Тақырыбы : Оқу пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері. Жоспар
1.Математиканы оқытудың әдістемелік негіздері мен кіші жастағы оқушылардың дамуы. Математиканы оқыту үдерісіне қатысушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру үшін ұсынылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.
2.Кіші жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің модельдерін дайындау, жобалау, өткізу және талдау бойынша мұғалімнің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.
1.Математика әдістемесінің алдына қойылатын ең күрделі мәселе-мазмұнды іріктеу, сұрыптау мәселесі, яғни мұхият мол қорланған математикалық мұра ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой-өрісіне, күш-қабілетіне лайық келетіндерін таңдай білу проблемасы.Осыған байланысты математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады.Бұл өзгерістер мынадай негізгі себептердің салдарынан туындайды:
а) оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуы мен оның техникалық-экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа талаптар;
ә) ғылымның (математиканың) үздіксіз дамуы, онда жаңа пәндер пайда болуы;
б) қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе түсуі, сәбилер мен жасөспірімдердің таным қабілетінің жаңа мүмкіндіктері мен қырларының ашылуы;
в)педагогика ғылымдарының, математика әдістемесінің дамуы.
Математиканы оқыту әдістемесі екі бөлімнен түрады: жалпы және нақты (арнайы) әдістеме. Жалпы әдістеме бөлімі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, мазмүнын, әдістерін, формаларын және оқу қүраддарын қарастырады. Арнайы әдістеме математиканың қазіргі бағдарламасының мазмұнды-әдістемелік негіздерін үйретеді.
Математиканы оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап береді. 1)Математиканы не үшін оқыту керек? 2)Нені оқыту керек және қандай ретпен оқыту керек? 3)Математиканы қалай оқыту керек? Қандайда болсын пәнді, соның ішінде бастауыш мектептегі математиканы оқытып –үйрету арнайы мақсат көздейді. Ол, бастауыш кластардың математика курсы орта мектепке арналған математика курсының құрамды бөлімі болғандықтан, оны оқытудың жалпы мақсаттарынан, сондай- ақ математика ғылымының табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерімен және арнайы әдіс-тәсілдерінен туындайды.
Математика әдістемесі басқа теориялық ғылымдардың барлығына ортақ ғылыми зерттеу әдістерімен қатар өзіне тән әдістерді пайдаланады. Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде математиканы оқыту әдістемесіне тән мынадай зерттеу әдістерін бөліп атап жүр:
1) математика мен математикалық білім беру тарихын зерттеп, пайдалану;
2) математиканы оқытудың жинақталған озық тәжірибелерін (өзімізде және шет елдерде) жинақтап, зерттеп пайдалану;
3) математиканың ғылыми идеяларын, әдістерін, тілін пайдалану және оларды дидактикалық өңдеу;
4)эксперимент.
Сонымен бастауыш сыныптарда математиканы оқыту келесі өзәра байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:
1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушыларды игеруі;
2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапалар, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;
3. Дамытушылық: логикалық құрлымдар мен олаудың математикалық стилін дамыта түсу;
4. Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.
Математиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат- математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы мезеттерді пайдалану болып табылады. Тәрбиенің кейбір негізгі түрлерін көрсете кетейік. Олар:
а) оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Мұны сандар мен фигуралар туралы ұғымдардың, ежелгі халықтардағы санау жүйелерінің, алгебраның туу және даму, астрономияның тригонометрияға, есептеу техникасына әсері, алгебралық символика т.б. деректердің даму тарихының мысалдары арқылы айқын көрсетуге болады;
ә) шәкірттерде озық моральдық қасиеттер қалыптастыыру. Математиканы оқыту үрдісінде мұғалім оқушыларды саналы тәртіпке, белсенділікке, қиындықты жеңе білуге, бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге, табандылыққа, адалдыққа, жауапкершілікке т.б. адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуге міндетті. Мәселен, есеп шығару кезінде сыныпта, үйде мұғалім шәкірттерінен есептің шешуін жауабына дейін жеткізуді талап етуінің үлкен тәрбиелік мәні бар.
б) Математика сабағында жастарды патриотизм және интернационализм рухында тәрбиелеуге мүмкіндік беретін мүмкіншіліктер мол. Бұл жөнінде, әсіресе, математикадан тарихи материалдардаң әсері күшті. Математика ғылымын дамытуда әл-Фараби, әл-Хорезми сияқты білімпаздар еңбектерімен таныстыру оқушыларды отандық мақтаныш сезіміне бөлейді.
в) эстетикалық тәрбие. Математиканың табиғатының өзі оқушыларды әдемілікке тәрбиелеуге бай мүмкіндік туғызады.Математикалық объектілеріндегі симметрия, дұрыс көпбұрыштардың, дұрыс көпжақтардың қасиеттері, фигуралардағы гармоникалық қатыстар т.б. олардың бойында туа біткен эстетикалық сезімді оятады.
г) Математиканы оқыту барысында іске асырылатын негізгі міндет ол оқушылардың математикаға деген ынтасын арттыру.
3. Математиканы оқытудың бір мақсаты –практикалық мақсат болып табылады. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:
а) математика пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік практиканың қарапайым есептерін шешуге, физика,химия,сызу,ақпараттану (информатика) және есептеу техникасы негіздерін т.б. пәндерінде оқып үйренуге пайдалана білу;
ә) математикалық құралдар мен аспаптарды пайдаланабілу;
б) шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету ;
в) политехникалық оқуды жүзеге асыруға қолқабыс тигізу.Мысалы,геометриялық фигуралар қасиеттерін, функцияларды, сызбаларды өндіріске, өмірге қолдана білу.
Мектепте математиканы үйретудің жалпы мақсаттарымен қатар тек математика пәніне тән арнайы, ерекше мақсаттары болады.Ол мақсатқа оқушылардың геометриялық интуициясын, кеңістік қиялын дамыту жатады.
Мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымы осы курстың мақсатына сәйкес болуы керектігі айдан анық. Біз оқу пәні ретіндегі математиканың мақсаттары туралы мұқият талдадық, оның басты мақсаты — оқушыларды дамыту мен тәрбиелеуге бағытталған. Сондықтан мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымы бар мүмкіндігінше оқушы тұлғасын тәрбиелеу мен дамытуға, оларда адами сана мен мінез-құлық, шығармашылық белсенділік, әлеуметтік кәмелеттік сияқты іргелі қасиеттердің қалыптасуына ықпал жасауы тиіс.
Математиканы оқыту әдістемесі екі бөлімнен түрады: жалпы және нақты (арнайы) әдістеме. Жалпы әдістеме бөлімі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, мазмүнын, әдістерін, формаларын және оқу қүраддарын қарастырады. Арнайы әдістеме математиканың қазіргі бағдарламасының мазмұнды-әдістемелік негіздерін үйретеді.
Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың мақсаттарына, оқушы тұлғасын тәрбиелеу мен дамытуға қол жеткізу неге тәуелді болады?
Біздің ойымызша ол келесі факторларға байланысты:
1) оқыту мазмұнына, оқыту процесінде оқушылардың қандай білім, білік және дағдылар игеруіне, осы білім, білік және дағды оқушыларға қандай үйлесімділікпен берілуіне, сол білімдердің кеңдігі мен тереңдігіне, білік пен дағдының қаншалықты берік болатыңдығына.
2)оқыту математиканың қоршаған ортамен қаншалықты байланысты болатындығына, абстрактілі математикалық үғымдардың күнделікгі өмірде қандай түсініктер, қүбылыстар мен деректер негізінде қалыптастырылатындығына, оқыту процесінде алынған білім мен білік қандай практикалық қосымшалар келетіңдігіне, осы білімдер қаңдай пәлсафалық, әдіснамалық тұрғыдан қалай негізделуіне, оқыту мазмұны тарихи көзқарас тұрғысынан қалай баяндалатындығына.
3) математиканы оқыту қандай жүйеде, басқа пәндермен қандай байланыста болатындығына, математиканы оқыту басқа пәңдерді оқып-білу үшін қажетті баға құрай ма, басқа пәндерді оқып-үйренуге қажетті білім және білікпен толық қаруландыра ма, басқа жағынан алғанда басқа пәндерді оқытқанда математикалық білім мен білік жеткілікті қосымша болуды иелене ме және олардың мазмұны қандай?
4) математиканы оқытудың ұйымдастырылуына, оқыту процесінде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануға, білім оқушыға догматикалық түрде беріле ме, әдде, ол білімді оқушы мұгалім басшылығымен өз бетінше, белсенді түрде жұмыс істей отырып игере ме, білім мен білік қаншалықты саналы және берік, олар терең білімге негізделген бе, әлде тек жаттығу арқылы ғана қалыптастырыла ма?
5) ең ақырында, оқушының өзі қалай оқиды, оқуға деген ынта-ықыласы қандай, пәнге қызығушылығы қаншалықты, математиканы оқып-үйрену оқушыда қандай сезім-ой, жігер тудырады, барлық тапсырмаларды өз бетімен орындай ма немесе басқалар көмекке келе ме, оқулықпен және басқа да қосымша материалдармен жүмыс істейді математикадан алынған білім мен білікті өзінің іс-тәжірибесінде пайдалана ма, егер пайдаланса ол қандай деңгейде.
Г.В.Дорофеев мектептегі математикалық білім мазмұнын іріктеуде екі жетекші қағиданы көрсетеді: ақпараттық сиымдылық және әлеуметтік тиімділік. Яғни математиканы оқыту барлық оқушының математикалық білім берудің мақсаттарын жүзеге асыруға қажеггі білім көлемін игеруді қамтамасыз ету және математикалық білім мен білікті талап ететін қоғамның барлық салаларына маман даярлау.
Математиканы оқыту процесіндегі оқушының қызметі — оқу қызметі. Соның арқасында оқушы математикалық қызметтің ерекшеліктерін танып-біледі және меңгереді.
Д.Б.Эльконин былай деп атап көрсетеді: "оқу қызметі, нәтижесіңде оқушыда өзгеріс болатын қызмет түрі. Ол қызмет өзінде өзгерту жасайтын қызмет, оның жемісі — субъектіні орындау барысында иеленетін өзгеріс" .
Оқу қызметін осы мағынада қабылдасақ, ол оқушының мақсатқа жетуге бағытталған қызметі болып табылады.
Оқушының оқу процесіндегі басқа қызмет түрлерінің мотивтері (уәждері)- баға алу, беделге ие болу, т.б. болатын болса, оқу қызметінің уәжі — "ғылыми ұғымдар шеңберіндегі жалпыланған амалдар тәсілін игеруге" бағытталған, оқу-танымдық уәж.
Мақсатқа жетуге бағытталған оқу қызметінің өзіндік ерекшеліктері бар.
1) Ол қандай да болмасын материалдың немесе басқа нәтижелерге жетуге емес, оқушының тікелей өзгеруіне, оларды дамытуға бағытталады.
2) Д.Б.Эльконин және В.В.Давыдов және олар жетекшілік жасаған психологтар ұжымы құрастырған оқу қызметітеориясына сәйкес, оқытудың негізгі мазмұны есептердің кең ауқымды түрлерін шығару бойынша іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін меңгеруге бағытталуы керек.
3) Оқушылар іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін саналы түсіну үшін, осы іс-әрекетпен байланысты жаңа ұғымдарды меңгеру үшін, олар жаңадан енгізілетін ұғымдар мен іс-әрекеттердің туындалуын (пайда болу себебін) айқындауы қажет, үйренілетін білім саласын теориялық тану тұрғысынан және практикалық қолдану тұрғысынан қажеттілігін көрсете алуы керек.
4) Оқу қызметінің негізгі құрылымдық компоненті мақсатты оны шешкеннен соң нақты есептердің алуан түрлерін шешудің іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін меңгеретін, оқушылар алдына пробемалық ахуал тудыра алатыңдай мәселе қоятын— оқу міндеті болып табылады.
Оқу міндеттері келесі оқу іс-әрекеттері арқылы шешіледі:
1) қойылған оқу міндетінен проблеманы ажырату білу әрекеті;
2) оқып-үйренілетін материалға ортақ қатыстарды таддай отырып проблеманы шешудің жалпы тәсілін анықтау әрекеті;
3) оқу материалының жалпы қатыстары және оқу проблемасын шешудің жалпы тәсілдерін моделдеу әрекеті;
4) оқу міндеттерін шешуцің жалпы әдістерін және оқу материалының жекелеген көріністерін нақтьшау және байьггу әрекеті;
5) оқу қызметі барысын және нәтижелерін бақылау әрекеті;
6) оқушылар алдына қойылған және қабылданған оқу міндетін шешу бойынша қызметтің барысын және нәтижелерін, олардың психикалық дамуындағы өзгерістерді бағалау әрекеті.
2. Мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымын талдау мынаны көрсетеді:
1. Математиканы оқыту мазмұнын құрлымдаған оқытудың тікелей мақсаттарына және оқыту жалпы білім берудің міңдеттерін шешуде елеулі рөл атқаратындай шарттарға сүйену керек;
2. Мектеп математика курсының күрылымының негізіне қазіргі математиканың негізгі идеялары мен әдістері қалану керек, олармен оқушылардыжалпы білім беретін мектептерде математиканы оқьггудың мақсаттары мен міңдеггерін негізге ала отырып таныстырған жөн;
3. Идеялар мен әдістер бастапқы кезевде оқушыпарға айқыи емес түрде, сонан соң оқушылардың оқуда алға жылжуына, жастары үлкейгендігіне орай ол әдістер мен идеялар айқындалады, нактыланады және байытылады, демек оқушы өскен сайын олар да бірге күрделіленеді;
4. Бұл идеялар мен әдістер математиканы оқытудың бүкіл мазмұнының өзегін құрайды.
Бақылау сұрақтары:
1.Математиканы оқытудың әдістемелік негіздері мен кіші жастағы оқушылардың дамуын ата. 2.Математиканы оқыту үдерісіне қатысушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру үшін ұсынылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар қандай?
3.Кіші жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің модельдерін дайындау, жобалау, өткізу және талдау бойынша мұғалімнің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1.Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.
2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.
3.Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. - Алматы, 2000.
4.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.
Лекция 5
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 7485;