Кесте. Жел эрозисына төзімділігіне қарай топырақты
топтарға жіктеу (5)
Тобы | Топырақ түйіршіктерінің байланыстылығы | Топырақтың гранулометриялық құрамы |
I | 65- тен артық | Ауыр, орташа және жеңіл балшық |
II | 65-55 | Жеңіл балшық, ауыр және орташа құмбалшық |
III | 55-45 | Ауыр және орташа құмбалшық, жеңіл балшық |
IV | 45-30 | Ауыр, орташа және жеңіл құмбалшық |
V | 30-15 | Орташа, жеңіл құмбалшық, құмайт |
VI | 15-тен кем | Құмайт, құм |
Топырақтың байланыстылығы кеміген сайын оның жел эрозиясына төзімділігі нашарлайды. Алтыншы, бесінші топтағы топырақтар жел эрозиясына төзімсіз, ал, бірінші, екінші топтағылардың төзімділігі жоғары. Қазақстанның ғалымдары топырақтың байланыстылығын анықтау үшін келесідей теңдеуді қолдану қажеттігін дәлелдеді. (А.И.Бараев, А.А. Зайцева, 1975, Е.И. Шиятый, 1985):
Мұнда, St – топырақ түйіршігінің байланыстылығы, %;
Х1 - тозаң мөлшері (көлемі 0,001мм-ден кіші түйіршіктер), %;
Х2 - ұсақ құм мөлшері (0,05 – 0,25мм), %;
Х3 - ірі құм мөлшері (0,25- 3 мм), %.
Топырақтың иленгіштігі - оның ылғалды күйінде икемдеп пішін беруге көнуі және оны сақтау қабілеті. Құрғақ немесе өте ылғалданған топырақтың иленгіштігі болмайды. Иленгіштік топырақтағы көлемі <0,001 мм, яғни тозаң (лай) бөлшектер мөлшерімен тығыз байланысты. Тозаң мөлшері артқан сайын иленгіштік ұлғаяды. Сонымен бірге иленгіштікке ылғалдылық әсер етеді. Осыған байланысты иленгіштіктің жоғарғы және төменгі шегі анықталады. Иленгіштің жоғарғы (ағып кету) шегі салмағы 76 г конус өз салмағымен топыраққа 10 см тереңдікке батып кететін топырақтың ылғалдылық көрсеткіші. Иленгіштіктің төменгі шегі топырақтың илеуге көнуінің басталған шағы. Ол топырақты диаметрі 3 мм жіп қылып илеуге болатын топырақ ылғалдылығына тек жоғарғы шегімен төменгі шегі айырмасы иленгіштік санын көрсетеді. Гранулометриялық құрамы балшық топырақта ол 17-ден артық, құмбалшықта 7-17, құмайтта 7-ден аз, ал құмда 0-ге тең.
Жабысқақтылығы - ылғалды топырақтың басқа денелерге жабысу қабілеті. Гранулометриялық құрамы балшық, құрамында натрий иондары мол топырақтың жабысқақтығы жоғары болады. Осы топырақтарды өңдеуге көп күш жұмсалады. Топырақтың жабысқақтығы оның ылғалдылығына да байланысты. Құрғақ топырақтың жабысқақтығы жоқ, ал ылғалдылығы өскен сайын оның жабысқақтығы арта түседі де, кейіннен ылғалдылық молайғанда тағы да жабысқақтық кемиді. Топырақтың жабысқақтығына байланысты егіншілікте топырақтың физикалық пісіп-жетілуі деген ұғым қолданылады. Топырақты өңдегенде құралдарға жабыспай жақсы түйіршіктерге бөліну қабілеті бар кезеңі оның физикалық пісіп-жетілген дәрежеде екенін көрсетеді. Осы кезеңде өңделген топырақтың түйіртпектілігі және физикалық қасиеттері қолайлы болып қалыптасады.
Топырақ ылғалданғанда оның ісінуі, ал құрғағанда – отыруы байқалады. Осы қасиеттер гранулометриялық құрамы балшық және натрий иондары бар топырақтарда дамиды. Сондықтан осындай топырақтар ылғалданғанда қатты ісініп, ал құрғағанда отырып, топырақта үлкен жарықтар пайда болады. Сондықтан өсімдік тамырларына зақым келтіреді және ылғалдың артық булануына әсер етіп қолайсыз жағдай жасайды.
Топырақтың қолайлы физикалық және физикалық-механикалық қасиеттері оның құнарлылығына оң әсерін тигізеді және экологиялық қызметтерінің белсенді жүруіне жағдай жасайды. Сондықтан осы қасиеттерін жақсарту үшін мол органикалық тыңайтқыш қолдану, егістікте және мал жайылымдарында, шабындықтарда алқаптарды алмастырып отыру жүйесін қолдану арқылы топыраққа қолайлы әсер ету керек. Топырақты өңдегенде, одан өнім жинағанда оған аз қысым түсіретін техника қолданып оның тығыздығын, түйіртпектігін сақтауға жағдай жасалынуы қажет.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3277;