Пропорционалдық шамалар әдісі
Өз еркімізше, пропорционалдық шамалар әдісіне сәйкес, эқк көзінен қашықта орналасқан схеманың тармағындағы (негізгі тормақ) белгілі бір токтың, мысалы 1A токтың жағыдайын қарайық. Одан әрі, схеманың соңынан оның басына, яғни кіру қысқыштарына қарай қозғала отырып, тармақтардағы токтарды және схеманың әр түрлі бөліктеріндегі кернеулерді табамыз. Егер бастапқы тармақта 1A ток жүрген болса, онда есептеу нәтижесінде, схемадағы Umn-кернеуінің мәнін және тармақтағы токтарды аламыз.
Жалпы жағдайда осындай жолмен табылған Umn-кернеуінің мәні эқк көзіне тең емес, сондықтан барлық тармақтардағы токты өзгертіп, оларды эқк көзінің схеманың басында табылған кернеудің мәніне қатынасына тең коэффициентке көбейту керек.
Пропорционалдық шамалар әдісін (егер оны басқа әдістермен жекелеп қараса), біз схемада бір ғана көз болған жағдайда және тек қана кедергілері тізбектей және параллель қосылған тізбектерді есептеу үшін қолданамыз.
Алайда, бұл әдісті басқа әдістермен де (үшбұрышты жұлдызға түрлендіру, беттестіру әдісі және т.б.) бірге қолдана беруге болады. Оларға төменде тоқталамыз:
Үшінші мысал: Пропорционалдық шамалар әдісі бойынша 7-ші суретіндегі схемадан тармақтардағы токты анықтау керек. Схемадағы кедергілер оммен берілген.
Шешуі:Кедергісі 4 Ом тармақта ток 1 А-ге тең деп есептеп, қалған тармақтардағы (суретте токтардың сандық мәндері дөңгелектердің ішінде жазылған) токтарды есептейміз. Суреттегі m- және п- нүктелердің арасындағы кернеулер 1.4+3.3+4.3=25В. Эқк-i Е=100В болғандықтан токтарды коэффициентіне көбейту керек.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 3924;