Ара-қоңыр топырақтың типшелері, қасиеттері

Күңгірт қара-қоңыр топырақдамыған аймақшаның ауданы 27,7 млн.га. Қара-қоңыр топырақ аймағының солтүстік бөлігінде, оңтүстік қара топырақ типшесімен шекаралас орналасқан. Бұл қара-қоңыр топырақтардың ішіндегі құнарлылығы, физикалық, химиялық қасиеттері жағынан ең бағалысы болып келетін топырақ. Қасиеттері, морфологиялық белгілері жағынан қарағанда оңтүстік қара топыраққа ұқсас болып келеді.

Кәдімгідей күңгірт қара-қоңыр топырақ жазықтарда, көне террасаларда, шоқылар арасындағы жазықтарда, шоқылар баурайында кездеседі. Бұл топырақтардың түзілуіне тереңде жатқандықтан ыза су ықпал жасамайды. Өсімдік жамылғысы бозды-бетегелі шөптесін өсімдіктер мен қуаңшылыққа төзімді мардымсыз аралас шөптерден құралған.

Бұл топырақтың А қарашірінді жиналатын қабатының қалыңдығы 18-27см, бір тектес күңгірт қара-қоңыр түсті, түйіртпектігі кесекті, шаңды-кесекті болады. Тың жерде бұл қабаттың үстінде қалыңдығы 3-6см болып келетін АШ - дала киізі қабаты орналасады.

В1 - қарашірінділі аралық қабаттың қалыңдығы 12-24см, түсінің күрең реңі айқын байқалады. Тығыздылығы А қабатына қарағанда арта түседі, кесекті түйіртпекті. Жалпы А+В1 қарашірінді қабатының қалыңдығы 34-45см-ге жетеді.

В2 - қарашірінді тілдері қабаты қалыңдығы 11-31см-ге жетеді, біркелкі емес қошқыл күрең түсті, тығыздалған, біркелкі кесекті, призмалы кесекті немесе жаңғақша түйіртпекті болады.

Тұз қышқылы ерітіндісінен топырақтың «қайнауы» 30-40см тереңдікте, ал карбонаттардың дақтары 35-45см тереңдікте байқалады. Карбонаттардың мол жиналған ВК иллювиалды қабат 45-65см тереңдікте кездеседі. Бұл қабат мол карбонаттар жиналуы әсерінен ашық түсті және өте тығыздалған болып келеді.

Ғаныштың және ерігіш тұздардың жиналуы 100-120см тереңдікте байқалады.

Күңгірт қара-қоңыр топырақта, қара топыраққа қарағанда, қарашіріндінің, азоттың және басқа қоректік элементтердің мөлшері кем болып келеді. Қарашіріндінің мөлшері үстінгі қабатта 3,5-4,5%, жалпы азот 0,200-0,250%. Қарашірінді қоры 1м топырақ қабатында 250-280т/га Қарашірінді құрамында гумин қышқылдары фульвоқышқылдардан басым (СГҚФҚ-1,2-1,6). Қарашіріндінің азотпен қанығуы орташа дәрежеде, фосфордың мөлшері 0,10%. Өсімдіктерге тиімді алмаспалы сіңген калий қоры мол, нитратты азоттың мөлшері сүрі алқаптарында мол, ал басқа танаптарда орташа дәрежеде, жылжымалы фосфордың мөлшері жеткіліксіз болып келеді. Алмаспалы сіңген катиондар мөлшері 100г топырақта 20-30 м-экв. Топырақ ерітіндісінің реакциясы үстінгі бетінде бейтарапқа жақын (рН 6,5-7,4), ал астыңғы қабаттарда сілтіленген (рН 8,0- 8,7) болады (37-кесте).

Күңгірт қара-қоңыр топырақтың физикалық және ылғалдылық қасиеттері жақсы (38-кесте). Тығыздылығы үстінгі (0-30см) қабатта 1,01-1,27 г/см3, кеуектілігі 52,7-62,1%, далалық ылғал сыйымдылығы 26,6-28,9 %. Бұл топырақтың 1м қабатында далалық ылғал сыйымдылығы байқалған кезде өсімдіктерге тиімді ылғал қоры 155,8 мм-ге жетеді.

 



 

37 - кесте. Күңгірт қара-қоңыр топырақтың химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері

(К.Ш Фаизов ж.б., 2001)

 

Кес кін нің рет саны Топырақ атауы, мекені Үлгі алынған қабат, см Қара шірінді, % Жалпы азот, % СО2 % Алмаспалы сіңген катиондар, м-экв/100г Су ерітіндісі   рН Грануломет-риялық құрамы  
Ca Mg Na қосын дысы тұз қал дық сілтілігі  
<0.01 мм <0,001 мм  
  Күңгірт қара-қоңыр, қарбонатты. Қостанай облысы 0-4 3,8 0,210 - 18,2 5,4 0,1 23,7 0,027 0,012 6,5 49,4 23,2  
5-15 3,7 0,210 0,5 17,9 5,4 0,2 23,5 0,041 0,030 7,3 56,7 35,2  
25-35 2,5 0,130 2,7 18,2 5,4 0,5 24,1 0,051 0,036 7,9 61,4 34,0  
40-50 2,0 0,110 3,2 12,7 5,5 1,2 19,4 0,072 0,052 8,2 62,1 33,0  
70-80 0,6 0,040 4,4 -   - - 0,226 0,051 8,3 64,3 39,2  
110-120 - - 3,1         1,027 0,021 7,9 62,3 40,7  
200-210 - - 0,2         0,228 0,033 8,3 82,2 36,8  
  Күңгірт қара-қоңыр, кебірленген. Ақмола облысы 0-10 4,1 0,180 жоқ 14,7 3,5 0,3 18,5 0,090 0,015 7,3 44,5 28,5  
20-30 2,2 0,100 0,8 17,8 3,8 0,8 22,4 0,095 0,036 8,8 51,2 35,6  
45-55 1,0 0,060 6,9 8,8 6,6 2,3 17,7 0,220 0,059 9,3 61,1 33,1  
100-110   - - - - - - 1,460 0,019 8,5 53,1 34,8  

 

38-кесте. Күңгірт қара-қоңыр карбонатты топырақтың физикалық және ылғалдылық қасиеттері(Ақмола облысы, 1)

 

Топы-рақ қабаты, см Тығыз-дылы-ғы, г/см3 Қат-ты бөлігі ты-ғыз дылы ғы, г/см3 Кеуек тілігі, %   % Дала-лық сыйым-дылы-ғы кезінде тиімді ылғал қоры, мм
Макси- малды гигрос- копия-лығы Өсім- дік солу ылғалдылы ғы Қыл- түтік- тегі ылғал ажы- рату Дала- лық ылғал сыйым дылы ғы
0-10 1,01 2,60 62,1 7,5 10,1 18,6 26,6 16,5
10-20 1,08 2,68 59,8 8,1 10,8 18,7 26,7 5,9
20-30 1,27 2,68 52,7 8,8 13,2 20,2 28,9 15,8
0-30 1,12 2,65 58,2 8,2 11,4 19,2 27,4 48,1
30-40 1,40 2,66 47,7 10,8 13,7 21,4 30,6 17,0
40-50 1,43 2,64 45,7 10,8 14,4 21,3 30,5 16,0
0-50 1,24 2,65 53,6 9,2 12,4 20,1 28,7 81,1
50-60 1,48 2,67 44,6 11,1 14,9 21,5 30,8 15,8
60-70 1,50 2,70 44,4 11,0 14,9 21,3 30,4 15,5
70-80 1,52 2,67 43,0 11,1 15,0 20,8 29,7 14,8
80-90 1,56 2,67 41,1 11,8 15,6 21,0 30,0 14,4
90-100 1,60 2,72 41,1 12,4 16,0 21,1 30,1 14,1
0-100 1,40 2,67 48,2 10,4 13,8 20,6 29,4 155,8

Нағыз қара-қоңыр топырақ типшесі құрғақ дала аймағының орталық және оңтүстік бөлігіне орналасып жеке аймақша құрайды. Алып жатқан ауданы 24,3 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында кең тараған. Ақмола және Қостанай облыстарының оңтүстік бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде де бұл топырақ типшесі біраз ауданды қамтиды.

Бұл аймақшада ауа райының құрғақшылығы артып, өсімдіктер жамылғысы селдір болып келеді және оның құрамына астық тұқымдас, құрғақшылыққа төзімді шөптермен қатар жусан тобының шөптері кіреді.

Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы келесідей қабаттардан құралған: AШ – A – B1 – B2 – BK – C.

Қарашірінділі А қабатының қалыңдығы 15-20см, түсі нағыз қара-қоңыр, шаңды-кесекті түйіртпектігі. В1 – аралық, ауыспалы қарашірінділі қабаттың қалыңдығы 20-25 см, түсі күңгірт-күрең, түйіртпектігі жаңғақша-кесекті, призмаша-кесекті.

Карбонаттар жиналған иллювиальды ВК қабаты 40-см тереңдікте кездеседі. Ол өте тығыздалған, түсі ашық күрең, бұл қабатта карбонаттардың ақ дақтар күйінде мол жиналуы айқын байқалады. Осы қабаттан кейін аналық тау жынысы орналасады, оның құрамында (80-120см тереңдікте) ғаныш және суда ерігіш тұздар кездеседі (К.Ш.Фаизов ж.т.б., 2001).

Нағыз қара-қоныр топырақ типшесінің морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық қасиеттері күңгірт қара-қоныр топырақ типшесіне ұқсас. Сонымен бірге, аймақшаның гидротермиялық ерекшелігі әсерінен күңгірт қара-қоныраққа қарағанда бұл топырақтың қарашірінді қабатының қалыңдығы жұқалау, қарашірінді мөлшері азырақ және карбонаттар мен ерігіш тұздар жиналуы қабаттары жоғарырақ орыналасуы сияқты ерекшеліктері бар. Бұл топырақтың үстіңгі А қабатында 2,5-3,5% қарашірінді 0,150-0,200% жалпы азот бар. Қарашірінді қосылыстарының жылжымалылығы күңгірт қара-топыраққа қарағанда басым. Алмаспалы сіңген катиондар мөлшері 15-25 м-экв 100 г топырақта. Топырақ ертіндісінің реакциясы оның үстіңгі қабатында әлсіз сілтілі (рН 7,3-7,5), ал тереңіректе сілтілі (рН 8,0-9,0) болып келеді. Топырақтың жоғарғы 1м қабатында ерігіш тұздар шамалы (тұз қалдығы 0,3%-дан кем), ал аналық тау жынысында тұздардың мөлшері артады.

Қара-қоңыр топырақ типшесі ішінде кәдімгідей, карбонатты, кебірленген, тереңнен қайнайтын, жетілмеген, әлсіз дамыған тектері кездеседі.

Қара-қоңыр топырақ типшесі ішінде жеңіл, яғни гранулометриялық құрамы құм немесе құмайт болып келетін түршесі бар. Әсіресе «жеңіл» қара-қоңыр топырақ Қазақстанның солтүстік шығысында (Павлодар облысында) кең тараған. Бұл топырақтар көне дәуірдің аллювиальды құмдақ аналық тау жыныстары үстінде түзілген. Сондықтан олардың гранулометриялық құрамы өзгеше қалыптасқан (39-кесте). Осы топырақ құрамында әсіресе ірі-құм (1-0,25 мм) және орташа құм (0,25-0,05мм) бөлшектерінің үлесі көпте, шаң мен тозаңға жататын бөлшектер үлесі аз. Физикалық балшыққа жататын бөлшектер (<0,01мм) топырақтың үстінгі бетінде 20%-дан аз. Сондықтан осы топырақтардың химиялық және физикалық, ылғалдылық қасиеттерінде ерекшеліктер байқалады (39,40–кестелер).

 

39- кесте. «Жеңіл» қара-қоңыр топырақтың гранулометриялық құрамы (Павлодардың АШҒЗ институтының мәліметі)

 

Топырақ қабаты см Диаметрі (мм) әр түрлі топырақ бөлшектерінің мөлшері, %  
1-0,25 0,25-0,05 0,05-0,01 0,01-0,005 0,005-0,001 < 0,001 < 0,01
0-10 40,5 33,7 7,1 2,2 4,3 11,6 18,1
10-20 38,3 31,9 8,6 2,6 5,3 12,9 20,8
20-30 30,2 32,6 8,0 3,2 5,0 20,1 28,1

Ауыр гранулометриялық құрамды қара-қоңыр топыраққа қарағанда бұл топырақта қарашіріндінің және жалпы азоттың мөлшері аз, алмаспалы сіңген негіздер көлемі кем. Сонымен қатар «жеңіл» топырақтардың тығыздылығы жоғарырақ, ал кеуектілігі төменірек болады. Топырақтың өсімдік солу ылғалдылығы көрсеткіші «ауыр» қара-қоңыр топыраққа қарағанда біршама кем, яғни топырақтағы ылғалдың өсімдіктерге тиімділігі жақсы. Бірақ «жеңіл» топырақтың далалық ылғал сыйымдылығы нашар, өз бойына түскен ылғал қорын тұтынып ұстауы шамалы, ал ылғалды өзінен өткізуі өте жоғары.

 

40-кесте. «Жеңіл» қара-қоныр топырақтың химиялық қасиеттері (34)

Топырақ қабаты, см Қарашірінді мөлшері,% Жалпы Алмаспалы сіңген катиондар, м-экв/100г
азот калий Са++ Mg++ қо сын ды
0-10 1,62 0,13 1,40 18,6 2,0 20,6
10-20 1,45 0,14 1,40 14,2 5,8 20,0
30-40 0,63 0,12 1,40 - - -
80-90 - 0,09 1,25 - -  

 

Жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтар жел және су эрозиясына әр түрлі төзімділігімен де ерекшеленеді. Бұл топырақтардың суды өткізуі өте жоғары болғандықтан үстінгі бетіне су жиналмайды, ылғал астынғы қабаттарға өтіп кетеді. Сондықтан, бұл топырақта су эрозиясының байқалу қауіпі шамалы. Ал, жел эрозиясына (дефляцияға) шалдығуы қаупі осы топырақтарда өте жоғары. Өйткені бұл топырақ құрамында желмен ұшуға бейім және байланыстылығы нашар, тез үгілетін құм бөлшектер мол. Байланыстылығы жақсы және топырақтың ұсақ бөлшектерін біріктіріп, желмен ұшпайтын ірірек түйіршіктер құрайтын майда-балшық, шаң, тозаң бөлшектер өте аз. Сондықтан, жеңіл қара-қоңыр топырақтарды егіншілікте пайдаланғанда топырақты жел эрозиясынан қорғау шаралары мұқият сақталынып, іске асырылуы шарт.

Ашық қара-қоңыр топырақ типшесі шөл далада (шөлейтте) дамыған. Бұл топырақ аймақшасы ауданы 38,4 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында мол тараған және шамалы ауданды алып, Ақмола мен Павлодар облыстарының оңтүстік бөлігінде кездеседі.

Ашық қара-қоңыр топырақтың морфологиялық ерекшелігі, оның қарашірінді қабатының және жалпы топырақтың қабаты тереңдігінің шамалы болуы, карбонаттардың және ерігіш тұздардың жоғары орналасуы және 15-30см тереңдікте тығыздалған иллювиальды кебірленген қабатының кездесуі.

41-кесте. «Жеңіл» қара-қоңыр топырақтың жалпы физикалық және ылғалдылық қасиеттері (Павлодардың АШҒЗ институты мәліметі)

 

Топырақ қабаты, см Тығыз-дылығы, г/см3 Қатты бөлігі тығыз- дылы ғы, г/см3 Кеуекті-лігі, % Макси-малды гигро-скопия-лық, % Өсімдік солу ылғалды-лығы, % Далалық ылғал сыйым-дылығы, %
0-10 1,38 2,67 48,3 2,78 3,52 12,1
10-20 1,54 2,68 45,5 2,98 3,73 11,1
30-40 1,64 2,66 38,3 3,18 3,91 9,2
60-70 1,64 2,67 38,6 3,24 4,21 11,3
110-120 1,66 2,71 38,7 2,59 3,34 10,1
170-180 1,70 2,67 36,7 1,59 1,8 10,1

 

Бұл топырақтың А қарашірінділі қабатының қалыңдығы 10-15см болады. Сәл тығыздалған, түсі ашық қара-қоңыр, түйіртпектігі кесекті немесе шаңды-кесекті. Өте тығыздалған карбонатты иллювиальды қабат 30-90см тереңдікте орналасқан, түсі ақшылт-күрең, карбонат дақтар мол түрде кездеседі

Химиялық, физикалық, ылғалдылық қасиеттері күңгірт және нағыз қара қоңыр топыраққа қарағанда нашар болып келеді. Бұл топырақтың жоғарғы қабатында орташа есеппен 2,2% қарашірінді болады. Алмаспалы сіңген катиондар 100г топырақта 17м-экв болады. Топырақ ертіндісінің реакциясы сілтіленген болып келеді (рН-8,4-9,1). Ашық қара-қоңыр топырақтың құнарлылығы шамалы. Суарылмайтын егіншілікте дәнді дақылдар өнімділігі 3-4ц/га аспайды. Сондықтан бұл жерлерде астық өндіру тиімсіз. Дақылдардан тұрақты және мол өнім жинау үшін топырақты суландыру қажет. Қазіргі уақытта ашық қара-қоңыр топырақты жерлер мал жайылымдары ретінде кеңінен пайдаланылуда.

Шалғынды қара-қоңыр топырақ типі құрғақ дала аймағында табақша тәріздес ойпатшаларда, шоқылар арасындағы аңғарларда, тау жоталарының құлама етегіндегі ойпатшаларда, ағынсыз төмен орналасқан жазықтықтарда кездеседі.

Қара-қоңыр топырақпен салыстырғанда шалғынды қара-қоңыр топырақтың қарашірінді қабаты қалың болады және қарашіріндінің, қоректік элементтердің мөлшері мол болып келеді.

Қарашіріндінің мөлшері 2-4%-дан 6-8%-ға дейін жетуі мүмкін. Алмаспалы сіңген катиондар мөлшері 100 г топырақта 15-30 м-экв. Топырақ ертіндісі реакциясы беткі қабатта әлсіз сілтілі болып, тереңдік артқан сайын сілтілігі жоғарлай түседі (рН 8,0-9,0).

Қара-қоңыр топырақты аймақтағы ең құнарлы топыраққа шалғындық қара-қоныр топырақ жатады. Олардың ылғалдылық құбылымы жақсы қалыптасқан. Осы алқапта орналасқан шабындықтардан және егіншілік алқаптардан мол өнім жиналады.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4205;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.018 сек.