Алкогольді галлюциноз

Алкогольды галлюциноз – алкоголизммен науқастарда дамитын, клиникалық көрінісінде шынайы вербальды галлюцинациялар басымдылық көрсететін психоз; бұл кезде науқас санасы формальды түрде анық.

Осы психозды зерттеп бастағаннан алғашқы он жылдықта бұл психоз жеке форма түрінде сирек кездесетін ауру ретінде қарастырылды. Соңғы уақыт мәліметтері бойынша жедел алкогольді психоздар ішінде алкогольді галлюциноз бен алкогольді параноидтың кездесу жиілігінің салыстырмалы түрде өскендігі бақылануда.

 

Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы

 

Алкогольді галлюциноздың клиникалық көрінісі шынайы, вербальды галлюцинациялармен сипатталады. Галлюцинациялар науқас үшін жағымсыз сипатта болады: балағат, қауіп туғызу, жәбірлеу. Науқасты «алкоголик, отбасын күйреткен маскүнем» деп айтады. Бұл кезде науқас санасы айтарлықтай өзгермейді, науқас орын, уақыт, өзіндік тұлғасы бойынша дұрыс бағдарланған.

Галлюцинаторлық бұзылыстарға сын көзқарас болмайды. Көңіл-күйі галлюцинация тематикасына сәйкес келеді, науқасты жиі үрей, күдік билейді, кейде науқас жабырқау күйде болады. Науқастың жүріс-тұрысы галлюцинация мазмұнымен анықталады. Соңына түсу, қатынас сандырақтық идеялары қосылуы мүмкін.

Императивті галлюцинациялар науқастың өзі және айналасындағылары үшін қауіпті, сондықтан да әлеуметтік қауіп те тудырады: науқас өзіне бағытталған бұйрықты дауыстар естиді (мысалы, біреуді өлтір, терезеден секір) деген сияқты. Бұл бұйрықтарды науқас орындауы мүмкін. Әрі қарай вербальді галлюцинацияларға элементарлы тұрақсыз көру галлюцинациялары қосылуы мүмкін.

Ағымына қарай алкогольді галлюциноз жедел (2 күннен 4 аптаға дейін) және созылмалы болып бөлінеді. Сонымен қатар, алкогольді галлюциноздың аралық, жеделдеу ағым типі де болады.

Жедел алкогольді галлюциноз жиі кенеттен, ереже бойынша, алкогольді ұзақ уақыт шектен тыс қолдануды тоқтатқаннан кейін пайда болады, тұрақты ұйқысыздықпен, астениямен жүреді. Көңіл-күйі төмендейді, кейде шамалы қимылдық қозу байқалады.

Алкогольді галлюциноздың пайда болуы мен дамуы тек алкогольдік улануға байланысты емес. Алкогольді галлюциноз дамуы үшін ұзақ уақыт уланудан өзге, зат алмасу бұзылысы, бас миының органикалық өзгерістері, жарақаттар, конституциалды ерекшеліктер қажет.

Алкогольді галлюцинозды, әсіресе созылмалы түрін, алкоголизммен асқынған шизофрениядан ажырата білу қажет. Соңғы жағдайға тұлғаның өзіне тән шизофрениялық өзгерістері, типті синдромдардың (соның ішінде алкогольді галлюциноздың да) құрылымы мен алмасуы тән.

 

Емі

Жедел алкогольді галлюцинозбен науқастар, олардың қоғамға қауіптіліктері нәтижесінде психиатриялық стационарға шұғыл госпитализациялауды қажет етеді.

Олардың емі кешенді болуы керек. Емнің міндетті компоненті дезинтоксикация – алкогольді интоксикация салдарын жою болып табылады. Ол үшін алкогольді делирий кезіндегіден едәуір аз мөлшерде және аз ұзақтықта дезинтоксикациялық ерітінділер, витаминотерапия (В тобының витаминдері) тағайындалады.

Жедел алкогольді галлюцинозды емдеуде продуктивті психотикалық симптоматиканы жою басты міндет болып табылады. Алкогольді галлюционезбен науқастарға психотропты дәрілер тағайындалады: галоперидол (тәуліктік мөлшері 0,01- 0,015 г), тизерцин (тәуіліктік дозасы 0,15-0,2г), этаперазин (0,03-0,04г). Бұл нейролептиктермен емдеуді артериялық қысымды бақылай отырып, бұлшық етке енгізуден бастау керек.

Емедеу кезінде асқынулар болуы мүмкін: аллергиялық реакциялар, бұлшық ет спазмдары және т.б. Әсіресе тыныс бұлшық еттерінің спазмы өте қауіпті. Нейролептиктердің тәуліктік дозасы бұлшық етке енгізу, ішке қабылдау кезінде де 3-4 рет қабылдауға бөлінеді. Галлюциноз жойылғаннан соң 1-1,5 аптадан кейін доза төмендетіледі. Доза төмендетілген соң преппаратты бір реттік (кешке) қабылдауға көшеді.

Алкогольді галлюцоноздың созылмалы ағымында психотропты дәрілермен (галоперидол, аминазин, тизерцин) ұзақ ем курсы тағайындалады. Бұл кезде белсенді витаминотерапия және еңбек терапиясы жүргізіледі.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2552;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.