Бақылау сұрақтары. 1.Бастауыш мектеп математикасын оқытуда пәнішіңдік байланыс негізінде оқытудың мазмұнын интеграциялау дегеніміз не?
1.Бастауыш мектеп математикасын оқытуда пәнішіңдік байланыс негізінде оқытудың мазмұнын интеграциялау дегеніміз не?
2.Курстың мазмұндық желілері: «Теріс емес бүтін сандар арифметикасы», «Шамалар және өлшеу үдерісі», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері» нені зерттейді?
3.Курстың мазмұндық-әдістемелік желілері: «Қарапайым түсініктер», «Сандар нумерациясы», «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері», «Есептеу тәсілдері», «Есеп және оны шешу кезеңдері», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері» нені зертт
Әдебиеттер:
1. Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.
2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.
3. Алиева К.С.,Байдыбекова Е.И. Бастауышта математиканы оқыту әдңстемесі.Шымкент, 2014.
4.Акпаева А.Б., Лебедева Л.А. Методика обучения математики младших школьников. - Алматы, 2008.
5.Акпаева А.Б. Практические и лабораторные занятия по методике преподавания математике в начальной школе,- Алматы: АГУ им. Абая. 2003.
6.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.
7.1-4-сыныптарга арналған математикадан ОӘТ. - Алматы: «Атамұра», «Алматы кітап» баспалары. 2008-2010.
Лекция 10
Тақырыбы : Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мәселелері.
Жоспар
1.Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мәселелері. Оқытудың мақсаты, міндеттері мен нысандарының, оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптарының; жаттығулар, иллюстрациялар, көрнекі құралдар жүйесінің; әр мазмұндық-әдістемелік желінің материалдары бойынша тапсырмалар іріктеу және сабақтардың үзінділерін дайындаудың сипаттамасы.
2.Әр мазмұндық-әдістемелік желінің ұғымдары әрекет тәсілдерін оқытып-үйретуде пәндік құзыреттілік қалыптастыруға түрлі әдістемелік тұрғыдан қарау. Оларды қарастырудың әр түрлі кезеңдерінде мәселелерді оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.
1.Пәннің негізгі қызметі мектеп мұғалімінің математиканы оқыту әдістемесі бойынша кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Математиканы оқыту әдістемесі психологиялық-педагогикалық пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық негіздерін оқып болған соң қарастырылады. Психология, педагогика және математика курстарын оқып- үйрену барысында математиканы оқыту әдістемесі енгізілгенге дейін қажетті дайындықтан өтті. Олар математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер мен іс-әрекет тәсілдерін, дидактикалық ұстанымдарды және оқыту мен тәрбиелеу барысын құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс табатын заңдылықтарды, бала дамуының және білім, білік, дағдыны меңгертудің психологиялық заңдылыктарын, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістерін игерген болатын. Ал математиканы оқыту әдістемесі мен бастауыш мектептегі басқа да оқу пәндері бойынша дербес-әдістемелік пәндерді оқытып-үйрету барысында тек кіріктірілген құзыреттіліктерді (коммуникативтік, ақпараттық және проблеманы шешу және т.б.) ғана емес, бастауыш мектептегі математиканы оқытуда практикалық құзыреттіліктерді де қалыптастыру көзделеді.
Пәнді оқытып-үйретудің нәтижесі сабақ беріп көру және өндірістік практиканы өткізуге, шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі, математикадан көрнекі құралдарды дайындау технологиясы, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің тарихы пәндерін енгізуге база болып табылады.
05010200 ‑ Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары негізінде әр төрт жылдан кейін өңделіп, жетілдіріліп, жаңартылып, оның жаңа нұсқасы іске қосылады. Оның үстіне мектептердің 12 жылдық білім беруге көшуі жаңа жағдайда педагогикалық әрекет жасауға дайын болатын жаңа формация мұғалімін дайындауға себепші болып отыр. Осының бәрі математиканы оқыту әдістемесі бойынша типтік бағдарламаны дайындаудың қажеттігін көрсетеді.
Типтік бағдарламаның негізгі бөлімі бес бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде қарастырылады, ол өз кезегінде студенттерге ғылымның нысанын, пәнін, мақсаттарын, міндеттері мен әдістерін, оқу пәнін оқытып-үйретудің мақсаттылығын сезінуге мүмкіндік береді.
«Математиканың бастауыш курсы - оқу пәні» бөлімі бағдарлы-мотивациялық қызмет атқарады, мұнда студенттер оқу пәні ретіндегі математиканың нормативті-құқықтық және мазмұндық-процессуалдық сипаттамасымен танысады.
«Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру» бөлімінде математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негізі, оның негізгі формасы ретіндегі сабақ, математика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы оқытылып-үйретіледі. Бұл болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінде сабақтарда оқыту мен математикадан сыныптан тыс жұмыс үдерісін ұйымдастырумен байланысты дидактикалық біліктер қалыптастыруға септігін тигізеді.
«Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері» бөлімінде курс мазмұнының ұксастығына қарай желілерге, мазмұн мен әдістемесінің ұқсастық желілеріне сипаттама беріледі, математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің материалдарын оқытудың жалпы мәселелеріне ерекше мән беріледі, бұл өз кезегінде студенттердің бастауыш курстың пәндік мазмұны мен оны оқытудың әдістемесін бағдарлай алуына мүмкіндік береді.
«Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдерін оқытудың технологиясы» бөлімі бастауыш мектеп математикасының мазмұндық-әдістемелік желілерінің әрқайсысы бойынша ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытудын процессуалдық аспектілерін нақтылауға арналады. Бұл математика пәнінің ерекшелігін ескере отырып, студенттердің кәсіби біліктері мен дағдыларын игеруге себепші болатын теориялык білімді әр түрлі жағдаяттарда қолдана алудың практикалық біліктеріне машықтандыруға мүмкіндік туғызады.
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 4575;