Уаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
Дала аймағының оңтүстігіне шектесіп орналасқан қуаң дала мен шөл далада қара-қоңыр топырақ типі дамыған. Бұл аймақтың жер ауданы 90,4 млн.га. Қазақстан жер аумағының 33,2% қамтиды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр
ТМД елдерінде қара-қоңыр топырақтар және олардың кебір топырақтармен кешендері 107 млн. га жерде тараған (барлық жер аумағының 5% құрайды). Бұл топырақтар Украина және Молдова мемлекеттерінің оңтүстік бөлігінде, Ресейдің Еділ өзені ағысының орталық және төменгі бойындағы жерлерде, Құлынды даласында, Орталық Сібірде және Байкалдың арғы бетінде, Азов және Қара теңіздер жағалауында, Шығыс Кавказда кездеседі. жатыр.
Топырақ құралу жағдайлары. Қара-қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт) аймағы 480 және 520 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан.
Топырақ құралу жағдайларыныңтопырақ түзуші экологиялық факторлардың кейбір өзгешеліктерінің болуына байланысты аймақ үш аймақшаға бөлінеді. Олар: күңгірт қара-қоңыр топырақты қуаң дала; нағыз қара қоңыр топырақты қуаң дала; ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала (шөлейт).
Күңгірт қара-қоңыр топырақты қуаң дала аймақшасы аймақтың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы 27,7 млн.га.
Аймақшаның батыс бөлігіндегі Жалпы Сырт, Орал және Торғай үстірттерінің жонды, адырлы-бұдырлы жазықтарында аналық тау жыныстары карбонатты балшықтар мен лөс тәрізді құмбалшық болып келеді. Сарыарқа төңірегінде аналық тау жыныстары элювиалды-делювиалды шеміршекті тастақ, құмбалшық пен құмайт, кейде ғаныш бар балшықтар, ал Ертіс өңірі жазықтығында-көне дәуірдің құмы, құмайты және жеңіл құмбалшығы.
Ауа райы бұл аймақшада құрғақ және күрт континенталды. Қысы аз қарлы, суық, жазы құрғақ, жылы. Жыл ішінде 240-280мм жауын-шашын түседі, оның 55-60% жылы мезгілде жауады. Ылғалдың булануы жауын-шашын мөлшерінен 4 есе көп. Жазда құрғақшылық және аңызғақ құбылыстары жиі байқалады. Ауаның белсенді температура қосындысы 2300-26500. Гидротермиялық коэффициент 0,5-0,7, ылғалдылық коэффициенті 0,3-0,35.
Табиғи өсімдік дүниесі ксерофитті астық тұқымдас және шамалы мөлшерде тараған аралас шөптерден құралған (боз, бетеге, қазтабан, келлерия т.б.). Баянауылдың аласа таулы өңірінде және Наурзым-Аманқарағай аңғарларында қарағайлы, қайыңды-қарағайлы ормандар кездеседі.
Нағыз қара-қоңыр топырақты құрғақ дала аймақшасы сипатталып отырған аймақтың орта бөлігінде орналасқан. Қазақстанның Батыс бөлігінде аймақшаның ені 40-100км болса, Шығысында ол 150-225км-ге дейін жетеді. Бұл аймақша Каспий маңы ойпатының, Орал үстіртінің, Мұғалжар аласа тауларының, Торғай үстіртінің, Сарыарқаның және Ертіс өңірі жазықтығының біраз бөлігін қамтиды. Аймақшаның ауданы 24,3 млн.га. Литологиялық-геоморфологиялық құрылысы топырақ түзуші тау жыныстары күңгірт қара-қоңыр топырақ аймақшасына ұқсас. Климатының континенталдығы және құрғақшылығы артып, өсімдік дүниесі кедейлене түседі. Бір жылда түсетін жауын-шашын мөлшері 230-250мм, оның 70% жылы мезгілде түседі. Ауаның 100С асатын температуасының қосындысын 2500-29000. Гидротермиялық коэффициент 0,4-0,6 ылғалдану коэффициенті 0,3 шамасында. Қуаңшылықтың байқалуы жиілі 50% болады.
Табиғи өсімдік дүниесі жусанды-бетегелі-бозды шөптер тобынан құралған. Ертіс өңірі жазықтығының құмдарында жолақты-қарағайлы ормандар қалыптасқан.
Аймақшаның негізгі топырағы нағыз қара-қоңыр топырақ. Ол аймақша ауданының 50% алып жатыр. Сонымен бірге нағыз қара-қоңыр топырақтың кебірлермен жиынтығы да мол тараған. Олар топырақ жамылғысының 40% құрайды. Ойпатты және тұзды аналық тау жыныстары бар жерлерде шалғынды нағыз қара-қоңыр топырақтар, кебірлер мен сор топырақтар кездеседі.
Аймақшада мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысу мүмкіндігі бар.
Ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала аймақшасы.47030/-50030/ солтүстікендіктер аралығында орналасқан. Ауданы 38,4млн. га. Батысында Каспий маңы ойпатының солтүстігінен басталып шығысында Алтай және Тарбағатай таулары бөктерлеріне дейін созылып жатыр.
Каспий маңы ойпатының жер бедері аллювиальді теңіз жазықтары, ал топырақ түзуші тау жыныстары тұзданған балшықтар және ауыр құмбалшықтар. Орал және Торғай үстірттері маңының жер бедері адырлы-бұдырлы жазықтықтар және аңғарлармен сайлардан құралған. Аналық тау жыныстары карбонатты балшықтар және құмбалшықтар. Сарыарқа төңірегінде бұдырлы жазықтықтар мен ұсақ шоқылар және аласа таулар орналасқан. Аналық тау жыныстары элювиалды–делювалды шеміршекті, қиыршық тасты құмбалшық, кейде құмайттар.
Климатының континентальдылығы батыстан шығысқа қарай арта түседі. Ауадан түсетін ылғал жылына орташа есеппен 180-210 мм. Ауаның белсенді температурасы қосындысы 2600-31000. Ылғалдану коэффиценті 0,2-0,3.
Өсімдік дүниесі негізінен жусанды–бетегелі шөптер тобынан құралған. Олармен қатар шамалы түрде қараған, баданалы қоңырбас, бәйшешек кездеседі.
Топырақ жамылғысы негізінен кебірленген ашық қара-қоңыр топырақтармен кебірлерден тұратын кешендерден құралған. Ойпатты жерлерде шалғынды, шалғынды-қара-қоңыр, кебір және сор топырақтар кездеседі. Топырақ жамылғысы құрылымы ауданының 63,3% ашық қара-қоңыр топырақ, 20,2% кебірлер, 5,2% - жартылай гидроморфты, 4,0% гидроморфты, 1,6% - сор топырақтар және 1,2% - құмдар алып жатыр.
Аймақшада қуаңшылық жағдай аса дамығандықтан дәнді-дақылдар өнімділігі өте төмен. Сондықтан бұл аймақшада мал шаруашылығын дамыту басты бағыт болуы тиіс.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3662;