Кіріспе. Негізгі және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау жабдықтары.

Нан пісіру өндірісінің технологиялық жабдықтары мен олардың жіктелінуі. Ұн сақтауға арналған сыйымдылықтар. Қоректендіргіштер. Ұнды өндіріске дайындау жабдықтары.

Қазіргі кезде нан пісіру өндірістері 2 түрге бөлінеді: Нан зауыттары және шағын наубайханалар. Нан зауыттары – бұлар механикаландырылған және нанның кең тараған түрлерін көп мөлшерде шығаратын өнеркәсіпті айтамыз. Шағын наубайханалар – бұлар өндіріс орындарында нанның бір немесе аздаған түрлерін пісіреді. Нан пісіру және макарон өндірісінің технологиялық процесстері сәйкес келетін бірқатар жақтары бар. Олар – шикізатты өндіріске дайындау, қамырды араластыру және қалыптау, дайындаманы жылумен және гигротермиялық өңдеу. Маңыздылығына байланысты барлық жабдықтар технологиялық, транспорттық, энергетикалық, санитарлы - техникалық және қосымша болып бөлінеді.Технологиялық жабдықтар мынадай топтарға жіктеледі:

1. Негізгі және қосымша шикізаттарды сақтауға, өндіріске дайындауға арналған жабдықтар.Бұған ұнды қоймада ыдыссыз сақтау және өндіріске дайындау жабдықтары жатады.

2. Компоненттерді мөлшерлейтін жабдықтар. Бұған су және сұйық компоненттерді мөлшерлеу сусымалы компоненттерді мөлшерлеу жабдықтары.

3. Қамыр және жартылай фабрикаттарды дайындау қондырғылары. Бұған қамыр мен ашытқыны дайындайтын қамыр араластырғыштар, сонымен қатар макарон өнімі үшін де қамыр араластырғыштар жатады..

4. Қамыр мен ашытқыны ашыту қондырғылары. Бұған нан зауытында қолданылатын қамыр дайындайтын агрегаттары жатады.

5. Қамырды бөлшектеу жабдықтары. Бұған қамыр бөлгіштер, қамыр домалақтаушы агрегаттар жатады.

6. Қамыр дайындамаларын пішіндеу машиналары.Бұған қамыр домалақтаушы, ораушы және пішіндеу машиналары жатады.

7. Қамыр дайындамаларын толықсыту, реттеу және орнықтыру жабдықтары.

8. Қамыр дайындамаларын кептіру және пісіру жабдықтары. Бұған нан өнімдерін пісіретін арнайы пештер, сонымен қатар макарон өнімдерінде қолданылатын кептіруші қондырғылар жатады.

9. Дайын өнімді тасымалдау, сақтау және буып түю қондырғылыры.








Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 6075;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.