Күкірт қышқылын концентрлеу.
Күкірт қышқылын концентрлеу оның ертіндісіндегі суды буға айналдыруға негізделген. Сұйытылған күкірт қышқылы қайнағанда концентрациясы 70% жеткенше буға тек су ауысады, ал 70% - тен басап бу фазасына күкірт қышқылы ауыса бастайды. Сөйтіп қышқылдың концентрациясы 98,3% - ке жеткенде бу фазасының құрамымен сұйық құрамы теңеседі, яғни тұрақты температурада қайнайтын азеотроп қоспасына айналады. (құрамы және қайнау температуралары өзгермей айдалатын ертінділер), қайнау температурасы 336,60С .
Күкірт қышқылын концентрлеудің үш түрлі әдісі бар:
1) абанды барботаж( газды немесе буды сұйықтық қабаттан қысым арқылы өткізе отырып бөлшектеу) концентратында күкірт қышқылын тікелей пеш газымен жанастыру. Бұл әдіспен 92-93% күкірт қышқылын алынады (купарос майы) Әдістің кемшілігі "пеш" газ құрамындағы қоспалар күкірт қышқылының құрамында қалады.
2) Күкірт қышқылын концентрлейтін аппаратты тыстан қыздыру. Артықшылығы- қышқыл басқа қоспалармен былғанбайды. Кемшілігі: аппаратты құратын материалдар қышқылға, жоғары температураға төзімді, жылу өткізгіштігі жоғары болу керек. Жұмсалатын жылу мөлшері жоғары.
3) Вакуумдеу әдісі. Бұл әдіс ті күкірт қышқылының құрамында органикалық қоспалар болғанда қолданады.
Мұнайды сульфирлеу әдісімен өңдегенде күкірт қышқылы көп жұмсалады, ал қышқылды қайтадан іске асыруға оларды вакуум әдісімен концентрлейді.
Вакуум әдісімен күкірт қышқылын концентрлегенде вакуум аппаратын қыздыруға 110-1500С температурадағы су буын қолданады. Кемшілігі: электр энергиясы көп мөлшерде жұмсалады.
Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 2198;