Сутекті өндірудің технологиялық әдістері.
Сутек болашақтағы отын және универсалды энергия көзі. Сутектің басқа отындармен салыстырғанда көптеген артықшылығы бар.1) Сутекті өндіруге шикізат ретінде сарқылмас суды қолданады, сутек жанғанда су қайтадан түзіледі. 2) Сутек химия өндіріс орындарында, металлургияда, мұнай өнімдерін өндеуде ерекше орын алады, ал аммиак және метанол синтездеуде негізгі шикізат. 3) Сутектің жану жылуы өте жоғары - 125,5 МДж/кг немесе көміртектің жану жылуынан (32,8 МДж/кг) төрт есе жоғары. 1кг сутегі 1кг жөғары октанды бензиннен 3 есе артық энергия береді. 4) Сутекті сұйық күйінде және гидридтер түрінде сақтауға болады.
Сутекті алудың тәсілдер: 1)физикалық, 2)химиялыық, 3)электрохимиялық болып үшке бөлінеді. Өте көп қолданылатын химиялық әдістердің бірі- коннверсия тәсілі.Конверция дегеніміз - құрамын өзгерту мақсатымен газ тәрізді отынды технологиялық өңдеу процесі. Газ тәрізді отындарды конверциялау әртүрлі реакторларда конвертерлерде іске асады. Конверция әдісімен алынған газды конвертирленген газ деп атайды. 10000 температурада қызған көмір бетімен су буын өткізсе, мынадай реакция жүреді.
С+Н2О « СО+Н2
Бұл реакия кезінде түзілген көмір оксиді де (ІІ), сутек де жанғыш газдар. Бұны су газы немесе "синтез газ" деп атайды. Отын ретінде және шикізат ретінде қолданылады. Су газындағы сутегін бөліп алу үшін су газына су буын араластырып, қоспасын қыздырған темір оксиді арқылы өткізеді.
5000С
СО +Н2Обу « Н2 + СО2
Fe2O3
[СО2 ] [Н2]
К = -------
[СО] [Н2О]
СаО +СО2 « СаСО3¯ сөндірілмеген извест
Бұл реациядан шыққан көміртегінің (ІV) осиді сутектен оңай ажыратылады, ол үшін осы шыққан газдар қоспасын 2МПа қысыммен қысып сумен жуады. Соңғы реакцияны су газының конверсиясы деп атайды. Темір оксиді катализатор қызметін атқарады.
Төменгі температурада теңдік кері ауады. Сондықтанда температураны 450-5000С дейін көтереді. Және су буын теңдік бойынша керегінен артық алады. Сутекті, конверсиялау арқылы алу арзан жолдың бірі, кейде су газының орнына, құрамында көмірсутек( ІІ) оксиді мол басқа газдар қоспасын қолданады.
Осы кезде көміртек оксидін конверсиялауға K, Ca окидтерімен промотрланған темір-хром катализаторлары қолданылады.Осы катализаторлармен СО конверсиялағанда 2-4% - ке дейін көмір оксиді сол қалпында қалады. Қалған көмір оксидін әрі қарай 200-3000С -та мырыш-хром-мыс катализаторларын қолданып конверсиялайды. Конверсия процесінің бірінші сатысында бөлінген жылу су буын дайындауда пайдаланылады.
Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 2405;