Quot;Нитроза" әдісімен күкірт қышқылын алу қондырғысының схемасы.

 

1-жинақ(сборник);2-тоңазтқыш;3,4-қондырмалы өнім мұнаралары; 5-тотықтырғыш мұнара; 6,7-қондырмалы адсорбциялық мұнаралар; 8- желдеткіш (вентилятор); 9- соратпа (насос)

Құрамы мына төменгідей күкіртті газ: 9% -SO2: 9-10% O2: 80% N2 электрофильтрден өтіп 3500С-та 3 башняның төменгі жағынан кіреді, одан 4-ші башняға барады. Бұл өнім мүнараларында (мұнда нитроза және су бар) SO2 күкірт қышқылына айналады. 3 башнядан 2 тоңазтқыш арқылы 75-77% күкірт қышқылы шығарылады.

Бұл қышқылдың бір бөлігі 1 жинағыш арқылы складқа кетеді де, екінші бөлігі 7 башняға жіберіледі. Онда NO адсорбцияланады. 4 башнядан газ шығады. Оның құрамындағы NO. NO- ң тотығуы негізінде 5- ші тотықтырғыш мұнарасына, жартылай 6- башняда жүреді. 6 және 7 абсорбциялық башняда күкірт қышқылымен N2O3 сіңіріледі. N2O3 сіңіріліп ниторза түзу үшін 7 башняға 3- тен күкірт қышқылын жібереді. Қышқылға N2O3 сіңіп, 7-де әлсіз нитроза түзеді.Әрі қарай 6-ға жіберіп онда тағы да N2O3 сіңіп күшті нитроза түзеді. Бұл нитроза әрі қарай өнім мұналарына жіберіледі. Сөйтіп азот оксиді системада айналып жүреді. Газды 6 және 7 башня арасында жүргізу үшін 8- вентилятор орнатылған. Өндірілген күкірт қышқылының концентрациясы 75 % құрамында көптеген қоспалар болады. Нитроза әдісін қарқындату үшін күкіртті газ құрамындағы SO2 концентрациясын жоғарлату, нитроза газын күшейту, "өнім" мұнараларындағы (3,4) температураны 3500С шамада, ал адсорбциялау мұнараларында температураны төмендету керек.

Күкіртті газдың оптималды құрамы: 9% -SO2: 9-10% O2: 80%N2 .

Тысқа шығатын газ құрамындағы азот оксидін азайту мақсатымен, газды скруббер арқылы өткізеді, скрубберге жоғарыдан концентрлі күкірт қышқылын шашыратып азот оксидін сіңіріп алады.

 








Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 3123;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.