Пішіндеу машиналарының құрылымдары

“Гостол” дөңгелектеу машинасы төмендегі 2.2-суретте кқрсетілген. Машина төртбұрышты 2-станинаға орнатылған. Станина ішінде редукторы бар жетекші электрқозғаушы және жеке жетегі бар желдеткіш бекітілген. Желдеткіш спираль мен конус беттеріне жылы ауа береді. Станина 1-роликтерге, ал оған 3-басқару пункті орнатылған. Конустың сыртында төрт 5-тіректерге 6-пішіндеу спиралі оратылып бекітілген. Спираль беттеріне тефлон жапсырылған. Қамыр бөлшектерін өңдеуге кететін уақытты реттеу үшін конустың сыртына үш жерден қабылдау қондырғыларын бекіткен.

Конустың жоғарғы жағында 7-ұн себу құрылымы бар. Оның тербелмелі жетегінің арқасында ұнның біркелкі төгілуі қамтамасыздандырылған.

 

4-сурет.Маркасы Гостол қамыр дөңгелектеу машинасы. 1-ролик; 2-арқау; 3-басқару пульті; 4-конус; 5-тіректер; 6-спираль; 7-ұн себу механизмі.

 

Конусты тасымалдау органы бар ал оның ішінде пішіндеу спиралі орнатылған қамыр дөңгелектеу машиналары (1.в-сурет). Машина массалары 0,1...1,2 кг қамыр бөлшектерін өңдеуге арналған.

Мұндай машиналар қатарына маркалары ХТО, Т1-ХТН, және Т1-ХТС ТМД елдерінде шығарылатын машиналар жатады. Сонымен қатар мұндай машиналарды АҚШ-тың АМФ, Дей, Чемпион, Унион, Жапонияның Фуйисава фирмалары шығарады.

Төмендегі 1.3-суретте Т1-ХТН машинасы көрсетілген. Машинада массалары 0,2...1,1 кг қамыр бөлшектері домалақталынады. Машинаның 4-корпусының ішінде 2-электрқозғаушы, екі сатылы белдікті беріліс және 3-червякті редуктор орналастырылған. Қуысты 5-білікке 1-пішіндеуші спираль мен 10-ауа жеңі бекітілген. Бұл жеңнен машина ішіне жел беріледі, сондықтан қамыр бөлшектері пішіндеу немесе тасымалдау беттеріне жабыспайды.

Спиральді 8-диск пен 9-саусақша арқылы білік бойымен айналдырып бекітуге болады, ал 7-винт арқылы спираль мен тасымалдау бетінің арасындағы саңлауды реттеуге болады.

 

 

5-сурет. Т1-ХТН қамыр дөңгелектеу машинасы

1-орам тісті дөңгелек білік; 2-электрқозғаушы; 3-орам тісті редуктор; 4-коррпус; 5-қуысты білік; 6-қабылдау шанақшасы; 7-бұранда; 8-табақша; 9-саусақша; 10-жең; 11- пішіндеу спиралі; 12-құбыр.

Қамыр бөлшектері машинаға 6-қабылдағыш шанақ арқылы түсіріледі. Машина ішіне берілетін ауа 10-жеңге 11-құбыр арқылы жеткізіледі. Маркалары ХТО, Т1-ХТС машиналары жоғарыдағы машинадан өздерінің өлшемдерімен ғана өзгешеленеді, ал конструкциялық ерекшеліктерімен жұмыс істеу тәртібі бірдей.

Таспалы тасымалдау және пішіндеу беттері бар қамыр домалақтау машиналары. Бқл машиналар массалары 0,5...2,5 кг қамыр бөлшектерін өңдейді. Мұндай машиналар қатарына ГФР-ның “Вернер унд Пфляйдерер” фирмасы мен Венгрияның “Эльген” фирмасының машиналары жатады.

Машина (6-сурет) 3-көлбеу станинаға бекітілген. Станина екі 2- және 4-тірек бағаналарына тіреледі. Алдыңғы бағанда екі 1-роликтер, ал соңғы бағанда 5-штифтер бар. Тасымалдау беті болып 6, 8-таспалы транспортерлар есептелінеді.

1 2 3 4 5 6 7 8

 

6-сурет. Маркасы Эльген қамыр дөңгелектеу машинасы.

1-ролик; 2, 4-тіректер; 3-арқау; 5-штифт; 6-транспортерлар; 7- пішіндеу беті.

 

Олардың айналу бағыттары әр түрлі. Пішіндеу ролін де осы транспортерлар мен 7-қозғалмайтын бет атқарады. Машина жетегі электрқозғаушы мен червякті редуктордан тұрады. Олар екі тірек бағаның ішінде. Машина жұмысы 9-редуктор, 10-Гук шарнирі арқылы 11-біліктің айналуынан басталады. Жетекші барабандар 14-шынжыр арқылы жалғасқан. Диаметрлері әр түрлі 14 және 14-жұлдызшалардың көмегімен конвейерлер әр түрлі жылдамдықпен қозғалады.

 

 

Таспалы қамыр пішіндеу машиналарының қатарына TOOS машинасы да жатады.

Таспалы жазық бетті тасымалдау органы мен сфералық пішіндеу органы бар машиналар. Мұндай машиналарда (3.д-сурет) сфералық пішіндеу органы жазық бетте айналады да белгілі бір периодта көтеріліп астындағы қамыр бөлшектерін босатады. Ол массалары 0,01...0,15 кг қамыр бөлшектерін домалақтауға арналған, жазық бетті транспортер үстінде бірнеше сфералар орнатылады.

Айналмалы барабанды және цилиндр табанды тасымалдаушы, пішіндеуші органдары бар қамыр өңдеу машиналары (3.е-сурет). Транспортер таспасы барабан ұяларында орналасқан қамыр бөлшектерін пішіндеуге және олардың жылдамдықтарының әр түрлі болуына байланысты қамыр бөлшектерін айналдыруға арналған. Бұл машиналар массалары 0,04...0,12 кг дайындамаларды өңдейді.

Лекция

Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды мөлшерлеу жабдықтары. Олардың жіктелінуі және түрлері. Сусымалы өнімдерге арналған салмақтап мөлшерлеуші машиналар. Автоматты дискретті жұмыс істейтін салмақтап мөлшерлеуші машина. Сүйық компоненттерге арналған мөлшерлегіштер.

Мөлшерлегіш жабдықтар – бірлік уақытта қажетті мөлшердегі сусымалы өнімді бір қалыпты жеткізу үшін қолданылады.

Құрама жем өндірісінде, нан және макарон өндірісінде, ұн зауыттарында тарту партиясын дайындауда, астықты мөлшерлегенде және буып-түю бөлімінде сортты ұнды қалыптастыру үшін қолданылады.

 








Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 4191;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.