Есептің шешуін іздеу.

2.Оқушылар есепке кірістірілген шамаларды, берілген сандар мен ізденді сандарды айқындай түсуі, берілген мәліметтер мен ізделіп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындауы тиіс, сөйтіп осылардың негізінде арифметикалық амалдарды алулары тиіс.Балалар шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлуге көмектесетін, олардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын арнай әдістер пайдаланылады. Мұндай әдістерге есептерді иллюстрациялау, есептерді қайталау, есепті шығару жоспарын талдау және оны құру жатады.

Есепті иллюстрациялау- есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандардымүшелерге бөлу олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін, көрнекілік құралын пайдалану иллюстрация нәрсе немесе схема түрінде болады. Нәрсені иллюстрациялаумен қатар 1кл-н бастап схема түрінде түсіндіру пайдаланылады, ол – есепті қысқаша жазу.

1.Балықшы 10 шортан балық одан 8-і кем табан балық ұстады.Балықшы қанша шортан және табан балық ұстады?.

Ш -10 дана

Т -? одан 8-і кем

Барлығы-?

 

2.Трактор 6 сағат жұмыс ішінде 48 л жанар май жұмсады. Трактор сағатына сондай норма жұмсап отырғанда 12 сағат жұмыс ішінде қанша литр жанар май жұмсады ? таблицамен көрсетуге болады.

Жанар майды жұмсау нормасы Жұмыс сағаты Жалпы жұмсалған жанар май
бірдей 6 сағат 12 сағат 48литр ?

 

3.Чертеж арқылы иллюстрациялауға болады. Оқушылар оқу жылының басына қарай костюм, бәтеңке және тымақ сатып алды. Костюм 24 сом тұрады. Ол бәтеңкеден 3 есе қымбат, ал бәтеңке тымақтан 2 сом қымбат. Барлық сатып алған зат қанша тұрады.1 сомды ұзындығы 1 см кесінді түрінде кескіндеп, чертеж сызамыз.

К ______________________

Б ___________

Т _________

Есеп шартын нәрсе түрінде кескіндеуге болады. «Балалар төбешіктен төмен қарай сырғанап ойнап жүр.Олардан 5 қыз бала, 2 ер бала үйлеріне кетіп қалды: Барлығы қанша бала үйлеріне кетті.»

Есепті талдау.

1) есептің сұрағынан сан мәліметтерге қарай (аналитикалық).

2) сан мәліметтерден сұраққа қарай (синтетикалық).

Есепті шығару.

Есепті шығару- шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау. Әр амалды орындағанда нені табатынымызды түсіндіріп отыру міндет. Есепті шығару ауызша және жазбаша орындалады. Бастауыш кластарда есептің шешуін жазудың мына түрлері пайдаланылады.

Есеп шешуін өрнек түрінде жазу.

а) түсіндірмесін жаза отырып, өрнекті біртіндеп құру.

б) түсіндірмесін жазбай, өрнекті біртіндеп жазу.

в) жеке амалдарды және түсіндірмесін жазбай өрнектерді жазу.

Есептің шешуін теңдеу түрінде жазу.

а ) түсіндірмесін жаза отырып, біртіндеп теңдеу құру .

б ) түсіндірмесін жазбай біртіндеп теңдеулерді жазып көрсету.

в ) жеке амалдарды және түсініктемесін жазбай теңдеуді жазу .








Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 3891;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.