Мөлшерлегіштердің жіктелінуі

Мөлшерлегіш:

1. көлемдік – а)үздіксіз жұмыс істейтін

– б)дискретті(порциялап)жұмыс істейтін

а)үздіксіз жұмыс істейтін: -барабанбы

-тарелкалы

-шнекті

-таспалы

-дірілдету арқылы

 

2. салмақ(таразылап) бойынша– а)үздіксіз жұмыс істейтін

– б)дискретті(порциялап)жұмыс істейтін

а)үздіксіз жұмыс істейтін: - таспалы

б)дискретті(порциялап)жұмыс істейтін: - шөмішті

 

Барабанды мөлшерлегіш.ДП типті барабанды мөлшерлегіш өнімді көлем бойынша мөлшерлеу үшін қолданылады. Мөлшерлегіш корпусында барабан 10 айналып тұрады. Білікке отырғызылған жұлдызшаларда 13 өнімді өлшейтін ұяшықтар жасалған. Олар білікке солай бекітілген, ұяшықтардың ұзына бойы қабырғалары бір-біріне сәйкестенбейтін әр түрлі жазықтықта орналасқан. Бұл мөлшерлеу дәлдігін көтереді және өнімнің үздіксіз берілуін қамтаматсыз етеді. Барабан бір айналғанда ұяшықтардан көлемі жағынан бірдей өнім түседі.

Өнімнің физикалық құрамына байланысты жұлдызшалар әр түрлі пішінді болып келеді:

А – астық шикізаттарын мөлшерлеу үшін.

Б – жұмсақ өнімдер үшін

В – сусымалдығы нашар өнімдер үшін

Г – рецептке аз мөлшерде қажетті өнімдер үшін

Сурет-1. 1-корпус; 2-кулиса; 3-бұранда(винт); 4-қол ұстағыш; 5-шатун; 6-храпты дөңгелек; 7,8 - иіндер; 9-клапап; 10-барабан; 11-қопсытушы; 12-білік; 13-жұлдызша;

Дөңгелек ыдысты (тарелкалы) мөлшерлегіш. Сусымалдығы нашар компоненттерді мөлшерлеу үшін қолданады. Жұмысшы органы болып жай жүрісті білікке 1 қондырылған дөңгелек ыдыс 2, редуктор және пышақ болып табылады. Дөңгелек ыдыспен қозғалатын өнімді тұрақты бұрышта қыру үшін пышақтың пішіні логарифмді спиральді болып келеді. Пышақтың мұндай пішіні дөңгелек ыдыс 2 бетінен өнімді біркелкі алуды және оның мөлшерлеу дәлдігін көтереді. Мөлшерлегіш үстінде орналасқан бункерден өнім қабылдаушы құбырға 3 түседі.

Өнім тұрып қалмау үшін және тарельге бір қалыпты түсу үшін тарельмен бір осте айналатын ворошитель 4 қарастырылған.

Тарельден қырғышпен өнім ауыстырылмалы клапаны бар бункерге түседі, онда екі бағыттың бірінен (құрама жем зауытының тасымалдаушы механизміне немесе мөлшерлегіштің өнімділігі анықтауға қажетті сынама алу үшін шығарылады.)

Сурет 2. 1-білік; 2-тарель; 3-патрубок; 4-ворошитель; 5-манжета; 6-беріліс; 7-шестерня; 8- тісті дөңгелек; 9-жұлдызша; 10-червякты беріліс;

 

Қабылдаушы құбырға 3 көтеріліп түсетін жылжымалы манжет 5 кигізілген, яғни манжет пен тарель арасындағы сақиналы саңылауды реттейді. Манжетті 5 бұру үшін арнайы механизммен байланысқан шынжырлы беріліс 6 қарастырылған. Жетекші білікте тісті дөңгелекті 8 айналдыру үшін қол ұстағыш орналасқан. Мөлшерлегіштің өнімділігі тарельге өнім түсетін сақиналы саңылаудың еніне және тарельдің айналу жылдамдығына байланысты.

Тарелькалы мөлшерлегіштің өнімділігі мына формуламен анықталады:

Q= 16,16Vnγ

Мұндағы:

V- бір айналымда тарельдің бетінен пышақпен айналатын өнімнің көлемі, м³;

n- тарельдің айналу жиілігі, айн/мин;

 

Өнім қабатының биіктігі мен манжеттің диаметрін ескере отырып, өнімнің көлемін (м³) былай анықтауға болады.

V=h²/tgα(πd/2+h3tgα);

мұндағы:

h- сақиналы саңылау биіктігі;м

α- мөлшерленетін өнімнің еркін құлайтын бұріші;

d- жылжымалы манжеттің диаметрі,м;

tgα=h:в;

в- пышақпен алынатын сақиналы өнімнің ені;

в=(D-d):2;

Д- тарельдегі конустың іргесінің диаметрі,м;

Онда (кг/с) Q=h²nγ/tgα(πd/2+h/3tg);

Дисктен лақтырылатын өнімнің қозғалыс жылдамдығы (м/с) V=2πRon/60;

Ro – айналатын тарельдің өсімен сақинадағы ауырлық радиалды қиманың ортаның арасындағы ара қашықтығы;

n – дисктің айналу жиілігі

 

 








Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 3929;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.