Тақырыбы: «Сандар нумерациясы» мазмұндық-әдістемелік желі материаддарын оқыту технологиясы.

Жоспар

1.«Сандар нумерациясы» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

2.Желінің негізгі нысандары: сан және цифр; санның есептік және реттік сипаттамасы, ондық санау жүйесі, бір таңбалы сандар, ондықтар, екі таңбалы сандар

 

1.10 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқытуда сандарды шығарып алу және оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту амалдарымен таныстыру теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудығы алғашқы кезеңі болып табылады. Сандар нумерациясын оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшелігі тақырып біртіндеп кеңейеді және төмендегідей ретпен даму арқылы қарастырылады: он көлеміндегі-нөл саны-жүз көлеміндегі сандар, мың көлеміндегі сандар-миллион көлеміндегі сандар.

Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымын анықтау. Оқытудың міндеттері:

1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әртүрлі тәсілмен шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды цифрлармен белгілеу, меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.

2.1-ден 10-ға дейінгі (және керісінше) сандар ретін еркін меңгеру, игеру. Сандар қатарындағы 0 санының орнын білу.

3. Сандарды салыстыру және оның нәтижелерін >,<, = таңбаларымен белгілей алу біліктерін қалыптастыру және теңдік пен теңсіздік ұғымдарын қалыптастыру.

4. 10 көлеміндегі сандар құрамының барлық жағдайларын берік игеру.

5. «Бір және екі таңбалы сан» ұғымдарын ,бірдің және нөлдің қасиеттерін меңгерту.

Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін (олар үшеу) қарастыру барысында:

а) кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып алуға болады

ә) Санды шамамен өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы;

 

б) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады:

 
 

 

 


4 + 1 = 5

 
 

 

 


5 – 1 = 4

Демек, сан арифметикалық амалдың нәтиесін сипаттайды.

в) Сандардың атауларын игеру жүзеге асырылады: оқушылар санды істиді және айтады (дыбыс сияқты), сонымен бірге санды таңбалардың, яғни цифрлардың (әріп сияқты) көмегімен жазумен таныстыру; оқушылар санды белгілейтін таңба ретінде цифрды көрсетеді және жазады, демек, ауызша және жазбаша нумерация бір уақытта енгізіледі.

г) Цифрларды жазу біліктері төмендегідей жоспар бойынша қалыптастырылады:

цифрдың баспа және жазба түрімен таныстыру: оларды ажырата алуға басқалардың ішінен тани білуге үйрету;

«Цифр неге ұқсайды?», «Цифрды қайдан көрдіңдер?», «Нешеу, көрсет?» (сан – зат және керісінше) балалар ойындарын қолдану:

 
 

 


цифрды жазу үлгісін талдау: цифр қандай элементтерден тұрады (кесте, оқулықта, тақтада, дәптерде);

қол қозғалысының бағыт игеруі: ауада жазу, тақтада біртіндеп жазу, дәптердегі үлгіні бастыру;

цифрды өз бетімен жазу: әлдеқайда әдемі жазылғанын (бір сызықпен сызады) және сәтсіз жазылғанын (екі сызықпен сызады) таңдату.

2. Бір таңбалы сандар ретін анықтауға және натурал сандар қатары құруға үйрету.

а) Натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныстыру жүзеге асырылады: санға 1-ді қосу арқылы келесі сан шығады, ал саннан 1-ді азайту барысында оның тікелей алдында келетін сан шығады, яғни сандар қатарындағы санға 1-ді қосып, келесі санды, саннан 1-ді азайтып, алдыңғы санды шығарып алуға болады.

ә) Оқушылар тура және кері бағытта санауға үйренеді, яғни кез келген саннан бастап, өсу және кему ретімен санайды.

б) Сандар қатарындағы сандардың орнын анықтау оларды салыстыру арқылы іске асырылады: 5>4, демек, ол сандар қатарында 4-тен кейін тұрады, ал 4<5, яғни ол сандар қатарында 5-тің алдында тұрады, демек, 5 саны 4 және 6 сандардың арасында тұрады.

Алдыңғы санды, кейінгі санды, берілген сандар арасындағы санды, берілген санның көршілерін атау;

ең кіші таңбалы, ең үлкен бір таңбалы санды атау;

әр жаңа санды белгілі сандармен салыстыру;

«Жалғастыра санау», «Эстафета», «Доп лақтыру», «Көршісін ата», және т.б. ойындарды қолдану.

в) 0 (нөл) санымен таныстыру 1 және 2 сандарын оқытып үйреткеннен кейін іске асырылады.

Дорбада бір доп бар, мұғалім оны бір балаға береді: «Мен не істедім? Неше доп қалды?» жауап: «Ешнәрсе қалған жоқ». Егер ештеңе жоқ болса, оны біз 0 деп түсінеміз. (Екі қарындашпен көрсетуге болады), демек, 1-1=0, 2-2=0.

1,2 және 0 сандарын салыстыру және сандар қатарындағы 0-дің орнын анықтау: 0<2; 0>1, демек, 1-дің алдында сол жақта бірінші тұрады және ең кіші сан болады.

Осының нәтижесінде сандар қатары және ондағы әр санның орны туралы ұғым қалыптасады.

3. Сандарды салыстыруға үйрету.

а) Сандарды салыстыру екі топ заттарын салыстыру арқылы іске асырылады.

 

 

Қайсысы кем: немесе ? Қайсысы артық? Неге?

       
 
   

 


3 және 4 сандары туралы не айтуға болады?

3<4 және 43.

ә) Кейінірек оқушылар көрнекілікке сүйенбей, сандар қатарындағы реті туралы білім негізінде сандарды салыстыруға үйренеді:

5>4, өйткені санағанда бес төрттен кейін айтылады;

3<5, өйткені санағанда үш бестен бұрын айтылады.

б) Сандарды салыстыру нәтижесі <,<, = таңбаларының (бір сабақта бір уақытта) көмегімен жазылады.

 
 

 


Сол жақта оң жаққа қарағанда жалаушылар арты;

Жалаушылар санын 1 және 2 цифрларымен белгілейді;

2 саны 1-ден артық екені анықталады. 2>1;

«>» таңбасын көрсетіп, бұл «артық» таңбасы деп түсіндіріледі («<» және ұқсас «=»).

Таңбалардың ерекшеліктерімен танысады: таңбаның төбесі кем санға, ал сәуле жағы артық санға бағытталады; жазу солдан оңға қарай оқылады; 1<2 (бір екіден кем).

«Таңбаны тап»: 4*5, 6*3, 4*4; «Қатесін тап»: 7<8, 7<6, 7=7;

 
 

 

 


«Сандарды тап»: >1; <5; > ;

 
 

 

 


> ; = дидактикалық ойындарды қолданылады;

«теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарымен таныстыру көрсету арқылы іске асырылады: 2>1, 1<2 – бұлар теңсіздіктер, ал 2=2, 1=1 – бұлар теңдіктер.

«<» «>» таңбаларымен жазылған жазу теңсіздіктер деп, ал «=» таңбасымен жазылған жазу теңдіктер деп аталатыны хабарланады;

«теңдік» ұғымы кеңейтіледі; «+» және «-», сондай-ақ «=» таңбаларымен жазылған жазу да теңдік болады. 2+1=3, 3-2=1, 3-1=2, 3=2+1.

4. 10 көлеміндегі сандар құрамын меңгерту.

а) 10 көлеміндегі әр санның құрамы сол санмен таныстырылғаннан кейінгі сабақта оқытылады:

қосылғыштың біреуі 1 болған жағдайда (сандар нумерациясы туралы білім негізінде) 10 көлеміндегі кез келген санның құрамын анықтай алу, мысалы, 3=2+1, 4=3+1; ...; 10=9+1;

қосу жағдайларындағы білім негізінде сандар құрамын оқып үйрену:

3+2=5, 5=3+2; 6+3=9 9=6+3;

қосудың ауыстырымдылық қасиеті негізінде сандар құрамын есте сақтауға арналған жағдайларды екі есе қысқарту:

«4 және 1», «3 және 2» 5 санның құрамын анықтайтынын білсе, жеткілікті, өйткені, егер 5 4+1 болса, онда 5=1+4, егер 5=3+2 болса, онда 5=2+3.

ә) Сандар құрамын оқытуға және бекітуге арналған жаттығулар қолданылады.

 
 

 


Төменгі сөреге 1 (2,3,4) дөңгелектерді алып қою, яғнм 5=4+1; 5=3+2; 5=2+3; 5=1+4.

 
 

 


Екі беті екі түске боялған дөңгелектер; алма-кезек аударылып қойылады.

5=4+1

 
 


5=3+2

 

«Баспалдақ» тік төртбұрышын кезекпен бояу;

 

сандар құрамының екі түсті кестелері.

«Қолымда нешеу екенін тап», «Әйнекшелерді толтыр», ; «Санды тап», «Құлыптың кілтін тап», «Үйлерге қоныстандыр» дидактикалық ойындары.

5. «Бір таңбалы және екі таңбалы сан» ұғымдарын меңгеру.

а) 10 көлеміндегі барлық сандар оқытылғаннан кейін 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 «сандар қатары» ұғымымен таныстырылады.

ә) Мұнда санды жазу үшін бір таңба (цифр) қолданылса, олар – бір таңбалы сандар.

б) 10 саны – екі таңбалы сан, өйткені оны жазу үшін екі таңба: 1 және 0 цифрлары қолданылады.

в) Тиянақтауға арналған жаттығулар беріледі:

0 1 2 6 10

 

10 7 4 1

 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің ойындарды математиканы оқыту процесінде пайдалану мүмкіндіктері зор. Осыған сәйкес біз өз жұмысымызда «Теріс емес бүтін сандарды нөмірлеу» тақырыбын оқытуда ойындарды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін арнайы сөз етіп, олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсетуді жөн көрдік. Бұл тақырыпты оқытып-үйретудегі ең басты міндет – оқушылардың сан және цифр жайындағы түсініктерін қалыптастыру, сандардың атауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру.

Сан туралы түсінікті дамыту ондықтар мен жүздіктерді, екі таңбалы сандарды шығарып алумен таныстыруды көздейді, бұл теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудың екінші кезеңі деп аталады. Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі:

1. Ондықты шығарып алу және «натурал сандар» ұғымы.

2 «Толық ондықтар» және «Жүз» ұғымдарымен таныстыру

3. 100 көлемінде екі таңбалы сандарды шығарып алу, оқу және жазу

4. Екі таңбалы сандарды салыстыру және сандардың разрядтық құрамын оқыту

Бақылау сұрақтары:

1.Сан және цифр бір-бірінен айырмашылығы неде?

2. Есептік және реттік натурал сандарды ата.

3.Натурал сандар оқыту міндеттерін ата.

4.Ондық санау жүйесі дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.

2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.

3. Алиева К.С.,Байдыбекова Е.И. Бастауышта математиканы оқыту әдңстемесі.Шымкент, 2014.

4.Акпаева А.Б., Лебедева Л.А. Методика обучения математики младших школьников. - Алматы, 2008.

5.Акпаева А.Б. Практические и лабораторные занятия по методике преподавания математике в начальной школе,- Алматы: АГУ им. Абая. 2003.

6.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.

7.1-4-сыныптарга арналған математикадан ОӘТ. - Алматы: «Атамұра», «Алматы кітап» баспалары. 2008-2010.

Лекция 13








Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 13594;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.025 сек.