Сурет. Қайнату қазандығы.
Әбден пісіретін (уваривания) жылан түтікті үздіксіз жұмыс істейтін аппараттар.Шәрбаттарды және рецепт бойынша қоспаларды әбден пісіру әр түрлі типті жылан түтікті үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда жүзеге асады. Аппараттар жылан тәрізді түтіктердің санымен, дайын өнім үшін жинақтағышпен және қайнату бөлімі мен вакуум-камерасының өзара орналасуына байланысты өзгешеленеді.
Вакуум камерасы бөлек бірыңғайлы вакуум аппарат(2-сурет). Аппарат көлемді қақпағы 8 бар пісірілген цилиндрлі қазандықтан 1 тұрады. Жоғарғы бөлігіндегі жанынан штуцер 2 арқылы 0,7-0,8 МПа қысыммен қыздырылған бу беріледі. Штуцер 10 арқылы конденсат шығады, ал краннан 12 өнім шығады. Бу кеңістігінде қыздырылған бу мыстан жасалған жылан түтікті 3 бойлайды. Жылан түтіктің төменгі бөлігі фланец 11 арқылы шәрбат кіретін насоспен бекітілген, ал жоғарғы бөлігі фланец 4 көмегімен байланыстырушы құбырмен 5 бекітілген. Құбырдың 5 екінші бөлігі вакуум-камерамен 18 байланысқан. Аппаратқа шәрбат немесе рецептуралық қоспа ішкі спиральдармен жоғары қарай, одан соң байланыстырушы құбыр арқылы сыртқы спиральдармен жылжиды. Әбден пісірілген жартылай фабрикат құбырмен 5 көтеріліп, оның жоғарғы бөлігінен әбден пісірілген масса вакуум-камераға 18 ағады. Масса астында клапаны 22 бар мысты конусқа жиналады. Масса суып қалмас үшін конус жылан түтікпен 21келетін бумен қыздырылады. Құбырдан карамель массасымен бірге вакуум-камераға келетін бу мен ауа құбырмен 20 конденсатор арқылы шығарылады.
Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 3361;