Күкірт қышқылын нитроза әдісімен өндіру.

Күкірт қышқылын SO2 - ден алу үшін әуелі SO3 -ке дейін тотықтырып сосын суға сіңіреді. Қалыпты жағдайда бұл процес өте жәй жүреді. Контакт әдісінде реакцияны жылдамдату үшін катализатор қолданса,"нитроза" әдісінде өндірісте бұл процесті азот оксидтерінің қатысуымен жылдамдатады.

Бұл әдістің химиялық негізі мына реакцияларға негізделген.

1) SO2+NO2+H2O ®H2SO4 +NO

SO2+N2O3+H2O ® H2SO4 +2NO

2) 2NO +O2 ® NO2

Бірінші теңдеуде күкіртті газды тотықтырушы азот (ІV,ІІІ) оксиді, өзі тотықсызданып азот (ІІ) оксидіне NO айналады. Бөлінген азот (ІІ) оксиді оттекті қосып алып азоттың қос тотығына айналып, қайтадан күкірттің қос оксидін тотықтыру процесіне қатысады. Сонымен бұл реакцияда азот (ІІ) оксиді оттекті тасушы болып табылады, яғни күкіртті газды тотықтыру реакциясының катализаторы деуге болады.

Нитроза әдісімен күкірт қышқылын өндіру бұрын қорғасын камераларында жүзеге асатын, осыған байланысты камера әдісі деп аталады.

Газ фазасында SO2-ны азот оксидімен тотықтыру процесі өте жай жүреді. Және оны жургізу үшін үлкен көлемде аппарат керек. Сондықтан өндірісте күкірт қышқылын алу сұйық фазада арнаулы насадка толтырылған мұнараларда жүреді. Осы себептен бұл әдісті - мұнара (башня) әдісі деп те атайды.

Нитроза әдісімен күкірт қышқылының түзілуі күрделі процесс. Азот оксидтері (NO2жәнеN2O3 ) күкірт қышқылымен әрекеттеседі.

 

N2O3 + 2H2SO4 «2(NO)HSO4 +H2O

нитрозил күкірт қышқылы

2NO2+H2SO4 « (NO)HSO4 +HNO3

Нитрозил күкірт қышқылы.

N2O3(NO+NO2)-ның күкірт қышқылымен әрекеттесу жылдамдығы NO2 -ден жоғары. Егер азот оксидін сіңіруге күкірт қышқылын артығымен алса, онда нитрозил қышқылы еріп кетеді. Осы ертіндіні нитроза деп атайды.Күкіртің қос тотығы башняда құрамында су бар нитрозамен араласқанда мынандай реакциялар жүреді.

1) SO2 + H2O « H2SO3

2) нитрозил күкіртті қышқылының гидролизі

(NO)НSO4 +H2O «H2SO4 +HNO2

3) Күкіртті қышқылды азотты қышқыл тотықтырып күкірт қышқылын түзеді.

H2SO3+2HNO2 « H2SO4+ H2O +2NO

Сонымен осы реакциялардың нәтижесінде SO2–ні (сұйық фазада) тотығып H2SO4-н түзеді, ал нитрозил күкірті қышқылдың құрамыдағы азоттың қос тотығы NO -ға дейін тотықсызданады.

Азот оксиді (NO) күкірт қышқылымен әрекеттеспейді, сондықтан нитрозилкүкірт қышқылын және нитроза алу үшін алдымен NO –ні тотықтыру керек.

NO-ны тотықтырғанда оттегінің мөлшеріне байланысты NO2 немесе N2O3 түзеді. N2O3 күкірт қышқылымен жақсы сіңіріледі. NO-ның тотығу жылдамдығы қысымның өсуімен арта түседі. Ал температура кері әсер етеді. Температура 00С–тан 1000С -қа өскенде процесс жылдамдығы 3 есе төмендейді. Азот оксидінің күкірт қышқылына сіңірілуі және нитрозаның түзілуі абсорбциялық процесс. Бұл процестің жылдамдығы газдың жылдамдығы және күкірт қышқылының концентрациясы өсуімен өседі де, температураның өсуімен төмендейді. Азот оксидінің мөлшері қайта айналып процеске келгенде төмендеп отырады. Осы азот оксидінің жоғалған мөлшерін толтыру үшін схемаға азот қышқылын қосады. 1т H2SO4 күкірт қышқылын өндіруге (100%) 10-20кг азот қышқылы кетеді.Башняның биіктігі 18, диаметрі 10м. Системада башняның саны 4- тен 7-ге дейін болады. 4 башнялы системаны қарастырайық.








Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 4499;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.