Карбамидті өндіру-(NH2)2CO(мочевина- несеп нәрі).

Мочевина- оңай еритін түссіз кристалды зат, өте құнды тыңайтқыш, құрамында өсімдікке жеңіл сіңірілетін 46% азот бар. Агрохимиялық сапасы барлық қатты азот тыңайтқыштарынан басым,топырақ құрамында ұзақ уақыт сақталады. Өсімдіктерге тамыры және жапырақтары арқылы сіңеді. Өзіндік құны төмен. Карбамидті мал жемдеріне азот қоспасы ретінде қосады. Карбамид ауылшаруашылығынан басқа өндіріс орындарында көп қолданылады. Ағаш жанқасынан плита, ситнтетикалық желім, фармацептік өндірісте, мұнай өнімдерін өңдеуге, синтетикалық талшық- урилон алуға және т.б. өндіріс орындарында қолданылады.

Карбамид өндіруге шикізат ретінде аммиак жіне көміртек диоксидін қолданады. Карбамид синтезі екі сатыдан тұрады.

Бірінші сатыда карбамид қышқылының аммоний тұзы(карбамат) түзіледі:

2NH3+CO2 ®NH2COONH4+159 кДж(1)

Әрі қарай карбамат дегидратацияланып карбамид түзеді.

NH2COONH4 ® (NH2)2CO+H2O-285 кДж(2)

Карбамид синтезі гетерогенді (Г-С) системадағы процесс, кинетикалық областа жүреді. 1-ші реакция оптималды жағдайда толық және жылдам жүреді.2- ші реакция баяу толық жүрмейді, тек сұйық фазада ғана жылдамдайды.

Карбамид шығымын арттыру үшін температурамен қатар қысымдыда жоғарлатып аммиактың мөлшерін стехиометриялық шамадан артық алу керек.

Өндірісте карбамидті синтездеуге 180-2000С, қысым 18-20МПа және аммиак 100% артық алынады. Карбамид шығымы 60-70%. Өндірістің экономикалық көрсеткішін көтеру үшін реакцияласпаған аммиак және көміртек диоксиді басқа өнімдер өндіруге жұмсалады немесе қайтадан процесс басына оралады(тұйық схема).

Алшақ( разамкнутный) құралған карбамид өндірісінің технологиялық процесінің схемасын көрсетейік

 

 

1-аммиак соратпасы

2-компрессор

3-синтез колоннасы

4-колонаның реакциялық камерасы(қорғасын цилиндрі).

5-дистилляция колонасы.

6-суалту аппараты.

7-балқынды жинақ(сборник).

8-ұсақтайтын мұнара.

9-транспортер.

Сұйық аммиак (1) насоспен СО2(2) компрессор мен болаттан құйылған синтез колоннасына (3) беріледі.Синтез колонасын агрессивті ортадан қорғау үшін колонна ортасына қорғасын цилиндрі (4) орналасады. Синтез осы цилиндрде жүреді. Колонна биіктігі 10-15м, диаметрі 1м. Балқыған күйіндегі карбамид дистилляциялау колонасына(5) жіберіледі. Бұл жерде бос күйіндегі(реакцияға түспеген)NH3 және CO2 карбамид тазарады.

Карбамид ертіндісі буландырғыш аппаратта (6) буланып, одан соң (7) сборник арқылы гранулдайтын мұнараға келтіріп гранулдайды.

Газдар дистилляцияланғаннан кейін регенерациялануға жіберіледі, одан әрі пайдалануға жұмсалынады.








Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 3858;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.