Биотехнология түрлері
Адамның биологиялық жүйеге әсер етуіне байланысты биотехнологияны келесі түрлерге бөледі:
1. Молекулярлы – негізіндерекомбинанттық ДНҚ технологиясы және микроағзалар технологиясы.
2. Жасұшалы – негізінде ядро және жасұшаның деңгейіндегі жұмыстар.
Осы әдістердің пайдалану саласына байланысты биотехнология келесі түрлерге бөлінеді:
1. Ғарыштық.
2. Экологиялық.
3. Медициналық.
4. Ауылшаруашылық.
5. Өнеркәсіптік.
Ауылшаруашылық биотехнологиясы өз алдына өсімдіктер биотехнологиясына және жануарлар биотехнологиясына бөледі.
Жануарлар биотехнологиясы – молекулярлы және жасұшалы биотехнология әдістерінің көмегімен генотипті реттейтін, резистенттігі жоғары және жоғарыөнімді жануарларды алу әдістерді зерттейтін ғылым
Жануарлар биотехнологиясының бағыттары.
Малшаруашылықта биотехнологиялық қорлар ашу үшін молекулярлы, жасұшалы, көбейту биотехнологияларымен қолданады.
Жануарларды көбейту биотехнологиясы – жануарлардың репродуктивтік қорларының генетикалық мүмкіншіліктерін жақсарту мақсатымен қолданылатын әдіс. Көбейту биотехнологиясында зерттеу пәні – жануарлардың репродуктивтік қасиеті ал зерттеу объекті – олар:
1) жануарлардың ағзаларының гормондары – гипоталамус, гипофиз, гонадалар арқылы зерттелетін;
2) көбею мүшелерінің құрамы және физиологиясы.
Көбейту биотехнологиясында келесі әдістерді айырады:
1. Суперовуляция – фолликулдарға өсуге және дамуға мүмкіншілік беретін, гормондардың көмегімен ұрғашы-донорларға әсер ететін әдіс.
2. Жасанды ұрықтандыру – жануарлардың генотиптерін жақсарту үшін асылтұқымды еркек малдардың ұрықтарымен қолданып ұрғашыларға ұрық себу жұмыстары.
Генетиканың және жасанды ұрықтандыру технологиясының жетістіктерінің көмегімен малшылар жануарларды жетілдіру үшін қолайлы әдістер тапты, жоғары мүмкіншіліктері бар еркек жануарларды іріктеп алу жағдайлары туды, бүкіл популяциялардың генетикалық жақсарту екпіндері тездетілді.
3. Ұрықтарды транспланттау – ұрғашы-донордан ұрғашы-реципиентке ұрық тасу әдісі. Малшаруашылықта транспланттау мақсаты – асылтұқымды ұрғашы жануарлардың генетикалық қорларымен қолдану.
Ұрықтарды транспланттау әдістің көмегімен ұрғашылардың көбею мүмкіншіліктері кеңейді, неге десек, олардың ана бездерінде аналық жыныс жасұшаларының қоры мол болады. Осы генетикалық қорды толығынан қолдану үшін келесі зерттеулер өткізілген: асылтұқымды аналардың ұрықтарын алып төмен генетикалық бағалы , көбею үдірісіне жарамды аналардың жатырларына транспланттау.
Осы технология жұмыс істегенде:
а) бір асылтұқымды анадан алынған ұрпақтардың саны көбейеді;
б) ағзаларды гамета және ұрықтар түрінде апарып жеткізуге және көп уақыт сақтауға болады;
в) гаметаларды және ұрықтарды іріктеп алып керек жынысты және керек физиологиялық-биохимиялық қасиеттері бар ұрпақтарды алады.
Осы айтылған технологияларды еңгізу үшін, ақырғы мақсаты ұрықтарды транспланттау болатын жұмыстардың кешенімен қолдану керек.
Көбейту технологиясы келесі кезеңдерден тұрады: донорларды, жасаушыларды, реципиенттерді іріктеп алу, донорларға суперовуляция өткізу, донорларды ұрықтандыру, ұрықтарды шығарып алу, алып шығарған ұрықтардың қасиеттерін бағалау, ұрықтарды реципиенттердің мүшелеріне еңгізу.
Кәзіргі уақытта көбейту биотехнологиясы молекулярлы және жасұшалы биотехнологиялардың әдістерімен тығыз байланысады.
Жасұшалы биотехнология – түрлі жасұшалы жұмыстар өткізу арқылы бағалы биологиялық қасиеттері бар ағзаларды алуды зерттейтін пән. Малшаруашылықта зерттеу объекті – жануарлардың репродуктивтік жасұшалары. Малшаруашылықта жасұшалы биотехнология өзіне бір бірін толықтыратын екі ғылыми бағыткіргізеді:
1.Ұрық өсіру зерттеулер (ұрық дақылы) – гаметалармен ұрықтарға өмір сүруге және дамуға жағдай тұдыратын.
Ұрық өсіру зерттеулердің негізгі тапсырмалары:
а) гаметалардың және ұрықтардың селекциясы;
б) гаметаларды және ұрықтарды өсіру;
в) гаметаларды экстракорпоралды ұрықтандыру;
г) гаметалардың және ұрықтардың банкін ашу;
д) қоректік орталарды жасап қасиеттерін жақсарту.
2. Жасұшалы технологиялар – жануарлардың генотиптерін жақсарту үшін жасұшалардың және ядролардың деңгейінде жүргізетін жұмыстар.
Малшаруашылықта жасұшалы технологиялардың жұмыстары келесі:
а) соматикалық гибридизация;
б) клондау;
в) химералық жануарларды алу.
Молекулярлы биотехнология – жануардың ағзасында молекулярлы деңгейде жаңа генетикалық бағдарламаны алу мақсатын зерттейтін ғылым. Зерттеу объекті нуклеин қышқылы болады (ДНҚ және РНҚ молекулалары). Молекулярлы биотехнология келесі екі бөлімдерден тұрады:
1. Генетикалық инженерия – тек қана гендерді зерттейді. Генетикалық инженерияның тапсырмалары:
а) гендерді синтездеу және оларды жаңарту;
б) рекомбинанттық молекулаларды құрастыру және клондау;
в) гендердің банкін жасау.
2. Генетикалық өзгеру – гендерді тасу үдірісі. Негізгі тапсырмалар:
а) генді реципиентке кіргізу;
б) өзгерген гендерді іріктеп синтездеу;
в) гендерді еңгізу;
г) трансгендік жануарларды және жоғарыбағалы заттарды алу.
Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 6403;