Этиологиясы мен патогенезi

 

Пресенильдi психоздар жеке нозологиялық бірлiк ретiнде өткен ғасырдың соңында, жасқа байланысты белгiлері бойынша бөлiндi. Пресинильдi психоздардың жеке формаларының психопатологиялық айырмашылықтары, басқа психикалық аурулармен ұқсастығы олардың нозологиялық жекелiгiн терiске шығаруға себеп болды. Олар шизофренияның, маниакальды – депрессивтi психоздың, атресклероздың немесе т.б. жасқа байланысты психикалық ерекшелiктердің арнайы көрiнiстерімен жүретін аурулардың көрінісі ретiнде қарастырыла бастады. Пресенильді психоздардың нозологиялық табиғатына деген тұрақсыз көзқарас осы кезге дейiн сақталып келді. Бiрақ көптеген психиатрлар пресинильдi психоздың нозологиялық жекелiгiн мойындайды, және бұл психикалық аурулардың қолданыстағы жiктеуiнде белгiленген.

Пресенильдi психоздардың пайда болуы тек жасқа байланысты емес, басқа да факторларға тәуелді: соматикалық және инфекциялық аурулар, тұрмыстық қолайсыздықтар, өмiрлiк стереотиптiң өзгеруi (жаңа пәтерге көшу, жұмыстан шығу және т.б.). Пресенильдi психоздар дамуына бейiмдеушi характерологиялық ерекшелiктер де бар: күмәншiлдiк, үрейшілдік, сенімсіздік, жоғары жауакершілік сезімі. Бiрақ экзогендi зияндылықтар және науқастардың преморбидтiк ерекшелiктерінің рөлi жөніндегі пікірлер арнайы зерттеулерге емес эмперикалық мәлiметтерге сүйенген.

Пресенильдi психоздар жиі әйелдерде климакс алды және климакс кезеңiнде пайда болады. Осыған байланысты кейбiр авторлар ағзадағы инволюциялық ауытқуларды эндокринологиялық өзгерiстерге сайып, осы арқылы психикалық аурудың сипатын түсiндiрмек болды. Пресенильдi психоздармен науқастарды арнайы зерттеу, және эндокриндi препараттармен емдеудiң нәтижесiздiгi бұл теорияның сенiмсiздiгiн дәлелдедi. Сонымен қатар эндокриндi ауытқулар эмоциональды бұзылыстар дамуында аса маңызды деп санауға негiз бар.

Инволюциялық, және кәрілік психоздарының этиологиясы мен патогенезi мәселесі аз зерттелген. Оның шешуi биологиялық және әлеуметтiк-психологиялық аспектiлердi, зат алмасу бұзылыстарын, интоксикацияларды қоса алғанда қартаюдың жалпы проблемаларын зерттеумен тығыз байланысты. Кәрілік алды және кәрілік кезеңдегі психикалық бұзылыстар дамуында жалпы жасқа байланысты өзгерістермен қатар психогендi жарақаттар мен соматикалық зияндылықтардың рөлi де көрсетiлген.

Соңғы жылдарда психоз дамуының себебiн түсiнуде қартаю аспектiлерiнiң генетикалық мәлiметтерi қолданылуда.

Ми атрофиясы, соның iшiнде кәрiлiк ақылкемдігімен науқастарда психикалық бұзылыстардың болмысын анықтау үшiн олардың миындағы морфологиялық өзгерiстер жөніндегі мәлiметтер маңызды. Кәрiлiк ақылкемдігі, атрофиялар кезінде ОЖЖ-де белгiлi бір макро - және микроскопиялық өзгерiстер анықталады. Макроскопиялық зерттеу кезiнде мидың әртүрлi бөлiгінде атрофиялық өзгерістер, ми қабықтарының жабысулары және бұлыңғырлығы байқалады. Бұл атрофиялық өзгерiстер компьютерлiк томография және пневмоэнцефалографияда анықталады. Микроскопиялық зерттеуде ганглиозды жасушалардың дегенерациясы, майлы қайта түзілуі анықталады. Қарттық психозбен науқастар миынан сенильдi табақшалардың табылуы типті болып саналды, бiрақ мұндай пікір толық негізделмеген.

Пик және Альцгеймер аурулары кезіндегі бас миындағы өзгерiстер қарттық ақылкемдігіне ұқсас келедi. Бiрақ олар локальдылығымен, мидың белгiлi бiр бөлiктеріндегі атрофиялық үрдістермен ерекшеленедi.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2122;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.