Дефференциальды диагностикасы
Алкогольді делирийді жедел алкогольді галлюциноздан, инфекциялық, интоксикациялық аурулардан, жедел жарақаттық психоздан және жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің асқынуы кезіндегі психоздан ажырата білу қажет.
Алкогольді делирий жағдайын жедел алкогольді галлюциноздан ажырататын негізгі критерий сананың делириозды күнгірттенуі болып табылады (орын және уақыт бойынша бағдарлау бұзылысы, сахна тәрізді көру галлюцинацияларының ағыны), ал алкогольді галлюциноз кезінде сана анық, массивті вербальды галлюциноз болады, делирийге тән соматоневрологиялық және вегетативтік компоненттер болмайды.
Алкогольді делирий мен инфекциялық және алкогольдік емес уланулар кезіндегі делириозды синдром арасында дифференциальды диагноз алкогольді делирий кезінде инфекциялық аурудың немесе уланудың клиникалық белгілері, серологиялық реакциялар және қанның сәйкес лейкоцитарлық формуласының, температуралық қисықтың, ағзада улану тудырған заттардың анықталмауына сүйеніп қойылады.
Жедел жарақаттық психоздар делириозды тип бойынша сана күңгірттенуімен көрінуі мүмкін. Дифференциальды диагностиканы алкогольды интоксикация кезінде алынған жарақат жағдайы қиындатуы мүмкін.
Жарақаттық делирийге вегетативті және вестибулярлы бұзылыстар тән, ағымы созылмалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда аурудың санасы есеңгіреу белгілерін алады. Бұл кезде галлюцинаторлы бұзылыстар бұлыңғырланады.
Емі
Алкогольді демирийді кешенді түрде және делирийдің клиникалық көрінісінің ауырлығына, оның асқынуына, аурудың соматикалық жағдайына байланысты қатаң индивидуальді түрде емдеу қажет.
Алкогольді демирий терапиясы дезинтоксикациялық, витаминді терапия (В тобының витаминдері), сонымен қатар, психозға қарсы препараттарды қолданудан тұрады.
Улануды дезинтоксикациялық ерітінділер енгізу арқылы жояды. Тиол препраттары кеңінен қолданылады, олардың дезинтоксикациялық қасиеттері құрамындағы токсикалық заттарды байланыстыратын сульфгидрильді топтардың болуымен байланысты. Көбінесе унитиол қолданылады, дене салмағының 10кг-на 5% 1 мл ерітінді есебінде.
Гипертониялық (40% глюкоза ерітіндісі, мочевина, магний сульфаты) және изотониялық (9% ΝаСL ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі) ерітінділерін енгізу көрсетілген.
Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі (ең жақсысы бал қосылған сүт).
Антипсихотикалық терапияның негізгі мақсаты - қозуды жою және ұзақ ұйқы шақыру (16-18 сағатқа дейін). Бұл мақсатқа жету үшін көктамырға транквилизаторлар (5% 4-5мл седуксен ерітіндісі), сонымен қатар бұлшық етке димедрол, пипольфен (0,05г-нан) егеді.
Соңғы жылдарда дәрігерлер бұл жағдайда психотропты дәрілерді (әсіресе фенотиазин туындыларын) қолданудан бас тартуда, бұл препараттар жиі асқынулар туғызып, аурудың өміріне қауіп төндіреді. Барбитураттарды өте сақтықпен қолдану қажет, олардың улы әсері ауыр интоксикацияны одан сайын тереңдете түсуі мүмкін.
Алкогольді делирий терапиясының басты мақсаты жүрек қызметін қалыпты ұстау, оны сүйемелдеу (корглюкон, кордиамин және т.б.), артериалдық қысымның төмендеуінің алдын-алу және мүмкін болатын асқынулармен күресу болып табылады. Ауыр делирий кезінде заманға сай реанимациялық тәсілдер қолдану керек (гемодиализ, гемосорбция).
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1723;