Күкірттті сутектен күкірт қышқылын өндіру.

1.Әдістің ерекшелігі мен маңызы.

Күкіртті сутектен күкірт қышқылын алу әдісі "ылғалды" (мокрый) деп аталады. (И.А. Ададуров, Д Гернст,1931ж) Бұл әдістің негізі мынада: күкіртті сутекті ауа ағынында жағу арқылы алынған күкірттің қостотығымен (І) судың буын бір-бірімен аралстырып контакт аппаратына жібереді. Онда қатты ванадий катализаторында күкірттің қос тотығы күкірт тотығына дейін тотығады. Газ қоспасы конденсаторда суыйды, содан пайда болған күкірт қышқылының буы сұйық өнімге айналады.

Сөйтіп ылғалды катализ процесінде күкірт қышқылын колчедан мен таза күкірттен өндіру әдісіне қарағанда айырмашылығы мынада: Мұнда күкірт оксидін адсорбциялау процесі жоқ, барлық процес тізбектелген үш сатыдан тұрады.

1.Күкірттісутегін жағу:

H2S +5O2= SO2+H2O –519 кДж

Күкірттің қос тотығымен су буының эквимолекулалары (1:1) құрамы түзіледі.

2. Күкірттің қос тотығын күкірт тотығына дейін тотықтыру.

SO2+1/2 O2= SO3 –96кДж

Мұнда күкірт тотығымен су буының эквимолеклярлық құрамын сақтайды.

3. Будың конденсациясы және күкірт қосылыстарының түзілуі:

SO3+H2O= H2SO4 -92кДж

Сонымен ылғалды каталитикалық процесі мынандай өрнекпен өрнектеледі:

H2S +2O2=H2SO4 –707 кДж

Күкіртті сутегінен күкірт қышқылын өндірудің технологиялық схемасы.

"Ылғалды" катализ әдісінде шикізат ретінде құрамында 90% H2S болатын жоғары концентрлі кейбір өндіріс қалдықтарында болатын күкіртті сутек газы қолданылады. Бұл өндірістен шыққан газ жуылатындықтан әрі қарй оны тазартпайды және де оның құрамында зиянды қоспалар болмайды. Технологиялық схемада абсорбция сатысы болмағандықтан өндіріс процестері әлдеқайда қысқарады.

Күкіртті сутектен күкіт қышқылын өндірудің технологиялық схемасы төменгідей операциялардан тұрады.

- Күкіртті сутек газын өтреу. Мұнда өте көп жылу бөлінетіндіктен қызып кетпес үшін ауаның мөлшерін көбірек алады.

- Утилизатор қазанда газ қоспасын 10000С – тан 4000С -қа дейін суыту.

- Контакт болатын дәрежеге дейін газбен бу қоспасын ауамен сұйылту.

- Контакт аппаратыда SO2-ның SO3–ке дейін тотығуы. Катализатор қабаттарының арасын ауа беру арқылы температурасын тұрақты ұстап тұрады.

- Башняда (мұнарада) конветрленген газды суыту. Мұнда күкірт қышқылы бар. Бұдан мақсатты өнім күкірт қышқылын және оның тұманы түзіледі. Тұман электрофилтрде ұсталады. Бұл әдіспен 96(-тік күкірт қышқылы түзіледі.

 








Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 2621;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.