Сурет 1.8 – сурет

1.7 – сурет.Сығымдағышы білікті, жылжытып әкететін құрылғысы және бөлу басы бар қамырбөлгіш. 1-қабылдау шанағы; 2-сығымдаушы біліктер; 3-қалыптаушы барабан; 4-барабан қабырғасы; 5-айналмалы кесуші пышақ;

1.8 – сурет.Сығымдағышы бұрандалы және бөлу басы бар қамырбөлгіш. 1-жылжымалы қосарланған өлшемді поршень; 2-бөлу басы; 3-сығымдаушы бұранда (шнек); 4-қабылдау шанағы;

 

 

2 – сурет. РМК-60 қамырбөлгіш машинасы;

Пішіндеу машиналарын жіктеу.Пісірілетін нан түрлеріне байланысты қамыр дайындамаларына әр түрлі пішін беру керек. Бұл пішіндердің түріне байланысты жұмырлау(домалақтау), жаймалау және т.б. машиналар болады.

Бұл машиналар өздерінің құрылымдары бойынша былайша жіктеледі: Цилиндрлі тасушы және спиральді пішіндеуші беттері бар қамыр домалақтау(жұмырлау) машиналары (1.а-сурет). Бұл машиналар массалары 0,8...2,0 кг қамыр бөлшектерін домалақтауға арналған. Мұндай машиналардың пішіндеу беттерінің ұзындығы 4,5 м дейін жетеді. Дөңгелектеу машинасы жылжымалы жасалынып цех ішінде кез келген жерге орналатылады. Дөңгелектеу уақытын қамыр бөлшектерін цилиандрдің кез келген жерінен салып өзгертуге болады. Бірақ мұндай машиналардың кемшілігі ондағы қамыр бөлшектерінің жеткіліксіз айналуына байланысты пішіндерінің домалақ болмауында.

Тасымалдау беті конус тәріздес ал оның сыртында конусты спиральдары бар қамыр дөңгелектеу машиналары (1.б-сурет). Бұл машиналарда массалары 0,4...1,8 кг қамыр бөлшектері дөңгелектенеді. Конус бетінің сыртына бір немесе екі спиральді пішіндеуші орган бекітілуі мүмкін. Мұндай машиналар қатарына “Бойкор Перкинс”, “Американ Фаунди” (АҚШ), “Викарс” (Англия), “Вернер унд Пфляйдерер” (ГФР), “Гостол” (Югославия) және басқалар жатады.

 

 

3-сурет. Қамыр дайындамаларын пішіндеу машиналарының схемалары а, б, в, г, д, е – қамыр домалақтау машиналары.








Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 3292;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.