Зімен тектес басқа шамаларды өлшеу үшін қолданылатын белгілі шама өлшек бірлігі немесе бұл тектес шамалардың өлшеуіші деп аталады.

Шаманы оқытудың міндеттері төмендегіше :

1) Кесіндінің ұзындығы туралы нақтылы білім қалыптастыру ;

2) Ұзындық бірлігімен , олардың арасындағы қатынаспен таныстыру .

3) Өлшеу дағдыларын қалыптастыру (сызғыш) ;

4) Ұзындықты қосу және азайту ( санға көбейту және бөлу );

5) Дененің массасы және ыдыстың сыйымдылығы туралы нақты түсінік қалыптастыру ;

6) Оқушыларды масса бірліктері (кг, г, т, ц ) және олардың арасындағы қатынаспен , сыйымдылық бірлігі литрмен таныстыру .

7) Өлшем бірліктерін өрнектей білуге үйрету ;

8) Масса бірліктерін қосу және азайту ( санға көбейту және бөлу ) біліктілігін қалыптастыру ;

9) Көлем .Текшенің көлемін таба білуге үйрету , іс жүзінде қолдана білу білігін қалыптастыру.

10) Уақыттың өлшем бірлігімен және олардың арасындағы қатыспен таныстыру ;

11) Сағат арқылы уақытты анықтай білуге үйрету .

12) Уақыт бірліктерін қосу және азайту ( санға көбейту және бөлу) біліктілігін қалыптастыру ;

13) Аудан ұғымымен және шаршы сантиметр ұғымымен таныстыру ;

14) Палетка арқылы фигураның ауданын табуға үйрету

15) Тіктөртбұрыштың , шаршының ауданын табуға үйрету , іс жүзінде біліктілігін қалыптастыру

16) Шаршы дециметрмен , шаршы метр , ар , гектар , шаршы миллиметр бірліктерімен және арасындағы қатынаспен таныстыру.

Бастауыш мектепте ұзындық , масса , сыйымдылық , уақыт , аудан , көлем сияқты нақты шамалар туралы түсінік қалыптастырылады. Шама бізді қоршаған дүниенің ( заттар , құбылыстар, т.б) жалпыланған қасиетін көрсететін математикадағы ең маңызды ұғым. Шамаларды оқыту оны өлшеумен тығыз байланысты. Шамаларды оқыту арифметикалық амалдарды және сандарды оқытумен тығыз байланысты жүргізіледі. Шаманың өзіндік ерекшелігін ескеріп және практикалық іс –әрекеттерге сүйене отырып , шама жайында түсінік беру мына ретпен жүзеге асырылады :

- Нақты шама туралы оқушының түсінік деңгейі анықталады және сәйкес ұғым мен термин енгізіледі ;

- Біртекті шамалар салыстырылады ( сезіну , көз мөлшерімен , беттестіру , еркін алынған шартты өлшеуіштер көмегімен және т.б арқылы ) ;

- Шаманың негізгі өлшеу бірлігі таңдалып алынады да , онымен таныстырылады және өлшеу құрал-жабдықтары көрсетіледі;

- Негізгі өлшеу бірлігінің көмегімен шаманы өлшеу процесі көрсетіледі ;

- Шаманы өлшеудің жаңа бірлігі енгізіледі және оның өмірдегі мұқтаждықтан туындап отырғандығына көз жеткізіледі , өлшеу бірліктерін түрлендіреді , яғни олардың бірінен екіншісіне көшеді және әр түрлі өлшеу бірліктерінің ара қатынасы тағайындалады ;

- Өлшеудің бір атау бірлігімен өрнектелген шамадан осы текті шаманың басқадай атау бірлігіне көшуге жаттықтырылады ;

- Бірдей немесе әр түрлі атау бірліктерімен өрнектелген шамаларды қосу мен азайту және шаманы санға көбейту мен бөлу қарастырылады.








Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 3863;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.