Топырақтағы ылғалдың өсімдіктерге тиімділігі және тұрақты ылғалдық көрсеткіштері
Топырақта ылғал категорияларының, оның қасиеттерінің және өсімдіктерге тиімділігінің күрт өзгеруі байқалатын топырақ құрамындағы ылғалдылықтың мөлшері көрсеткіштерін, топырақтың тұрақты ылғалдылық көрсеткішідеп атайды.
Топырақтың негізгі тұрақты ылғалдылық көрсеткіштері келесідей: максималды гигроскопиялық ылғал, өсімдіктердің солу ылғалдылығы, қылтүтіктегі ылғалдың ажырауы, табиғи ылғал сыйымдылығы, толық ылғал сыйымдылығы.
Максималды гигроскопиялық ылғал (МГ) көрсеткіші шамасында топырақ ылғалданғанда, ол өсімдіктерге тиімсіз. Бұл көрсеткіш әр топырақ түріне тән тұрақты болып келеді. Оны өсімдіктер солу ылғалдылығын анықтау үшін қолдануға болады.
Өсімдіктердің солу ылғалдылығы (ӨСЫ) топырақтағы өсімдіктерге тиімсіз ылғал қорын сипаттайтын көрсеткіш. Яғни өсімдіктерге ылғал жетіспегендіктен олардың біржола солып қалатын мезгіліндегі топырақтағы ылғал мөлшері. өсімдіктердің солу ылғалдылығы топырақтың құрамына, қасиеттеріне және өсімдіктердің ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы гранулометриялық құрамы балшық топырақта ол 20-30%, құмды топырақта 1-3 ал шымтезекті топырақта 60-80%. Өсімдіктердің солу ылғалдылығы шамамен максималды гигроскопиялық ылғалдан 1,5 есе көп болып келеді.
Қылтүтіктегі ылғалдың ажырауы (ҚЫА) - топырақтағы қылтүтіктерде ылғал кеміп, олардың бойында үзіктер пайда болып, ылғалдың жылжуының күрт тежелуін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл ылғал өсімдіктерге тиімді, бірақ топырақта ӨСЫ мен ҚЫА аралығындағы ылғалдылық байқалғанда өсімдіктердің өсуі тежеледі, өнім төмендейді.
Топырақтағы ылғал категориялары, түрлері және топырақ ылғалдылығының тұрақты көрсеткіштерімен олардың өсімдіктерге тиімділігі арасындағы байланысты 19- кестеден байқауға болады.
19-кесте. Топырақтағы ылғал категориялары, түрлері және тұрақты ылғалдылық көрсеткіштері
Көрсеткіш-тері | Ылғал категориялары, түрлері | |||||
Байланысқан ылғал | Еркін ылғал | |||||
тығыз байланысқан | бос байланысқан ылғал | қылтүтікті- түйіскен | Қылтүтікті-гравитациялық | |||
Тұрақты ылғалдылық көрсеткіштері | Құрғақ топырақ.......МАС......МГ…...ӨСЫ…..ҚЫА......ТЫС.....ТОС | |||||
Адсорбциялық | Сорбциялық | Сорбциялық және қылтүтіктік | Ыза судың тіреуі және қылтүтік Тік | |||
Өсімдікке ылғалдың тиімділігі | тиімсіз | тиімсіз | нашар тиімді | жақсы тиімді | Жақсы тиімді, бірақ артық ылғал | |
Табиғи ылғал сыйымдылығы (ТЫС) және толық ылғал сыйымдылығы (ТОС) анықтамалары жоғарыда сипатталды. Топырақтағы ылғал мөлшері қылтүтіктегі ылғал ажырауы көрсеткіші және табиғи ылғал сыйымдылығы көрсеткіші аралығында болғанда өсімдіктерге өте тиімді. Өсімдіктер жақсы өніп-өсіп, мол өнім түзейді, топырақтың басқа экологиялық қызметтері жақсарады.
Табиғи ылғал сыйымдылығы және толық ылғал сыйымдылығы аралығындағы топырақ ылғалдылығы өсімдіктерге тиімді, бірақ топырақ құрамында ауа жетіспеушілігі байқалып, олардың өсіп дамуы тежеліп, ауруларға шалдығуы байқалады.
Азақстанның оңтүстік қара топырағының үстіңгі қарашірінділі қабатында (0-30см) максималды гигроскопиялық ылғал 11,5-11,6; өсімдіктердің солу ылғалдылығы 14,1-16,8; қылтүтікті ылғалдың ажырауы 21,9-25,3; табиғи ылғал сыйымдылығы 30,2-38,9 пайыз болып келеді (20-кесте).
20–кесте. Оңтүстік қара топырақтың негізгі тұрақты ылғалдылық көрсеткіштері, % (3)
Топырақ-тың қабаты, см | Максималды гигроскопия- лық ылғал | Өсімдіктер- дің солу ылғалдылы-ғы | Қылтүтікте- гі ылғалдың ажырауы | Табиғи ылғал сыйымдылы- Ғы |
0-10 | 11,6 | 16,8 | 25,3 | 38,9 |
10-20 | 11,7 | 15,7 | 23,1 | 37,1 |
20-30 | 11,5 | 14,1 | 21,9 | 30,2 |
30-40 | 11,2 | 14,8 | 21,3 | 28,5 |
40-50 | 10,9 | 14,7 | 20,4 | 28,1 |
50-60 | 10,8 | 14,2 | 19,5 | 27,9 |
60-70 | 10,8 | 14,1 | 18,4 | 27,5 |
70-80 | 10,3 | 13,4 | 18,5 | 24,8 |
80-90 | 10,0 | 13,1 | 18,0 | 23,0 |
90-100 | 9,9 | 12,7 | 17,1 | 21,2 |
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4228;