Галактикалар шоғырлары. Әлемнің ірімасштабты құрылымдары

Галактикалар да Әлемдегі ең ірі құрылымдар болып табылмайды екен. Жұлдыздар сияқты, галактикалар да бірнеше мүшеден (галактика топтары) жүздеген және мындаған мүшені (галактика шоғырлары) кіргізетін құрылымдарды түзеді. Мысалы, біздің Галактика Андромеда тұмандығымен және 30 жуық кіші галактикалармен бірге галактикалардың Жергілікті тобын құрайды, оның өлшемі ~0,8 Мпк. Ең жақын көршілес галактикалар топтары Жергілікті топтан 2-5 мпк қашықтықта орналасқан. Біздің Галактикадан 10-20 Мпк көп емес қашықтықта ондаған мұндай топ табылған.

Бізге ең жақын галактикалардың ірі шоғырлануы Бикеш шоқжұлдызында, бізден 20 Мпк жуық қашықтықта орналасқан. Оған 7 алып эллипстік және 10 зеңгір шиыршықты галактика кіреді. Оған кіретін жарқырауы жоғары және орташа галактикалардың жалпы саны 200 жуық, олардың шамамаен үштен бір бөлігі – эллипстік жіне линзатәрізді, қалғандары – шиыршықтылар (бұл осы шоғырланудың ерекшелігі, басқа шоғырларда әдетте эллипстік пен линзатәрізді галактикалар басым болады, ал шиыршықты галактикалар өте аз болады). Бикештегі шоғырлану одан да ірі галактикалар жүйесінің орталық қоюлануы болып табылады екен. Ол галактикалардың Жергілікті тобы мен оның көршілерін де кіргізеді және Жергілікті асашоғырлану деп аталады. Одағы галактикалардың жалпы саны 20000 жуық (ергежейлілерді еске алмағанда), диаметрі 60 Мпк жуық. Галактикалардың ондаған ірі шоғырланулардан құрылған басқа да ондаған асашоғырланулар табылды, бірақ олармен қатар жеке де, деңгейі жоғары ұжымдарға кірмейтін галактикалар шоғырланулары болады.

Асашоғырларда галактикалар біртексіз орналасқан екен: олар іштерінде галактикалар өте аз болатын ұяшықтар шекаралары бойымен жиналғандықтай болады (яғни созылыңқы асашоғырлар бір бірімен қиылысып, ұяшықтар қабырғаларын тізетіндей болады). Сөйтіп, қазіргі заманғы түсініктер бойынша, Әлемге ұялы, кеуекті құрылым тән. Ал ұяшықтардан ірі құрылымдар Әлемде жоқ екен, яғни олармен Әлем құрылымдарының иерархиясы үзіледі. Ұяшықтар өлшемінен көп масштабтарда қарастырылатын Әлем құрылымсыз болып табылады. Сонымен, үлкен емес масштабтарда, мысалы Күн жүйе, немесе галактикалар масштабтарында, өте бірқалыпсыз үлестірілген, бірақ асашоғырлар өлшемдерінен көп масштабтарда зат бірқалыпты улестірілген деп айтуға болады. Сөйтіп, Әлемнің ірімасштабты құрылымында ерекше, бір нәрсемен айырылатын орындар мен бағыттар жоқ болады, яғни ірі масштабтарда Әлем біртекті және изотропты болып табылады. Әлем құрылымының моделі ретінде кеуешек кесекті алуға болады: аз көлемінде ол өте біртексіз, ал тұтастай алғанда, ол біртекті жіне изотропты болып табылады.

 


ОСЫМША








Дата добавления: 2015-05-16; просмотров: 2227;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.