Машинажасау зауытын жобалау бойынша жалпы ұсынымдар

Машинажасау кәсіпорны құрылымы мен қызметі шығарылатын өнімнің құрылымының күрделілігіне және әртүрлілігіне, оны өндірудің технологиялық процесінің сипатына және өндіріс көлеміне тікелей тәуелділікте болатын аса күрделі мекемені білдіреді.

Кәсіпорынды жобалау кезінде бір мезгілде өзара тығыз байланысты экономикалық техникалық және ұйымдастырушылық міндеттерді әзірлейді және шешеді; әрбір техникалық шешім экономикалық негізделген және белгілі бір ұйымдастырушылық түрде іске асырылуы керек.

Экономикалық міндеттерге бұйымдардың, олардың көлемімен, салмағымен, құнымен номенклатурасын көрсетумен кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын орнату; кәсіпорын қайдан шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен, отынмен, электр энергиясымен, сумен және газбен қамтылатынын анықтау; кәсіпорынның ең тиімді географиялық орналасу нүктесін анықтау және таңдау; өнімнің өзіндік құнын және шығындардың тиімділігін анықтау және т.б. жатады.

Техникалық міндеттерге шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеу технологиялық процесін жобалау, жұмыс уақытының қажет қорын және қажет жұмыс күшін анықтау, негізгі өндірістік және көмекші жабдықтың санын іріктеу және есептеу, тұтынылатын шикізаттың, материалдардың және отынның көлемін, сонымен қатар, барлық энергия түрлерімен (электр қуаты, газ, су, бу, сығылған ауа) кәсіпорынды қамтамасыз ету көлемі мен амалын анықтау, көлік, жарықтандыру, жылыту, бас жоспарды әзірлеу, цехтерді сыртқы және ішкі жоспарлау, жабдықты орналастыру, өлшемдерді анықтау, ғимараттардың типтері мен түрлерін таңдау, олардың конструкцияларын әзірлеу және т.б.

Ұйымдастырушылық міндеттерге зауытты, оның бөлімдері мен цехтерін басқару құрылымын әзірлеу және бөлімдер мен әкімшілік-техникалық персоналдың жеке лауазымдық тұлғалары арасында өзара байланысты орнату және қызметтерді бөлу, еңбекті ұйымдастыру бойынша сұрақтарды әзірлеу, тапсырыстың өту тәртібін орнату, жұмыскерлерге қызмет көрсету және жұмыс үшін жағымды жағдайларды құру жатады.

Машинажасау зауыттарын жобалау кезінде өндірісті мамандандыру және кәсіпорынды кеңінен кооперациялау үлкен мәнге ие. Сериялық және көпшілік өндірістің ірі зауыттарында тұрақты кестесі кезінде тасымалдардың тиімді жүйесі артық.

Машинажасау зауыттарында қолданылатын көліктік құралдар материалдардың, шикізаттың және бұйымдардың жүк тиеусіз орын ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етулері керек. Сонымен, құю цехтерінен күйген жерді алып тастау үшін құбыр жүргізу көлігін және аспалы жолдарды алдын ала қарастырады, механикалық, механикалық-құрастыратын және темір соғу цехтерін қалдықтарды автосамосвалдарда, ал қалдықтардың шағын көлемдері кезінде арбалармен немесе автожүктеушілермен шығарады.

Аралықтан аралыққа жүктерді жеткізу арнайы арбалармен іске асырылады, машинажасау зауыттарының цехтерінде көпірлік крандар, арқалық крандар, тельферлер, тальдар және т.б. кең қолданыс тапты. Олар арбаларда, табандықтарда әртүрлі жүктердің тиелуін, түсірілуін, көшірілуін іске асырады.

Көліктің түрлері бойынша тасымалдардың үлестік көлемінің мысалы ретінде цехаралық маршруттарда ВАЗ, ЗИЛ, ГАЗ және АЗЛК (8.1-кесте) автозауыттарын келтіруге болады.

 

8.1-кесте Тасымалдардың көлемдерін бөлу

Көліктің түрлері Жалпы көлемге тасымалдардың үлесі, %
  ВАЗ ЗИЛ ГАЗ АЗЛК
Теміржол - -
Автомобильдік
Арбалармен тартқыштар -  
Электрлік арбалар - 5,5 -  
Конвейерлер 4,5
Пневмо және гидрокөлік - -
 

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде цех ішіндегі көлік үшін кеңінен қолдану ұсынылады:

- құрастыру желілерінде – еден үсті конвейері және аспалы конвейері;

- көпшілік және ірі сериялы өндірістерде даналап шығарылатын жүктерді тасымалдау – жүк әкелуші және итергіш типті аспалы конвейерлер;

- құрал-саймандарды, дайындама бөлшектерді және басқа да ұсақ жүктерді тасымалдау үшін – үздіксіз және үзікті әрекет ететін, соның ішінде автоматтық бағыттаумен аспалы және еден үсті конвейрлері;

- Құмдарды және құрғақ абразивті емес сусымалы және шаңы көрінетін материалдарды тасымалдау – пневмокөлік, ал қалыптық топырақ үшін – таспалы конвейерлер;

- механикалық-құрастыру, механикалық, құрал-саймандар цехтерінің арасында автомобиль көлігі, автокарлар, электр арбалары.

Қыздырылған құймалардың салқындауы жүргізілетін құю цехтерінің соғу бөлімдерінде, сонымен қатар, темір соғатын престік және термиялық цехтерде пневматикалық шиналарда көліктік құралдарды қолдануға рұқсат етілмейді.








Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 1706;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.