Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары

Топырақ түйіртпегі оның ірі түйірлерінің бөлінуінен және төзімді түйірлерінің құралуынан пайда болады. Осы құбылыстар физикалық-механикалық, физикалық-химиялық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен туындайды.

Физикалық-механикалық құбылыстарға топырақтың ылғалданып ісініп, кейіннен кебуі, аязға қатып және жылып жібуі, өсімдік тамырларының, жәндіктер мен кеміргіш жануарлардың және топырақ өңдеуге қолданылатын құралдардың әсері жатады.

Топырақтың коллоидтарының коагуляцияланып, топырақ түйіршіктерін біріктіруі, физикалық-химиялық түзілу факторы әсеріне жатады. Химиялық реакциялар кезінде суда ерімейтін тұнбалар түзіліп олар төзімді түйіршіктерді құрайды және біріктіреді (химиялық фактор).

Топырақ түйіртпегі пайда болуына басты әсер ететін биологиялық фактор, яғни өсімдіктердің және топырақтағы тірі ағзалардың әсері. Өсімдіктердің басты маңызы олардың қалдықтарының қарашіріндінің пайда болуына қатысуы, оның мөлшерін молайтуы. Әсіресе көпжылдық шөптесін өсімдіктердің мәнді дамыған тамыр жүйесі топырақ түйіртпегі қалыптасуына белсенді ықпал жасайды.

Жауын құрттарының шегінен өткен топырақ түйіршіктері - капролиттер суға ерімейтін, төзімді болып келеді. Жауын құрттары (шұбалаң) жылына 1 гектар алқапта шегінен 50 ден 600 тоннаға дейін топырақ өткізеді. Микроағзалардың қалдықтары топырақ түйіршіктерінің бір-біріне берік қосылуына үлкен әсерін тигізеді.

Топырақтың түйіртпектілігі әр түрлі жағдайлардың ықпалынан өзгерістерге ұшырайды. Оның нашарлауының себептері: механикалық әсер (топырақты құралдармен қарымталы өңдеу, машина құралдарының доңғалақтарымен, жануарлардың аяқтары мен жаншылу, жаңбырдың тамшыларынан үгілу); физикалық-химиялық құбылыстар ықпалы (топырақтың сіңіру кешені құрамындағы кальций, магний иондарының орнына натрий, аммоний иондарының алмасып орналасуы); биологиялық себептер әсері (қарашіріндінің минералданып кемуінен).

Түйіртпектілікті жақсарту арқылы топырақтың экологиялық қызметінің толық және белсенді дәрежеде жүруіне жағдай жасауға болады. Топырақ түйіртпектігін жақсарту жолдарына жататын тәсілдер:

• органикалық тыңайтқыштарды молынан қолдану;

• көп жылдық шөптерді өсіру;

• химиялық полимер қосылыстарды қолдану;

• құрамында натрий ионы мол кебір топыраққа гипс шашып, ал сутегі және алюминий иондары бар қышқыл топыраққа әк шашу арқылы топырақтың сіңіру кешенінде кальций иондарының мөлшерін молайту;

• топырақты «физикалық пісу» дәрежесі кезінде өңдеу.








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3269;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.