Амыр ашыту жабдықтары. Қамыр илеу жабдықтары. Қамыр бөлшектеу жабдықтары.
Ашытқы қамырды қамыр илеу машинасында немесе жеңіл илеу машинасында дайындайды. Оның негізгі мақсаты алынған ұнды, ашытқыны және суды жақсылап біркелкі қоспа болғанша бұлғап араластыру. Сонда жентектелген заттар қалмау керек. Оның біркелкілігі араластыру мерзіміне байланысты.
Егер қамыр ашытқы қамырсыз бір сатылы тәсілде иленетін болса, қамырды біркелкі болып иі қанғанша илеу керек. Сонда қамырды жеке бөлшектеп, оған пішін беру, жетілдіру процестері жақсы болады.
Қамыр илеудің алғашқы кезеңінен – ұнның сумен, ашытқымен, тұзбен қосылуынан бастап, қамырдың ішінде белгілі процестер жүре бастайды. Оның ішінде негізгі процестерге оның физика-механикалық, биохимиялық және коллоидтық процестері негізгі орын алады. Осы кезден бастап-ақ микробиологиялық ашытқы және қышқылдандыру бактерияларының өсіп-өну процестері бастала береді.
Ұнның ұсақ қиыршықтары суды өзіне сіңіріп бөртеді де, олар бірімен бірі желімделіп қамырға айналады. Осы қызметі ақуыздан, судан тұратын желімше атқарады. Ақуыздар суды өте көп сіңіріп, желімшеге айналады да, барлық жеке бөлшектерді біріктіреді. Олардың ішінде көптеген ковалентті т.б. химиялық байланыстар пайда болады. Олар қамырдың құрамында жұқа қабырғалы торкөздер құрады. Олардың негізгі желімшелері. Міне осылар қамырдың физика-химиялық қасиеттерін қалыптастырады.
Қамырдың құрамындағы желімше, оның жуып бөліп алғандағы желімшеден біраз өзгеше болады. Олардың құрамында су тапшылау келеді. Оның құрамында /қамырдың құрамында/ басқа да крахмал т.б. заттар көп болады. Сонда да осы ақуыздар өздерінің салмағынан екі есе суды көп сіңіріп, жақсы бөрте алады.
Ұнның, қамырдың құрамында крахмал өте көп,. Оның механикалық зақымданбаған молекулары өз салмағымен салыстырғанда тек 44 процент қана су сіңіреді, ал зақымданған, угітілген крахмал молекулалары болса 200 процентке дейін сіңіре алады да, жақсы бөртеді. Бұлармен қатар, ондағы кебектің /қарапайым ұнды/ өзі де суды жақсы сіңіреді. Міне осы крахмал мен клетчатка қамырдың қатты заттары деп аталады. Олар қамырдың солқылдақ болу қызметіне қатынасады.
Ұнның құрамында суда еритін пентозандар – шырыштар болады.. Олар өзінің салмағынан 1500 процентке дейін су сіңіріп, бөртіп, қамырға, нанға, әсіресе қара нанға ерекше бір шырыштық сезім білдіреді.
Қамырдың ішінде ылғалдың бір бөлігі басы бос сұйықтық түрінде дек ездеседі. Олар ақуызбен өзіндік байланыста болады. Осы қатты, сұйық фазалармен қатар, қамырдың ішінде газ да /газ фазасы да/ болады. Ол қамыр илегенде, доғалағанда ішіне кіретін және ол ашығанда пайда болатын көмірқыщқыл газы.
Сондықтан қамырды дисперсті әр түрлі /қатты, сұйық, газ түріндегі/ заттардан тұратын күрделі жүйе /система/ деп санайды. Олардың жиынтығы қамырдың физика-механикалық қасиеттеріне өздерінің әсерін тигізеді.
Осы қамырдың ішінде күрделі биохимиялық процесстер де жүріп тұрады.
Қамырды илегенде оған әсер ететін механикалық әрекеттер де желімшенің сұйылуын тездетеді. Ол әсіресе осал ұннан қамыр илегенде оны тез сұйылтады. Егер қамыр ұзақ және қарқындата иленсе, онда ол жұмсарады, ал осал қамыр сұйылып та кетеді. Сондықтан әр қамырдың өзіндік илеу мерзімі жеке тағайындалады. Күшті қамыр қарқындата ұзақ илеуге шыдамды, ал осал қамырды қысқа мерзімде илеу керек.
Н.Ф.Гатилиннің үлкен шанақты қамыр дайындау агрегаты. 1 - қара ұннан сұйық ашытқы немесе бидай сұйық ашымалын дайындайтын дежа. 2 - бес бөлімнен тұратын шанақ; 3 - мөлшерлегіш; 4,5 – егер қара ұннан қамыр илеу керек болса, соған арналған араластырғыш /сместитель/; 6,7 - насостар; 8 - Қамыр илейтін дежа; 9 - шанақтың бөлімдері;
Бұл агрегат қою және сұйық ашытқы қамырды пайдаланып немесе ашытқы қамырсыз бидай және қара бидай ұнынан қамыр илеуге арналған.
Үлкен көлемді қою ашытқы қамыр. Үлкен көлемді ашытқы қамыр деп барлық қамыр илеуге алынатын ұнның 65-70 процентін сұйық ашытқы қамырға қосып дайындалатын ашытқы қамырды айтады.
Сұйық ашытқы қамырды барлық керекті ұнның 25-30 процентін пайдаланып дайындалады. Оның ылғалдылығы 65-70 процент болады, ал сұйық тұздалған ашытқы қамырға 0,6 процент тұз салынады. Осы сұйық ашытқыларды ХЗМ-300 маркалы аппаратта дайындалады.
Кейбір зауыттардан қамырды ашытқы қамырсыз бірден ашытқы салып илейді. Онда Х-26А және И8-ХАГ-6 шанағы бірнеше бөліктерге бөлінген агрегаттарда иелейді.
Қамыр бөлшектеу машиналары.Иленіп ашыған қамырды 1…2%- тік дәлдікпен жекеленген бөлшектерге бөлу қажет. Бұл процесс үшін қамыр бөлшектеу машиналары пайдаланылады.
Қамыр бөлшектеу машиналарының жіктелуі әр түрлі болады. Солардың бірі (Лисовенко А.Т. ұсынған) төмендегі 1 суретте берілген.
Поршенді сығымдағышы және бөлу барабаны бар қамыр бөлшектеу машиналарына маркалары CD, XTD, PMK, Кооператор, Мультимат, Парта, Универсал және басқа машиналар жатады.
Қалақты сығымдағышты бөлшектеу барабаны бар, машиналар қатарына A2-XTH машинасы жатады.
Білікті сығымдағышты машиналарға маркалары XDB, PT-2-PMK, XЛC-9 және басқа машиналар жатады.
Жаймалау білікшелері бар білікті сығымдағышты машиналар қатарына ФЛТВ, Гефра машиналары жатады.
Шнекті сығымдағышты машиналарға XMФ-M2, Кузбасс және басқа машиналар жатады.
Шнекті сығымдағышты бөлу барабаны жоқ машиналарына ХДР, Роботер машиналары жатады.
Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 10457;