IV. Шамаларды оқыту әдістемесі.
«Шамалар және оларды өлшеу» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт, аудан, көлем; шамалардың өлшем бірліктері мен арақатынасы; сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде, шамалар мәніне амалдар қолдану; шаманың үлесі және оларды салыстыру; шамалардың өзара байланысы және тәуелділік. Шамалар мен оларды өлшеуді кезеңдер бойынша оқыту және қарапайым шамалар мен олардың бірліктері жайлы түсініктерді пайдалану құзыреттіліктерін қалыптастыру, шамалардың мәндеріне (қысқаша шамаларға) амалдар қолдану технологиясы.
«Алгебра элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: санды теңдік және санды теңсіздік; санды өрнек, өрнектің мәні, өрнектердегі амалдарды орындаудың рет тәртібі, әрпі бар өрнек, өрнектерді қарапайым теңбе-тең түрлендірулер, теңдеулер және оларды шешу тәсілдері; есепті алгебралык тәсілмен шешу. Өрнектерді оқу, жазу және мәнін табу, қарапайым тендеулерді шешу, есепті тендеу кұру арқылы шешу ерекшеліктерін түсіну құзыреттіліктерін қалыптастыратын алгебра элементтерін кезендер бойынша оқыту технологиясы.
«Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: қарапайым геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері мен белгіленуі; қарапайым геометриялық салулар; геометриялық мазмұнды есептер, геометриялық шамалар (фигураның периметрі, ауданы мен көлемі) және көпбұрыштардың периметрлерін, тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің (текшенің) көлемін есептеп табу. Геометриялык фигураларды ажырату, қарапайым салуларды орындау, геометриялық шамаларды өлшеу және геометриялық фигуралардың периметрін, ауданын және көлемін есептеп табу құзыреттіліктерін қалыптастыратын геометрия элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
3.Қарапайым түсініктерді қалыптастыру бірінші сынып оқушыларын математиканы оқытуға дайындаудың қажетті шарты болып табылады.Сол себепті «Қарапайым түсініктер» тақырыбына математикалық объектілерді оқытуға практикалық негіз болатын материалдар шоғырландырылған.
«Қарапайым түсініктер» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын окыту' технологиясы. Балалардың мектепке дейінгі тәжірибесін жүйелеу және жалпылау, математикалық нысандарды оқытуға база дайындау, заттарды санау, заттар мен олардың топтарын салыстыру; ұзындық және оны шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу, кеңістік және уақыт аралығы, геометриялық фигуралар жайлы түсінік қалыптастыру; практикалық әрекеттер (біріктіру, бөліп алу, тұстастыру, бөліктерге бөлу, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу) технологиясы.
«Сандар нумерациясы» мазмұндық-әдістемелік желі материаддарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: сан және цифр; санның есептік және реттік сипаттамасы, ондық санау жүйесі, бір танбалы сандар, ондықтар, екі, үш және көп таңбалы сандар. Концентрлер бойынша сандарды оқыту және сандарды оқу, жазу, салыстыру мен жіктеу (разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде) құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
«Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: амалдардың мән-мағынасы; математикалық символика; арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері; өзара кері амалдар; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтудің үлестірімділік қасиеті; 0 мен 1-дің қасиеттері. Амалдарды және олардың қасиеттерін кезеңдер бойынша оқыту, математикалық терминдерді, символдарды қолдана алу құзыреттіліктерін қалыптастыру және есептеу тәсілдерінің негіздері бойынша білімдерін қолдану технологиясы.
«Есептеу тәсілдері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: «ерекше» (нөл және бірмен байланысты), кестелік және кестеден тыс жағдайлардағы ауызша есептеу тәсілдері; арифметикалық амалдар алгоритмі. Сандарға амалдар қолдану тәсілдерін кезеңдер бойынша оқыту және есептеулер орындау құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
«Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: «есеп» ұғымы; жай (әр амалдың мән-мағынасын ашуға, айырмалық және еселік салыстыруға, шамалар арасындағы байланыстар мен тәуелділікке негізделген, «үлес» ұғымымен және пропорционал шамалармен байланысты) есептер; кері есептер; кұрама есептер; геометриялық мазмұнды есептер; шығармашылық әрекетпен байланысты тапсырмалар, есепті арифметикалық, алгебралық, графикалық және практикалық тәсілмен шешу. Проблеманы модельдеу мен оны шешу құзыреттілігі ретіндегі есепті шешу біліктерін қалыптастыру бойынша түрлі көзқарастар мен тәсілдерге бағытталған есепті шығаруға үйрету технологиясы.
Осы тақырып бойынша оқушылар- оқытудың міндеттерін, оқытудың кезеңдерін, әдіс-тәсілдерін, қолданылатын көрнекіліктерді; жалпы есеппен жұмысты: есептің түрі, дайындық жұмысына ойластыра білу, мазмұнын талдай білу, қысқаша белгіленуін, есепті тексеруді, есепті әр түрлі тәсілмен шығара білуі, берілген есепке кері есеп құрастыра алуы; сабақ жоспарын құрастыра білуді; сабақтан үзінді өткізе білуі тиіс.
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 11080;