Мәліметтерді енгізу
Мәліметтерді енгізу - бұл кесте ұяшықтарын алғашқы ақпаратта орын алған сандармен толтыру болып табылады. SPSS-те мәліметтерді енгізуге арналған (SPSS Data Edіtor) арнайы қосымша бар екенін еске алуымыз қажет. Сонымен бірге, мәліметтер редакторының өзі олардың енгізілуін кез келген ретте - бақылау немесе өзгермелілік бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы енгізу технологиясы төменде көрсетіледі.
Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін мыналар қажет:
маус (мышь) және пернетақтадағы стрелкалар арқылы қажетті ұяшыққа тұру;
мәліметтер енгізу жолына қажетті мәнді енгізу;
Enter пернесін немесе пернетақтадағы стрелкалардың біреуін басу енгізудің орындалуын аяқтайды, оған еншілі ұяшыққа енгізілетін мәліметтердің пайда болуы дәлел болады. Бұл операция енгізілетін бақылаулар мен өзгермелілік кестелер қиылысында орналасқан барлық ұяшықтардың толтырылуына дейін қайталанады. Сонымен бірге, мынаны ескеру қажет:
егер мән бағанға кесте шекарасынан тыс енгізілсе, онда автоматты түрде өлшемдері бар жаңа өзгермелілік жасалынады және барлық бақылауларға жүйелі өткізілген мәндер беріледі;
егер мән кесте шекарасынан тыс жолға енгізілсе, онда автоматты түрде жаңа бақылау жасалынады және барлық өзгермелілік (жаңа ғана енгізілгеннен басқа) жүйелі өткізілген мәнге ие болады.
Сандық өзгермеліліктерді енгізген жағдайда белгіленген көлемнен асатын тұтас мәндер енгізіледі, бірақ мәліметтер редакторы оларды экранда “жұлдызша” (*) нышанымен көрсетеді.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1985;