Күкірт қышқылының қасиеті, қолдану және өндіру әдістері.

Қасиеті. Таза күкірт қышқылы (100%) түссіз май тәрізді сұйық зат. 10,40C температурада кристалдық зат болып қатады. 296,20C қайнайды. Күкірт қышқылы суда ерігенде 1моль 36 кДж жылу бөліп шығарады., өйткені ол сумен гидрат түзеді. Кейбір гидраттар ертіндіден қатты күйде бөлініп шығарылған.

H2SO4 ·2H2O, H2SO4 ·4H2O

 

Құрамындағы қоспаларға және концентрациясына байланысты күкірт қышқылы үш түрге бөлінеді:

1. Техникалық Н2SO4 ( купарос майы) -92,5 %

2. Олеум-18,50 SO3 моногидрат құрамында бос қалпында болады, башня қышқылы 75% H2SO4 ( нитроза әдісімен өндірілген)

3. Аккумулятор күкірт қышқылы 92-94% H2SO4 Қышқыл құрамында Mn, Fe, As, CІ иондары, азот оксидтері және т.б. қоспалар болмауы керек, егер аз мөлшерде болсада аккумуляторды зарядтағанда тотығу-тотықсыздану процесі жүреді., электродтар бұзылады және электр тогы артық мөлшерде жұмсалады.

Реактивті күкірт қышқыл маркалары:"ХЧ", "ЧДА"(ТДА), "Ч" (Т)-92-94% H2SO4 контакт әдісімен платина немесе кварц аппараттарында өндіріледі.

Қолданылуы: H2SO4 химия өнеркәсібінде ең көп өндірілетін реактив. Күкірт қышқылы активті және құны төмен болғандықтан өнеркәсіп орындарында әр түрлі мақсатта қолданылады. Құрамында сутек және оттек бар органикалық қосылыстардан (клетчатка, қант) суды тартып алу үшін техникада пайдаланады.

Минералдық тыңайтқыштар, металл өңдеу және қопарылғыш заттар өндірісінде көп қолданылады. Осы сияқты керосин, мұнай майларын кокосхимия өндірісінің өнімдерін тазартуға (бензол, толуол), түрлі купаросты жасауда, бояу өндірісінде т.б. қолданылады.

 

2. Күкірт қышқылын өндіру әдістері.

Алғаш рет ХХ - ғасырда 940 л күкірт қышқылын табиғи купорос сланцасымен темір купорос қоспасын қыздыру арқылы өндірген, осы себептен өндірісте техникалық H2SO4 купорос майы деп аталады. VХ ғасырда күкірт қышқылын камерада күкірт пен селиитра қоспасын өртеу арқылы өндіре бастады. Осы әдісті «камер» немесе «нитрозо» әдісі деп атайды.

Қазіргі кезде күкірт қышқылын негізгі екі әдіспен өндіреді. Контак және нитроза әдісі.

Күкірт қышқылын өндіру үшін өнеркәсіпте, алдымен күкірт ангидридін (SO3) алады. Өнеркәсіпте өнетін газ күкіртті ангидрид (SO2) күрделі қоспа, құрамында күкірт ангидридтен басқа: азот, оттек және т.б. қоспалар болады.








Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 6410;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.