Файлды сақтау
Кестемен жұмыс істегенде, біз жаңа бақылауды енгізу немесе жаңа өзгермеліліктерді жасау, сондай-ақ мәліметтерді түзету болсын, оған белгілі бір өзгерістер мен қосымшалар енгізе аламыз. Кестені мәліметтер файлына барлық өзгерістермен әрі қарай жұмыс жасауға сақтау үшін менюде мынаны таңдау қажет.
Fіle
Save Data
Сол жақтағы екінші батырманы басып, құралдар панелін де пайдалануға болады. Өзгертілген мәліметер файлы алдынғы нұсқадан жоғары сақталып, жазылады.
Жұмыс сеансы аяқталар алдында, егер файл сақталмаса, SPSS әрқашан “файлдегі өзгерістерді сақтау қажет екенін” (ия немесе жоқ) еске салады.
Жұмыс файлын ашу
Әр жолы SPSS-тегі жұмыс сеансына кірісерде жұмыс файлын ашу қажет. Ол үшін негізгі менюдің келесі командаларын орындау керек:
Fіle
Open
Data
Жоғарыда атап көрсетілген командаларды орындаудың нәтижесінде Open Data Fіle диалогтық терезесі ашылады (мәліметтер файлын ашу). Осы терезеде керек ететін файлдың аты таңдалады және осы терезенің OK батырмасы басылады немесе ашылатын файлдың атына тышқанның сол жақ пернесіне екі қайтара шерту жасалынады, ол тура сол нәтиже беретіні белгілі.
Файл туралы ақпарат
SPSS-тің мәліметтер файлында қарапайым өңделмеген мәліметтерден әлденеше көбірек мәлімет бар. Онда өзгермеліліктерді анықтау туралы белгілі бір ақпарат бар, ол мыналардан тұрады:
өзгермеліліктер аттары;
өзгермеліліктер форматы;
өзгермелілік сипаты;
Айналымдағы мәліметтердің жұмыс файлы жөнінде анықтама алу үшін менюде мынаны таңдау керек:
Utіlіtіes (қызмет көрсету).
Fіle Іnfo (файл туралы ақпарат).
Мәліметтер файлы туралы ақпарат Қорытынды навигаторында көрсетілетін болады.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1546;