Салыстырмалы диагностикасы. Эректильды дисфункцияны шақырған себептер арасында салыстырмалы диагностика жүргізіледі.

Эректильды дисфункцияны шақырған себептер арасында салыстырмалы диагностика жүргізіледі.

 

Емі

1. Этиотропты ем: гипогонадизм кезінде андрогендермен орынбасушы терапия, гиперпролактинемия кезінде дофаминомиметиктермен терапия, психотерапия және т.б.

2. Симптоматикалық ем:

— фосфодиэстераза ингибиторлары (силденафил, тадалафил, варденафил);

— простагландин Е1-мен интракавернозды инъекция;

— хирургиялық ем (реваскуляризация, протездеу).

 

Болжамы

Эректильды дисфункцияның дамуына әкелген себептермен анықталады.

 

ГИНЕКОМАСТИЯ

Гинекомастия - ер адамдарда көкірек безінің диаметрі 2 см-ден артық қатерсіз ұлғаюы. Гинекомастия жеке сырқат болып дамымайды, ол басқа сырқаттардың симптомы ретінде көрініс береді. Шынайы гинекомастияны жалған гинекомастиядан немесе липомастиядан ажырата білу қажет. Соңғысы май тінің ұлғаюы есебінен дамиды. Шынайы гинекомастия кезінде көкірек безі бөліктік түтіктердің гиперплазиясы, бездің дәнекер тінінің гипертрофиясы есебінен ұлғайып, макроскопиялық тіннің бездік және стромалық құрылымдарының артуымен көрінеді. Шынайы гинекомастия физиологиялық (жаңа туылған нәрестелерде, пубертатты және қарттық) және патологиялық болып жіктеледі (6.9 кесте).

 

6.9 кесте.Гинекомастия

Этиологиясы Физиологиялық (неонатальды, жасөспірімділік), дәрілік препараттар (эстрогендер, спиронолактон, алкоголь, наркотиктер), ісіктер (эстроген- және ХГ-өндіруші), эндокринді аурулар (тиреотоксикоз, Кушинг синдромы), жүйелік аурулар (бауыр циррозы) және т.б  
Патогенезі Эстрогендердің абсолютті немесе салыстырмалы артықшылығы
Эпидемиологиясы Пубертатты гинекомастия — 13–14 жас аралығында сау ер балалардың 50–70 %-да көрініс береді. 30жастан кіші ер адамдардың 30 %-да, ал 45 жастан асқан ер адамдардың 50%-да дамиды
Басты клиникалық көріністері Көкірек безінің ұлғаюы, ауырлық сезімі, көкірек безі ұштарының тітіркенуі
Диагностикасы 1. Көкірек бездерінің, аталық бездерінің пальпациясы, гипогонадизм, жүйелік аурулар. 2. Тестостерон, эстрадиол, ЛГ, ФСГ, пролактин, ЖГБА, ХГЧ, бауырлық трансаминазалар. 3. Көкірек және аталық бездердің УДЗ-сі  
Салыстырмалы диагностикасы Көкірек безінің қатерлі ісігі, жалған гинекомастия, гинекомастияның даму себептерін анықтау
Емі 1. Неонатальды және пубертатты гинекомастия емдік шараларды қажет етпейді және өздігімен жазылады. 2. Мүмкін болса — гинекомастия дамытқан себеп түрткіні жою. 3. Косметикалық мәселелер мен\немесе көкірек безі ұштарының тітіркенуіне байланысты тұрақты сақталған гинекомастия кезінде мастэктомия жасалынады
Болжамы Неонатальды және пубертатты түрлерінде болжамы — қолайлы. Басқа жағдайларда гинекомастияның дамуына әкелген себептерге тәуелді

 

Этиологиясы

Гинекомастияның дамуына көптеген аурулар мен сыртқы ортаның түрткілері әкелуі мүмкін. Олардың ішіндегі маңыздылары төмендегі 6.10кестеде көрсетілген.

 

Патогенезі

Гинекомастияның патогенезінің астарында ер адам ағзасында шектен тыс абсолютті немесе салыстырмалы түрде эстрогендердің артық болуы жатыр. Жаңа туылған нәрестелердің гинекомастиясы қан арнасында айналымды жүрген плацентарлы эстроген әсерінен дамиды және сирек жағдайда ғана ұзақ сақталады. Ал жасөспірімдік кезде дамитын гинекомастия тестостеронның эстрогенге конверсиясын қамтамасыз ететін ароматаза белсенділігінің жоғары болуынан көрініс береді.

 

6.10 кесте.Гинекомастия себептері

 

Физиологиялық гинекомастия — Неонатальды — Пубертатты — Отбасылық — Идиопатиялық
Дәрілік препараттар — Эстрогендер, антиандрогендер, тестостерон — Спиронолактон, ААФ-ингибиторлары, дигоксин, кальций антагонистері. — Алкилирлеуші агенттер. — Алкоголь, марихуана, героин, метадон. — Циметидин. — Кетоконазол, метронидазол, туберкулезге қарсы дәрілік заттар. — Трициклдік антидепрессанттар, дофамин антагонистері, опиаттар, бензодиазепиндер.
Гипогонадизм Біріншілік, екіншілік (6.3 бөлімді қараңыз).
Ісіктер — Эстроген- и андрогенпродуцирующие яичка и надпочечника — ХГ-өндіруші аталық без (эктопирленген герминома)
Эндокринді аурулар — Тиреотоксикоз — Кушинг синдромы — Акромегалия
Жүйелік аурулар — Бауыр циррозы —Созылмалы бүйрек шамасыздығы — АИТВ-инфекция
Тағы басқалар — Кеуде қуысының жарақаттары —Кеуде аймағындағы Herpes zoster —Семіздік

 

Гинекомастия гипогонадизмнің барлық түрлерінде дами береді. Туа біткен түрлерінде бүйрек үсті безі андрогендерінің шектен тыс ароматизациясы тестостеронның тежеуші әсерінің тапшылығынан немесе оның болмауынан дамиды. Екіншілік гипогонадизм мен гиперпролактинемия кезінде гинекомастия өте сирек көрініс береді.

Гинекомастия жиі созылмалы жүйелік аурулар кезінде дамиды. Бауыр циррозында эстроген мөлшері жыныс гормондарын байланыстырушы глобулин синтезінің артуы нәтижесінде андростендион ароматизациясының артық болуынан жоғарылайды. Тиреотоксикоз кезінде гинекомастияның дамуына андрогендердің шеткі ароматизациясының күшеюі себеп болуы мүмкін.

Эстрогенді дәрілер көкірек безінің өсуін сөзсіз ынталандырады. Спиронолактон эстрадиол рецепторларының антагонисті бәсекелесі болып табылатын канренонға метаболизденеді. Циметидин тек антиандрогенді әсер көрсетіп қана қоймай, 2-гидроксилденген эстрадиол мөлшерін төмендеді, ал ол өз кезегінде алғашқысының мөлшерін 20%-ға арттырады. Басқа препараттар тестостерон синтезінің ингибиторы (кетоконазол) ретінде әсер етіп гипогонадизмді және Лейдиг жасушаларын зақымдап (цитостатиктер) гиперпролактинемияны шақырады (нейролептиктер).

 

Эпидемиологиясы

13–14 жас арасындағы дені сау жас ер балалардың 50–70%-да көрініс береді (пубертатты гинекомастия). Жалпы алғанда гинекомастияның 30 жастан кіші ер адамдар арасында таралуы 30 %, ал 45 жастан асқан ер адамдар арасында таралуы 50 %.

 

Клиникалық көрінісі

Жаңа туылған балаларда дамитын гинекомастия көкірек бездерінің сәл ұлғаюымен көрінеді. Бірқатар жағдайларда ұзақ болатын гиперпролактинемияға байланысты сүт уызы секілді бөліністер болады. Әдетте гинекомастия симптомсыз өтеді және көкірек бездері ұшының жоғары сезімталдығымен көрінеді. Көкірек безінің типті концентрлі ұлғаюы - оны қоршаған шел май тінімен шектелген параареолалық тығыздалумен анықталады. 80 % жағдайда гинекомастия екі жақты болып табылады. Көкірек безінің бір жақты ұлғаюы ісіктік үрдістің даму мүмкіндігін көрсетеді. Эстроген және ХГ-өндіретін ісіктерге көкірек безі кенет ұлғайып, ауыру және жаншу сезімімен ұштасады.

 

Диагностикасы

1. Физикалық зерттеу: көкірек бездерінің, аталық бездерінің пальпациясы, екіншілік жыныс белгілерінің дамуын бағалау (гипогонадизм симптомдары), жүйелік сырқаттардың клиникалық белгілерін анықтау. Сұрастыру барысында қабылданған дәрілік препараттар мен тағамға биологиялық белсенді қоспалар жөнінде, сонымен қатар алкоголь мен наркотикалық заттар жөнінде ақпараттар жиналады.

2. Зертханалық зерттеулер: тестостерон, эстрадиол, ЛГ, ФСГ, пролактин, ГСПГ, ХГ, бауырлық трансаминазалар.

Көкірек бездерінің УДЗ-сі шынайы және жалған гинекомастияны ажыратуға, қатерлі ісікті анықтауға көмек береді. Аталық бездің УДЗ-сі ісіктік үрдісті жоққа шығару үшін маңызды.

 








Дата добавления: 2016-03-27; просмотров: 891;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.