Тақырыбы : Үй тапсырмасының түрлері мен мазмұны, жұмыстың көлемі мен оны орындаудың нұсқауы.
Жоспар
1.Үй тапсырмасының түрлері мен мазмұны, жұмыстың көлемі мен оны орындаудың нұсқауы. Рефлексия: өзін-өзі тексерудің және математиканы оқытудың нәтижелерін өзін-өзі бағалауының әдістері, тәсілдері.
2. Қазіргі заман сабағына және математика сабағын талдауға қойылатын талаптар
1.Үйде өздігінен жүмыс істеуі оқушылардың математика курсын игеруіндегі маңызды да қажетті үй тапсырмасының тиімділігін арттыру мақсатында оқулықтағы тиісті мәтінді оқыту мен есебін шығарумен шектелмей, түрлендіру мен байланысты іс-әрекетті жүзегеасыру керек.
Үй тапсырмаларының тиімділігінің басты шарты – барлық оқушының тапсырманы ұқыпты да сөзсіз орындауы. Бұл тапсырманы орындаудағы дербестіктің деңгейін үйде берілген есептерді сыныпта шығару, үйге тапсырылған материал бойынша математикалық диктант, конспект жаздыру, т.б. жолдармен анықталады.
Оқушыларға шамадан тыс тапсырма беріп қиындық туғысбас үшін үй тапсырмасының мазмұнын толық әрі анық тұжырымдап, кездесетін қиындықтарды атап айтып, оларды орындау жолдарын көрсетіп отырған пайдалы. Егер мұғалім сыныпта өткен материалды оқулықпен немесе ондағы қосымша мағлұматтармен байланыстырмаса , сыныпта шығарған ұқсас есептер бермесе , оқушылар сөзсіз қиындыққа ұшырайды.
Жалпы сыныпқа ортақ тапсырмалармен бірге оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма берудің де маңызы зор. Математикаға икемі бар және қабілеттірек оқушыларға әртүрлі тақырыпта шығармашылық тапсырмалар беріп , зерттеу сипатындағы есептер шығарғанда , баяндама немес реферат жазғанда ерекше қамқорлық көрсетудің орны бөлек.
Үйге берілетін тапсырманың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға (сыныптың даярлығы, жеке ерекшеліктері) байланысты оқу жоспарымен анықталып отырады. Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі , көп уақыт алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершіліктерін арттырып , өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады.
2.Математиканы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады. Сабақ мақсаты-тұлғаны оның қаблетімен дарындылығына сүйеніп дамыту. Сабақ деп-мақсатқа бағытталған мүғалім мен оқушының ұжымдық шығармашылық еңбегі. Математика сабақтарының мақсаттары; білімділік, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді.
Сабақ түрі; аралас, біріккен,ойын, экскурция болып бөлінеді.
Сабақ құрылымы: кезеңдері және олар арасындағы байланыс.
Сабақ басқа мақсатының бәрін бағындырып отыратын негізгі дидактикалық мақсатына байланысты сабақтар мынадай типтерге бөлінеді:
1.Жаңа материалды оқып үйрену сабағы.
2.Құрастырылған сабақ.
3.Білімді бақылау және тексеру сабағы.
4.Өтілген материалды қайталау және жүйелеу сабағы.
1. Білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар:Міндетті деңгей
Түсінігінің болуы тиіс:
натурал сан және оның қасиеттері туралы;
нөл саны және оның басқа сандардың арасындағы орны туралы;
- арифметикалық амалдардың мән мағанасы туралы;
- қосу азайту және көбейту-бөлу амалдарының өзара кері амалдар болатыны туралы;
- амалдардың заңдары және қасиеттері жайында;
- сызықтар / түзу, қисық, сынық, сәуле, кесінді, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар/, олардың орналасу қалпы жайында;
- бұрыштардың түрлері, көпбұрыштардың топқа бөлінуі, көлемі болатын фигуралар /текше, тік бұрышты паралипипид/ жайында;
- шамалар / ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт аралығы, аудан, жылдамдық, баға, көлем / және оларды өлшеу жайында;
- математикалық жаттығулардың ерекше түрі ретіндегі есептің ерекшеліктері және белгілері туралы;
- геометриялық фигуралардың нүктелердің жиыны екендігі жайында;
- микрокалькулятордың есептеулер жүргізу жұмысын жеңілдетттін және шапшаңдататын мүмкіндліктері жайында;
- тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктер тураы;
- сандарды салыстырудың және өрнектерді салыстырудың мән мағанасы туралы;
- есепті алгебралық тәсілмен шешудің мән-мағанасы туралы.
Білу тиіс:
- натурал сандар қатарының ретін;
- қосуы және көбейтудің заңдарын;
- амалдармен байланысты таңбаларды және терминдерді;
- бір таңбалы сандарды қосу және көбейту кестелерін;
- тік төртбұрыштың / шаршының / бұрыштары мен қабырғаларының қасиеттерін;
- есептің құрамды бөліктерін / шарты, сұрағы, берілгені, ізделінісі,/ және оны шешудің кезеңдерін / мәтінді оқу, шешу жоспарын құру, шешуін жазу, жауапты бөліп көрсету және тексеру/;
- арифметикалық амалдардың орындалуының рет- тәртібін;
- шамалардың / ұзындық, уақыт, масса, алуан, сыйымдылық, баға / атауларын және олардың негізгі өлшем бірліктері мен араларындағы / см, м, м, км, кг, г, т, ц, тн, сек, мин, сағ, тәулік, мм* см* м*л6 1км =1000м, 1м=100см, 1м-10дм, 1дм-10см, 1т=1000кг, 1кг=1000г, 1 тәулік=24 сағ,
- натурал сандарды және нөл санын оқуды, жазуды және салыстыруды;
- қосу және көбейту кестелерін пайдаланып азайту мен бөлуді орындауды;
- кез келген көп таңбалы сандарды қосу мен азайтуды орындауға тәсілдерді қолдануды;
- көп таңбалы сандарды бір және екі таңбалы сандарға көбейту мен бөлуді орындағанда жазбаша тәсілдерді қолдануды;
- көп таңбалы сандарды бір және екі таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындауды;
- бір таңбалы сандарды және 10 санының квадраттары мен кубтарын табуды;
- 2-4 амалдан тұратын, жақшалы және жақсасыз санды өрнектің мәнін табуды;
- 2-3 амалдан тұратын, жақшалы және жақсасыз санды және әріпті өрнекті құру, оқу, жазу, және мәнін табуды;
- бір ғана әріп бар кез келген әріпті өрнектің мәнін табуды;
- қарапайым теңдеулерді және амалдың қандай да бір компоненті немесе нәтижесі санды өрнек болып келетін теңдеулерді шешуді;
- кез келген жай есепті шығарумен байланысты амалды таңдап алуды және негіздеп беруді;
- 2-3 амалмен шығарылатын есепті шешумен байланысты амалдарды және олардың ретін анықтауды әрі негіздеп беруді;
- 1-2 амалмен шығарылатын есептерді құруды және шешуді;
- геометриялық фигураларды (нүкте, түзу, кесінді, сәуле, бұрыш) сызуды және белгілеуді;
- берілген периметірлерді бойынша тік төртбұрышты (шаршы) салуды, берілген кесінділерге тең немесе берілген ұзындығы бойынша кесінділерді сызуды;
- үшбұрыштың, тік төртбұрыштың (шаршының) периметірін, төртбұрыштың (шаршының ) ауданын, тік бұрышты паралипитің (текшенің) көлемін анықтауды;
- геометриялық фигураларды (нүкте, түзу, кесінді, сәуле, бұрыш, исық сызық, тік бұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш)ажыратуды.
2. Мүмкін деңгейі
Түсінігінің болуы тиіс:
натурал сандар санаудың, шаманы өлшеудің және амалдың нәтижелері екені, натурал сандар қатарының шексіздігі, санаудың ондық жүйесінің мән- мағанасы және ерекшеліктері туралы;
- нөлдің мән- мағынасы туралы; азайту, көбету және бөлу амадарының математикалық мән-мағанасы жайында;
- белгілі геометриялық фигуралардың жазықтықтықта немесе кеңістікте орналасу мүмкіндігі жайында;
- геометриялық салудың мән мағанасы жайында;
- бөлшектің, бүтінің бөліг болатындығы жайында. Үйренуі тиіс:
- натурал сандары үш таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлуді
- амалдардың заңдарын есептеулерді жеңілдету және өрнектерді ықшамдау үшін пайдалануды;
- төрт амалға берілген кез келген шығаруды және оны шешудің ең тиімді жолын табуды;
- есепті теңдеудің көмегімен шешу;
- берілген деректерді пайдаланып 3-4 амалмен шығарылатын есептер құрастыруды;
- есептің шешуін тексеруді және мазмұны бойынша оны шешу алгоритімін өздігінен құрауды;
- /x+4/+21=45; /y-47/ -19=81; 2•x+5=205 және т.с.с. теңдеулерді шешуді;
- жақшалы және жақсасыз, бестен кем емес амалдардан тұратын санды өрнектің мәнін табуды;
- жақшалы және жақсасыз, құрлысы күрделірек әріптіөрнектің мәнін табуды;
- өрнектің мәнін табуды және есеп шығару үшін микрокалкуляторды пайдалануды;
- саның квадраты мен кубын жазбаша және микрокалькулятордың көмегімен есептеп табуды;
- амалдар реті көрсетілген -өрнек , кесте, блок схема түрінде берілетін алгаритімді атқаруды және құруды;
- шамалардың өлше бірліктерін мм; см, дм, м, км, г, кг, ц, т, теңге, тиын, сек, мин, сағ, тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр, м*, дм* см*, га, м*, см*, дм* л(литр), т.с.с. және олардың арсындағы қатынастарды есептеулер жүргізу және есеп шығару барысында пайдалануды;
- жылдамдық, уақыт және арақашықтықтың; баға, саны жне құны, тік төртбұрыштың ені, ұзындығы және ауданың арсындағы қатынасты пайдаланып, 3-4 амалмен шығарылатын есепті теңдеудің көиегіен шешуді;
- әр түрлі өлшем бірлігіне екі шаманың және құрлысы күрдерілек екі өрнектің мәндерін салыстыру;
- геометриялық фигураларды салу алгоритімін құруды және атқаруды;
- кез келген жазық фигураның ауданын табу үшін палетканы пайдалануды;
- тік бұрышты параллепипедтің (кубтың) көлемі мен оның биктігі, ені және ұзындығы арасындағы тәуелділікті есепті шығару үшін пайдалануды;
- бүтінді тең бөлікткрге бөлу арқылы бөлшекті шығарып алуды;
- бұрыштарды өлшеу үшін транспортирді қолдануды;транспортирдің және екі сызығыштың немесе циркульдің көмегімен үшбұрыш салуды.
Бақылау сұрақтары:
1.Үй тапсырмасының түрлерін ата.
2.Үй тапсырмасының мазмұны, жұмыстың көлемі мен оны орындаудың нұсқауын көрсет.
3. Қазіргі заман сабағына және математика сабағын талдауға қойылатын талаптарды ата.
Әдебиеттер:
1. Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.
2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.
3. Алиева К.С.,Байдыбекова Е.И. Бастауышта математиканы оқыту әдңстемесі.Шымкент, 2014.
4.Акпаева А.Б., Лебедева Л.А. Методика обучения математики младших школьников. - Алматы, 2008.
5.Акпаева А.Б. Практические и лабораторные занятия по методике преподавания математике в начальной школе,- Алматы: АГУ им. Абая. 2003.
6.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.
7.1-4-сыныптарга арналған математикадан ОӘТ. - Алматы: «Атамұра», «Алматы кітап» баспалары. 2008-2010.
Лекция 7
Тақырыбы : Математика сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудын технологиясы.
Жоспар
1.Математика сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудын технологиясы. Оқушылардың ұжымдық-үлестірімділік және өзіндік оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқару технологиясы.
2.Жаңа ұғым және әрекет тәсілін оқытып-үйретуге дайындық кезінде; жаңа ұғым және әрекет тәсілімен таныстыру барысында; білім, білік, дағдыларды бекіту және оқыту нәтижелерін тексеру кезінде оқушылардың іс- әрекетін ұйымдастырудың технологиясы.
3.Сабақта түсініктер мен ұғымдар, терминдер мен деректер, әрекет тәсілдері жайындағы білімді игеру; есептеу, алгоритмдік, өлшеу, геометриялық салулар орындау, есептерді шығару сияқты білік пен дағды калыптастыру; салыстыру, талдау, жинақтау, жіктемелеу, жалпылау және т.б. ақыл-ой әрекеті тәсілдеріне машықтандыру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдында оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр.
Математика пәнінің қарастыратын обьектісінің табиғат заңдарымен, байланыста болуы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың зор мүмкіндіктерін туғызып, олардың жоғарғы деңгейдегі іс-әрекеттерін қажет етеді. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның с-әрекетінің шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін математикалық есептерді шығарудың мәні зор.
Математикалық есептерді мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына қиындық дәрежесіне қарай классификациялау мәселенің негізгі жағын – есепті шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатын ескермейді. Барлық математикалық есептер есепті шығарушы оқушы іс-әрекетінің сипатына қарай шығармашылық және жаттығу есептері болып бөлінеді.
Есеп шығару балаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыруда олардың бағдарлама анықтап берген теориялық білімді игеруі де маңызды.
Ал, шығармашылық есептердің мәнінде жасырын жатқан заңдылықтарды ұғыну мақсатындағы оқушының танымдық ізденістегі іс-әрекеті оны қарапайым өзгеше шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Шығармашылық есептер оқушы санасында білімнің логикалық құрылымын ғана емес,ақыл-ой қызметінің эвристикалық тәсілдерін де қалыптастырады.
Оқушының шығармашылық есепті шығару мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекет талпынысын туғызады. Математикалық есептерді шығаруда оқушының сұранысы есепті шығаруға қойылатын талаптар арқылы тудырылады. Мұнда шығармашылық есептердің қарапайым есептерден айырмашылығы – оқушының есепті шығарудағы іс-әрекеттің тек сыртқы талаптармен ғана шектеліп қалмауын ескеру қажет. Басқаша айтқанда, оқушының тек есепті шығаруға бағытталған іс-әрекеті шығармашылық есептердің мазмұнында жасырын жатқан заңдылықтарды ұғынуға ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы жүзеге асуы керек.
Шығармашылық есептерді шығаруда осындай тұрғыда қарастыру оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктерін ашып, оның ой-қызметінің шектеусіз қозғалыста болуына ммүкіндік туғызады.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемділіктер – салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.
Мектеп курсында логика жеке пән ретінде өтілмейді. Логикалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға барлық сабақтардың үлесі бар, олардың ішінде математика сабағының ара салмағы үлкен.
Логика дұрыс ойлаудың заңдары мен жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, дәлелдеме, пайымдау, жіктеп- саралау сияқты т.б. логикалық амалдарын әрбір роқушы өзінің ойлау қызметінде қолданып отырады. Оқушы анықтамаларды жаттап, теоремаларды дәлелдей отырып, дәлелдеу мен бекерлеудің мәні, түрлері және оларды қалай дұрыс қолдану туралы әдетте біле бермейді.
Негізгі логикалық терминдер болып табылатын “және”, “немесе”, “егер болса”, “онда . . .”, “емес”, “сонда”, және “тек сонда ғана” т.б. арқылы құрастырылған сөйлемдердің мағынасын түмінуге бағытталған жұмыстарды мақсатты жүргізбейінше мектеп оқушыларының математикалық тілін жетілдіруге болмайтындығын айта келіп, Дж Икрамов “Теориялық материалдарды игеруде ғана емес, әртүрлі жаттығулар орындау барысында да негізгі логикалық терминдерді мектеп оқушыларының саналы түрде қолдана білу дағдыларының қалыптасуы, олардың өз ойларын дәл айтуы күнделікті қолдану тіліміздегі кездесетін көп мағыналық пен түсініксіздерді болдырмауға мүмкіндік береді” деп көрсетеді.
Оқыту практикасы көрсетіп отырғандай, логикалық білім беруді бастауыш сыныптан бастау қажет. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуды, логикалық байланыстардың мағынасын түсіндіруге бастауыш сынып математикасында мүмкіншіліктер өте көп. Оқушыларға сандар мен есептеулерге байланысты жаттығулардан басқа логикалық жаттығуларды да шығарған жөн екендігіне баса назар аудару тиіс.
Логикалық есептер кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарымпаз болуын талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқаша есептей сал, көрнектілік пен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажетсінетін есептерді логикалық есептер дейміз.
Математикадан бастауыш сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін шығармашылық, логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық құлшынысын арттыратындай, түсіндіруге жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Шығармашылық есеп зерделілікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтьіндей болуы керек. Сондай-ақ шығармашылық есеп өмірден алынатындығын танытатындай болуы қажет. Мысалы: 1–сынып оқулығындағы “Кестелік қосу және азайту” тарауында Ойлан, тап:
* түрінде шығармашылық тапсырманы орындаудың оңай жолы былай болады. Алдымен “жұлдызшаның” орнына “+” таңбасы қойылады. Сонда жоғарыдағы теңсіздік + түріне келеді. Енді “ ”- нің орнына теңсіздікті айналдыратын қажетті сандарды табу керек.
Олар:
3, себебі 3 +
4, себебі 4 +
5, себебі 5 +
6, себебі 6 +
Осы ретпен жалғастыра отырып, 1-жағдайда “ ” – нің орнына 3, 4, 5, 6, 7, 8 сандарын қоюға болатыны анықталды.
Келесі кезекте “ ” – нің орнына “–” таңбасын қою арқылы жұмыс жалғастырылады. Яғни, 7 және 8 сандары ғана 2-жағдайда да тапсыраманың шешімі болып табылады. Демек, шешімі – 7, 8.
“Заттардың топтарын салыстыру”. “Қанша артық?” ұғымы тақырыбына берілген шығармашылық тапсырам оқушылардың байқағыштығын дамытуға бағытталған.
Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?
Жауабы: Мысықтар тең қабырғалы үшбұрыштың төбелерінде отыр. Олардың саны үшеу.
2 – сынып математика оқулығындағы “Кестелік қосу және азайту” атауында стандартты емес, шығармашылық тапсырмада: “Айжан мен Ержанда 32 дәптер бар. Ержан Айжанға 9 дәптер бергенде, олардың дәптерлерінің саны бірдей болды. Әрқайсысында неше дәптерден болған?”.
Шешуі: Ержанда 25 дәптер, Айжанда 7 дәптер болған.
Сыйымдылық жайында түсінік. Литр тақырыбына берілген жасыл қоршауы алынған шығармашылық жаттығуды орындау барысында әр оқушы тапқырлық, зерделік, зеректік танытуы тиіс және іздестіру қажет.
10 литрлік және 3 литрлік екі ыдысты пайдаланып, 8 литр суды қалай құйып алуға болады?
Шешуі: 3 литрлік ыдыспен 3 рет құйсақ, 9 литр су болады. Ал тағы бір рет алып, 9 литр суы бар ыдысқа тағы құйсақ, 1 литр ғана сияды. Енді 10 литр ыдыстағы суды төгіп, 3 литр ыдыстағы қалған суды оған құйсақ, 2 литр болады. 3 литр ыдыстан 2 рет құйсақ, барлығы 8 литр болады.
Барлығы неше тік төртбұрыш және неше үшбұрыш бар?
Жауабы: Үш тік төртбұрыш, жеті үшбұрыш бар.
Оқушылардың осындай шығармашылық есептерді шығаруы мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекетке талпынысын туғызады.
Шығармашылық есептерді шығару оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктерін ашып, оның ой қызметінің шектеусіз қозғалыста болуына мүмкіндік туғызады. Ой қызметінің баспалдақтай дамуы оқушының іс-әрекет белсенділігінің танымдық және мотивациялық факторларының өзара бірлігін береді.
3. Геометриялық фигураларды салу « бір жақты » сызғыш циркуль көмегімен орындалады. « Бір жақты » сызғыш дегеніміз бір ғана істі орындау үшін, яғни берілген екі нүкте арқылы түзу жүргізу үшін қолданылатын құрал.Циркуль дегеніміз – шеңбер салу үшін және берілген кесіндіні түзу бойында геометриялық жолмен салу үшін қолданылатын құрал. Алайда басқадай да құралдар көмегімен орындалатын саулар болады.Мысалы: тек қана циркуль арқылы Моро – Маскерони салулары тек қана сызғыш арқылы , егер де жазықтықта шеңбер және оның центрі сызулы болса , тек қана жиектері пааллель сызғыш арқылы, тек қана сүйір бұрыштың көмегімен және т.б құралдары арқылы орындалатын салулар.
Жазықтықта болсын, сондай – ақ кеңістіктегі болсын салу есептерінің барлығы да салуға қатысты тараптарға яғниқарапайым салу есептеріне сүйеніп шешіледі жіне де егер есеп қарапайым есептердің – постулаттардың шктеулі санына келтірсе, онда ол шешілді деп есептейді.
Әрине, әрбір құралдың өзіндік констркциялық күші - өзіне тән постулаттардың жиынтығы болады.
2. Дәстурлі әдістеме салу есебін шешуді – анализ, синтез (салу), делелдеу және зерттеу –төрт кезеңге бөлуді ұсынады.Алайда есепті шешудің дәстүрлі схемасының (жолының) қандайда кезеңі жиірек түсіп қалады,мәселен ,көбінесе «дәлелдеу» кезеңіне ерекше көңіл бөлінбейді.Осы тұрғыдан мысал ретінде «қабырғалары а және в тік төтбұрыш салу»есебін қарастырайық..
Геометриялық салулардың қарапайым есептеріне мыналар жатады;берілген түзуге (берілген кесіндіге)параллель және перпендикуля болатын түзулерді салу;бұрыштардың салу;кесінділерді салу ;щенберді және оның доғаларын салу;щеңберге жүргізілген жанамаларды салу;көпбүрышты сырттай сызылған шеңбірді салу және шеңберге іштей сызылған көпбұрышты салу көпбұрышқа іштей сызылған шеньерді салу және шенберге сырттай сызылған көпбұрышты салу;үшбұрыштарды салу студенттердің жеке өзіндік жүмысына арналған тапсырма.Салу есептерінде «бұрыш берілген» және «кесінді берілген» деп жиі айтылады.Бұл сөздер кесіндінің (сәйкес пүрде бұрыштың )сандық мәні емес,геометриялық кескіні берілгендігін білдіреді.Салу есептерін орындаған кезде мынаны да еске алу керек;кейбір геометриялық фигураларды салу есебі белгілі бір дәрежедегі дәлдікті сақтай отырып практика жүзінде фигура сызу емес,біздің құралдарымыз салудың абсалют дәлдігін қамтамасыз етеді деп,сызғыш пен циркуль көмегімен қажетті салудың теориялық тұрғыдан қалай орындалатынын анықтау.
Бақылау сұрақтары:
1.Математика сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиясын ата.
2.Жаңа ұғым және әрекет тәсілін оқытып-үйретуге дайындық кезінде; жаңа ұғым және әрекет тәсілімен таныстыру барысында; білім, білік, дағдыларды бекіту және оқыту нәтижелерін тексеру кезінде оқушылардың іс- әрекетін ұйымдастырудың технологиясы.
3.Сабақта түсініктер мен ұғымдар, терминдер мен деректер, әрекет тәсілдері жайындағы білімді игеру; есептеу, алгоритмдік, өлшеу, геометриялық салулар орындау дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.
2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.
3. Алиева К.С.,Байдыбекова Е.И. Бастауышта математиканы оқыту әдңстемесі.Шымкент, 2014.
4.Акпаева А.Б., Лебедева Л.А. Методика обучения математики младших школьников. - Алматы, 2008.
5.Акпаева А.Б. Практические и лабораторные занятия по методике преподавания математике в начальной школе,- Алматы: АГУ им. Абая. 2003.
6.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.
7.1-4-сыныптарга арналған математикадан ОӘТ. - Алматы: «Атамұра», «Алматы кітап» баспалары. 2008-2010.
Лекция 8
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 11138;