Бақылау сұрақтары. 1.Қосу мен көбейтудіңауыстырымдылық және терімділік қасиеттері ата.

1.Қосу мен көбейтудіңауыстырымдылық және терімділік қасиеттері ата.

2.Көбейтудің үлестірімділік қасиетіне мысалдар келтір.

Әдебиеттер:

1. Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.

2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.

3. Алиева К.С.,Байдыбекова Е.И. Бастауышта математиканы оқыту әдңстемесі.Шымкент, 2014.

4.Акпаева А.Б., Лебедева Л.А. Методика обучения математики младших школьников. - Алматы, 2008.

5.Акпаева А.Б. Практические и лабораторные занятия по методике преподавания математике в начальной школе,- Алматы: АГУ им. Абая. 2003.

6.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.

7.1-4-сыныптарга арналған математикадан ОӘТ. - Алматы: «Атамұра», «Алматы кітап» баспалары. 2008-2010.

 

 

Лекция 16

 

Тақырыбы: «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

Жоспар

1.Амалдарды және олардың қасиеттерін кезеңдер бойынша оқыту

2.Математикалық терминдерді, символдарды қолдана алу құзыреттіліктерін қалыптастыру және есептеу тәсілдерінің негіздері бойынша білімдерін қолдану технологиясы.

 

1.Арифметикалық амалдар арасындағы өзара байланыс және оларды оқыту кезеңдері:

а) Көбейту мен бірдей қосылғыштарды қосу, сондай – ақ бөлу мен бірдей сандарды азайту арасындағы өзара байланыс («М – 3», 11 – 12 – беттер).

Қосындыны көбейтіндімен, айырманы бөлумен алмастыр.

3 + 3 + 3 + 3 12 – 4 – 4 – 4

15 + 15 + 15+ 15 60 – 20 – 20 – 20

Көбейтіндіні қосындымен, бөлуді айырмамен алмастыр.

3 ·2 7 ·2 0 ·2 10 :5 16 :4 6 : 2

Мүмкіндігінше қосуды көбейтумен, азайтуды бөлумен алмастыр:

7 + 7 + 7 5 + 5 + 8 7 + 8 + 9 8 – 2 – 6

40 – 20 – 20 18 – 9 – 6 – 3 3 + 2 + 2 4 + 4 + 4

6 + 6 6 – 3 – 3 80 – 20 – 60 15 – 5 – 5 – 5

ә) Өзара кері амалдар ретіндегі көбейту мен бөлу арасындағы байланыс («М – 3 », 14 – 15- беттер).

әр қатарда неше шары бар?(4)

барлығы неше қатар бар? (3)

барлық шаршы нешеу екенін қалай табуға болады? Егер 4 – ті 3 рет алса, 12 шығады, яғни 4 ·3 =12;

әр қатарда 4 – тен болуы үшін 12 шаршыны неше қатарға бөлуге болатынын қалай табуға болады? 12 – бұл 4 – тен 3 рет, яғни 12 : 4 =3;

әр бағанда неше шары бар?(3)

барлығы неше баған бар? (4)

барлық шаршы нешеу екенін қалай табуға болады? Егер 3 – ті 4 рет алса, 12 шығады, яғни 3 · 4 =12;

әр бағанда 3 – тен болатындай етіп, 12 шаршыны неше бағанға бөлуге болатынын қалай табуға болады? 12 – бұл 3 – тен 4 рет, яғни 12 : 3 =4;

Егер 3 · 4 =12 және 4 · 3 =12, 12 : 4 =3, 12 : 3 =4, ендеше, көбейту және бөлу - өзара кері амалдар

Бастауыш буында математиканы оқытудың ең негізгі мақсаттарының бірі – оқушыларға натурал сандар мен қарапайым шамаларға амалдар қолдануды үйрету болып табылады. Ол математика курсының құрамды бөлігі және өзекті мәселесі, таза арифметикалық материалдарды оқытудың қорытынды нәтижесі.

Осыған орай:

- аса күрделі емес есептеулерді ауызша жүргізудің берік дағдыларын игеру, яғни бір таңбалы сандарды қосу мен көбейту кестелерін және азайтудың, бөлудің сәйкес жағдайларын жатқа білу;

- екі таңбалы сандарды қосу мен азайтуды, екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлуді ауызша орындауға машықтану;

- көп таңбалы сандар мен арифметикалық амалдарды жазбаша қатесіз орындау, яғни миллиондар көлеміндегі сандарды қосу мен азайту, көп таңбалы санды бір және екі таңбалы сандарға көбейту және бөлу;

- арифметикалық амалдардың заңдарына және арифметикалық заңдардың орындалу реті туралы ережелерге негіздей отырып, құрамында үш – төрт арифметикалық амалдар болатын санды өрнектердің (жақшасыз немесе жақшалар бар) мәндерін есептеп табуды меңгеру;

- екі – үш таңбалы сандарды жоғары разрядтан бастап бір таңбалы сандарға ауызша көбейтуде шығатын жүздіктердің, ондықтардың, бірліктердің санын табуға машықтану.

Осындай қорытынды нәтиженің сапасы оған жету барысында жүргізілетін жұмыстың мазмұнына, ұйымдастыру мен тиімді әдістемелік әдіс – тәсілдердің қолданылуына, есептеулердің сәйкес бірліктері мен дағдыларының құрамы және оларды қалыптастырудың кезеңдеріне, сондай – ақ қазіргі әдістеме ұсынған жолдарды дамыта түсудің принциптік ерекшеліктері жайында мұғалімнің жан – жақты түсінігінің болуына және күнделікті іс – тәжірибеде сол әдістемені тиімді пайдалануға байланысты.

 








Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 4017;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.