типіне, атап айтқанда, ол ғылыми немесе қолданбалы мақсаттарға сәйкес жүргізілді ме, осыған байланысты болады.
Ғылыми мақсаттарға сәйкес жүргізілген зерттеулерде есеп жасаған кезде ең алдымен, проблеманың мұқият қойылуына, олардың тұжырымдық жағынан дайындалуына және зерттеу міндеттерінің құрылуына көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда проблеманың жасалуының жай-күйі және оған қолданылатын тұрғылар жеке қарастырылады. Есептің арнайы бөлімі методология проблемаларына - зерттеудің құралдар жиынтығын таңдау мен негіздеуге, іріктеу типологиясына, әлеуметтік ақпарат жинау әдістеріне арналады. Жеке бөлім түріндегі есепте алынған социологиялық зерттеу нәтижелеріне мазмұнды талдау жасалынады. Есептің осы бөлімі тәжірибелік нәтижелер мен нақтылы қорытындыларға жөн сілтеумен аяқталады.
Есептің қосымшаларына іріктеуді негіздеу және оның сапалы сипаттамаларын қоса барлық алдыңғы бөлімдердің ережелерін көрсететін материалдардан тұрады. Осында мәліметтерді жинау жүргізілген негізі әдістемелік материалдар, үлестірулер мен табулеграммалардың негізгі кестелері орналасқан.
Есептің осындай түріне “тапсырыс” зерттеулерінде де жол беріледі. Мұндай зерттеулер кезінде есеп дайындағанда ең алдымен тәжірибелік қорытындылар мен нақтылы ұсыныстарға көңіл бөлінуі тиіс. Сонымен қатар, тапсырыс беруші үшін есеп оған осы іс-әрекет аясының өзіне тән ерекшелігіне жауап беретін, яғни тапсырыс берушіге ыңғайлы, түсінікті болатын тиісті тілді білдіреді. Әдетте, толық есеппен қатар, орындаушы шешілетін міндеттердің негізгі мазмұны мен олардың жүзеге асырылу жолдарын көрсететін қысқартылған нұсқасын дайындайды.
Есепке қойылатын негізгі талаптар:
жүргізілген зерттеу объектінің барлық деңгейлерінің толық және терең бейнеленуі, оның барлық бөлімдерінің өзара байланыстылығы мен ғылыми ізденістің өз логикасы;
бағдарламамен жасалынған зерттеудің методологиялық аппаратын дәлме-дәл ұстану;
орындалатын рәсімдердің логикалық дәйектілігін көрсету, жинақтау жаңа білімдерді түсініктемелеу процесінде олардың әрқайсысының орыны мен рөлін көрсету, социологиялық фактіні түсініктемелеу эмпирикалық мәліметтер мен теориялық негіздеулерді реттеудің барлық орындалатын операцияларын айқын белгілеу маңызды;
зерттеуге тартылатын барлық ұйымдарды, нұсқаулық кадрлар құрамы мен оларды дайындау тәртібін, зерттелетін бірліктер мен сипатын, формасы мен әдістерін көрсету қажет. Материалды жинауды ұйымдастырудың өзін тура көрсетіп, қосымшада зерттеуде пайдаланылатын құжаттардың барлық үлгілерімен таныстыру маңызды. Сонымен қатар, зерттеуші есепте ақпаратты кодтау жүйесі мен оны машиналық өңдеудің пайдаланылған әдістерінің дұрыс көрсетілуіне көңіл бөледі.
Зерттеу ұсыныстары:
Кез келген есептің міндетті компоненті есептік мәліметтерді талдаудан шығатын негізгі ұсыныстар тізімін білдіретін ұсыныстарды дайындау болып табылады. Ұсыныстар аса мақұлданған сипатта болады және оларға тек ғылыми немесе тәжірибелік іс-әрекетке жатқызылатын нәрсе ғана енгізіледі.
Есептерді дайындау:
Есепті техникалық дайындау үшін бірыңғай стандарттар жоқ. Сонымен бірге, зерттеу ұйымдарының іс-әрекет тәжірибесінде есепттерді ұсынудың белгілі бір стандарттары қалыптасқан. Әдетте, социологиялық зерттеудің тапсырыс берушілеріне техникалық және талдамалық деген екі есеп ұсынылады.
Мысал: Техникалық есеп.
Социологиялық зерттеу нәтижелерін ұсынудың халықаралық тәжірибесінде (әсіресе ол маркетингтік зерттелерге қатысты) есеп Power Poіnt графикалық бағдарламасын пайдаланумен берілуі тиіс деген бір стандарт бар.
Мысал: Есепті Power Poіnt-та дайындау.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 4729;