Дифференциальды диагностикасы
Эпилепсияны белгілі бір нақты ауру кезінде бақыланатын эпилептиформды синдромнан ажырату қажет: ми iсiгi, ми мерезi, ми қантамырлық аурулары, энцефалиттер, истреиялық ұстамалармен жүретін невроздар және т.б.
Эпилепсияны дифференсцациялауды қажет ететін аурулар тобы өте көп - балалық шақтағы спазмофилиядан бастап кәрiлiк жастағы мидың атрофиялық және қантамырлық зақымдануларына дейiнгi аралықта. Эпилепсияны бұл аурулардан ажырату үшiн клиникалық суреттемесiн толықтай қарастыру қажет. Ұстамалардың шығу тегіндегі айырмашылықтар осы ауруды ерте анықтау мен сәйкес ем қолдану үшін маңызды. Әртүрлi аурулар кезіндегі эпилептиформды синдромдар бiрдей емес, клиникалық көріністері, жиiлiгi, дамуы, ұстама аралық жағдайлардың ерекшелiгiмен, басқа да клиникалық және параклиникалық белгiлерiмен ерекшеленеді.
Эпилепсияны бірінші кезекте ми iсiгi кезіндегі эпилептиформды синдромнан дифференцациялау керек. Бұл iсiктерге Джексондық ұстамалар тән (локальды, бұлшық еттер тобының тырысуларынан басталады, мысалы, сол қол немесе аяқтың, дененің басқа бұлшық ет топтарына таралмайды), бұлар эпилепсия кезiнде кездеспейді. Ми iсiктерiне фокальды пароксизмдер тән: дәм сезу және иiс сезу галлюцинациялары, афатикалық бұзылыстар, бiр жақты парестезиялар. Жалпы милық синдромдар, неврологиялық бұзылыстар ми iсiгiнiң клиникалық суреттемесiнен эпилепсиядан ажыратып тұрады.
Истериялық ұстама кезінде эпилепсиядан айырмашылығы сана толығымен жойылмайды, науқас қоршаған орта тітіркенгіштеріне жауап береді, және жиі науқастармен контактқа түсу мүмкін болады. Истериялық ұстамалар, ереже бойынша, психикалық жарақаттан кейiн пайда болады. Ұстамадан кейiн науқас санасы қалпына келедi, ал эпилепсиядан кейiн кома жағдайы, сопор немесе ұйқыға ауысатын есеңгіреу жағдайы дамиды.
Эпилепсия ұстамасы кезеңі жөнінде естеліктер толығымен жойылады, ал истериялық ұстамада олар сақталады. Эпилепсиялық ұстама кезіндегі фазалар ретті болып келеді, ал истериялықта бұл болмайды. Истериялық ұстама кезiнде науқастың көз қарашығының жарыққа әсерi сақталған, эпилепсиялық ұстама кезіндегідей патологиялық рефлекстер байқалмайды. Эпилепсия кезінде ЭЭГ-да эпилепсиялық белсенділік белгiлерi, ұстама кезінде – барлық әкетулерде жоғары амплитудалы жиi және баяу тербелiстер, пик тәрiздi толқындар болады. Ұстама аралық кезеңде өкпе гипервентиляциясы жағдайында жедел және баяу толқындар пайда болады.
Арахноидиттер мен энцефалиттер кезінде полиморфты белгiлермен күрделi фокальды ұстамалар байқалады. Вегетативтi және вестибулярлы бұзылыстар орын алады. Ұстамалар жиі дене қызуының жоғарылауымен тыныс алу бұзылуымен жүреді. Ұстамалар аса өзгермелі келедi. Психикалық бұзылыстар астениялық симптомдармен, жады төмендеуiмен, зейін әлсiреуiмен, аффективті бұзылыстармен көрініс береді.
Эпилепсияны бас миының цистицеркозынан ажырата бiлу керек, бұл аурудың үштен бір жағдайында эпилептиформды ұстамалар байқалады. Цистицеркоз кезіндегі пароксизмдердің клиникалық суреттемесi құрылымы мен ұстама басталуына қарай әртүрлi болып келеді, жиі фокальды ұстамалар кездеседi. Мұнымен қатар, ми цистицеркозасы кезінде эпидемиологиялық анализдiң, неврологиялық және офтальмологиялық зерттеулер мәлiметтерiнiң маңызы зор. Маңызды дифференциальды-диагностикалық критерий ликвордағы цистицеркоз антигенімен компелемент байанысу оң реакциясы, аурудың интермиттирлеуші ағымы болып табылады.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2007;