Сурет. Шнекті қоректендіргіш
1 - электроқозғалтқыш, 2-байланыстырушы муфта, 3-подшипник, 4-қабылдаушы құбыр, 5-шнек, 6-құбыр, 7-аэрация камерасының төменгі бөлігі, 8-компрессордан келетін ауа жеткізуші құбыр, 9-микросаңылаулы бөгет(перегородка), 10-аэрокамераның жоғарғы бөлігі, 11-форсунка, 12-өнім өткізгіш құбыр, 13-бұранда, 14-ауа құбыры;
Шнекті қоректендіргіштің ерекшелігі: эксплуатация кезінде сенімді және қарапайым, герметикалығы жоғары. Өнімділігі-2...5т/сағ; 8...12т/сағ; 25 т/сағ.-дейін;
Шнекті қоректендіргіштің кемшілігі: габариттік өлшемдері үлкен және көп қуат көзін қажет етеді.
Аэрозольтранспортты құрылғыларды есептеп, жобалау үшін тасымалданатын өнімнің түрін және мөлшерін білу қажет, өйткені бір линия бір ғана өнімді тасымалдауға арналған. Аэрозольтранспортты қондырғыларды есептеуде қажетті параметрлер жүйедегі жалпы қысым шығыны, қажетті ауа мөлшері, материалөткізгіш диаметрі және ауа үрлеуші машинаның жетек қуаты.
Жүйедегі жалпы қысым
∑∆p=∆p1+∆p2+∆p3;
мұндағы: ∆p1 - материал өткізгіштегі қысым шығыны; ∆p2 – материалды қозғалтуға кететін қысым шығыны; ∆p3 – қоректендіргіштегі кететін қысым шығыны;
Линияға кететін толық ауа шығыны V=KВ·VВ;
мұндағы: KВ – қажетті ауаның саңылаудан шығып кету мөлшерін ескеретін коэффициент; VВ – линиядағы есеп бойынша кететін ауа шығыны;
Материалөткізгіш диаметрі мына формуламен анықталады:
d= ;
мұндағы: VК – тасымалдаудағы соңғы бөлігіндегі ауа шығыны, м3;
Ауа үрлеу машинасының электроқозғалтқыш қуаты:
N= ; мұндағы: - ауа үрлеу машинасының ПӘК; - беріліс ПӘК; pН – қажетті сығымдау қысымы;
Ұнды өндіріске дайындау қондырғылары.Ұнды өндіріске дайындау негізінен бірінен соң бірі жалғасатын үш операциядан орындалады: араластыру, елеу және темір қоспалардан тазарту.
Араластыру – бұл әр партиядан келетін ұнның нан пісіру сапасын теңестіру үшін қажет.Ол қоректендіргіштер немесе бункердің астында орналасқан мөлшерлегіштер көмегімен жүзеге асады.
Елеу – сусымалы шикізатты екі фракцияға бөлетін (өтпе және түспе) механикалық процесс болып табылады. Ұнды, қантты елеу үшін електері жазықты немесе барабанды машиналар қолданылады. Електердің жұмыс істеу тиімділігіне елеуіштердегі саңылаулар мен пішіні, жасалынған материалы мен қозғалыс жылдамдығы, параметрлері сонымен қатар сусымалы өнімнің құрамы әсер етеді.
Ұнды темір қоспалардан тазарту – хромды металдан жасалған тұрақты магниттердің көмегімен жүзеге асады. Магниттерді елеуіштерден шығатын өнімнің шығу құбырына орналастырылады. Магниттердің тиімді жұмыс істеуі үшін полюстер аймағынан өтетін ұн қабаты 8мм – ден, ал жылдамдығы 0,5 м/с – тан аспауы тиіс.
Лекция
Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 3114;