Сурет. Соңғы кептіру Б6-ЛМВ
Тоннельде өнім салынған бастундарды кептіргіш бойымен қозғалтатын бес айдарлы транспортерлер 6 орналасқан (4-сурет).
Өнім салынған бастундар бір транспортерден одан төменірек екіншісіне шынжырлы алып-салғыштар 7 көмегімен ауысады.
Айдарлы транспортерлердің жұмысы олардың Б6-ЛМВ алдын-ала кептіргішіндегі жұмысқа ұқсас.
Тоннель ұзындығы бойынша үш кептіру аймақтарына бөлінген, олардың арасында ылғалсыздандыру камералары орналасады. Кептіру камераларында кептіргіш ауаның қозғалысы үшін бүйір және жоғарғы каналдар 11 болады. Әр камерада екі центрден тепкіш желдеткіш 2 (бір және екінші жағынан) және қырлы құбырлы сулы калориферлердің екі секциясы 5 орнатылған: бірінші аймақта – екінші және үшінші, төртінші және бесінші ярустардың арасында, екінші және үшінші аймақтарда – бірінші және екінші, үшінші және төртінші ярустар арасында.
Желдеткіштер бесінші (төменгі) айдарлы транспортерде орналасқан өнімдер арқылы өткен ауаны сорып алып, бүйір каналдар арқылы жоғары қарай жібереді. Бұл жерден ол бірінен соң бірін барлық ярустардағы өнімдерді жоғарыдан төмен қарай үрлей отырып, және калориферлерде жылытылып кептіргіш камераға бағытталады.
Таза ауа кептіргішке ылғалсыздандыру камераларының қабырғаларындағы тесіктер 1 арқылы сорылады. Пайдаланылған ауа тесіктер 8 арқылы бөлмеге шығарылады. Тесіктердің 1 және 8 заслонкалары автоматты түрде ашылып-жабылады.
Кептіргіштің соңында екі осьтік желдеткіш 9 орнатылған, олар ауаны бөлмеден сорып алып, оны калориферлер 10 арқылы айдайды да, кептірілген өнімдері бар бастундар шығатын жерден кептіргішке ауаның кіруін болдырмайтын ауалы завеса жасайды.
Кептіргіш камераның төменгі бөлігінде бос бастундарды өлшеуге қайтаратын шынжырлы транспортер 4 орналасқан. Су буларының конденсациясын болдырмау үшін кептіргіштің астында ыстық су өтетін арнайы құбырлар жүргізілген.
Кептіргіш ауаны температурасы мен ылғалдылығы кептіргіште берілген жағдайда автоматты реттеу жүйесінің көмегімен бір қалыпта ұсталып отырылады. Ауаның темпертурасы мен ылғалдылығын визуалды бақылап отыру үшін кептіргіш камераларда психрометрлер 3 қарастырылған
Лекция
Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 3045;