Дәріс. Кіріспе. Илемдеу өндірісінің технологиялық сұлбалары.

Дәрістік сабақтар конспекті

Қара металлргия өндірісінде балқытылатын болаттың негізгі бөлігі илемдеп өңделеді. Сондықтан металлургиялық өңдеуде илемдеу өндірісінің маңызы зор.

Қара металлургия өндірісін қарастыратын болсақ негізгі цехтарының құрамына байланысты металлургия зауыттары толық металлургиялық циклды (домна, болат балқыту және илемдеу цехтары бар болса) және толық емес металлургиялық циклды (болат балқыту мен илемдеу цехтары ғана болса) болып бөлінеді. Сонымен қатар құрамында тек қана илемдеу цехтары бар қайта өңдеу деп аталатын зауыттар да болады.

Илемдеу орнағының құрамына және илемдік өнімнің сортаментіне байланысты барлық металлургия зауыттары өндірілетін өнім түріне (табақ, сорт немесе басқа пішінді илем) арналған илемдік орнақ түріне қарай табақты, сортты немесе аралас пішінді болып бөлінеді. Табақты зауыттарға бұрынғы КСРО-да Ильич атындағы Липецк (Мариуполь қаласы) және Қарағанды комбинатын, сортты зауыттарға - Батыссібірлік, Криворожск және Серов зауыттарын, аралас зауыттарға – Магнитогорск, Кузнецк, Орско-Халиловск, Череповецк және т.б. жатқызуға болады.

Бірқатар металлургиялық зауыттарда ыстықтай илемдеу цехтарының өнімдерін халық шаруашылығының металл тұтынушы салалары ғана емес, сонымен қатар құбыртарту, суықтай илемдеу, майыстырылған пішін және т.б. қайта өңдеу цехтары да кеңінен пайдаланады. Мысалы, құбыр өндіру Никопольск, Первоуральск, Челябинск және басқа құбыр шығару зауыттарында (кәсіпорындарында) ұйымдастырылған.

Толық металлургиялық циклды металлургия кәсіпорындарында төрт түрлі қайта өңдеу жұмысы орын алған:

- бірінш қайта өңдеу – домна пештерінде шойын өндіру; шойынның негізгі бөлігі болат балқыту үшін болат балқыту цехтарына жіберіледі (қайта өңделген шойын), қалған бөлігі машинажасау өндірісіне жіберіледі;

- екінші қайта өңдеу – болат балқыту цехтарында (мартен, конвертер, электрлі болат балқыту агрегаты) болат өндіру, онда болат құймакесек немесе ДҮҚМ (МНЛЗ) агрегатында дайындама болып құйылады, олар илемдеу цехтары үшін бастапқы шикізат болып табылады.

Аса перспективті металлургиялық зауыттар құрылымына бірінші қайта өңдеусіз, яғни болатты домна өндірісісіз электрпештерінде балқытып, тікелей тотықсыздандырып алатын кәсіпорындарды дамыту болып табылады (Осколь электрметаллургия комбинаты);

- үшінші қайта өңдеу – ыстықтай өңделетін илемдер өндірісі; олар металлургия өндірісінің дайын өнімі ретінде тұтынушыға жөнелтіледі немесе ары қарай өңдейтін цехтарға жіберіледі (төртінші қайта өңдеу цехтарына);

- төртінші қайта өңдеу - бұл ыстықтай илемделген сортты және табақты болаттарды, оларға қосымша арнайы қасиеттер беру және сапасын жақсарту мақсатында ары қарай өңдеу.

Төртінші қайта өңдеу цехтарына жататындар:

а) мөлшерлегіш цехтар, мұнда шыбық және дода күйінде мөлшерленген болаттар шығарылады; олар ыстықтай илемделген сортты болаттардан өлшемдерінің шақтамалары төмен болуымен, отқабыршақтарының жоқтығымен және өңделген беттерінің жоғары сапасымен еркешеленеді;

ә) болатты суықтай илемдеу цехтары, мұнда суықтай илемделген болаттар өндіріледі; олар ыстықтай илемделген табақты болаттардан өлшемдерінің жоғары дәлдігімен, қалыңдығының жұқалығымен (қазіргі заманғы ыстықтай илмедеу орнақтарында табақты илемнің минимальды қалыңдығы 1,2 мм), беттерінің өңделу дәрежесінің жоғарылығымен және қосымша физика-механикалық қасиеттері бар табақты және таспалы илмедер шығаруымен ерекшеленеді;

б) қаптау цехтары, мұнда суықтай илемделген болаттарға қалайы (қаңылтыр), мырыш (мырышталған болат), қорғасын (қорғасындалған болат), алюминиймен (алюминделген болат), хроммен (хромдалған болат) және басқа да металдар қаптамасы жалатылады;

в) майыстырылған пішіндер цехы, мұнда табақты илемдерден әртүрлі сортаменттегі майыстырылған пішіндер дайындалады; олардың пішіндері мен пішін элементтерінің қалыңдықтары алуан түрлі болып келеді; ондай пішіндерді ыстықтай илемдеу арқылы алу мүмкін емес (ыстықтай илемдеу орнақтарында қалыңдығы 1,3 мм төмен сөре дайындау температуралық жағдай бойынша мүмкін емес;

г) термиялық және таза өңдеу цехтары, мұнда ыстықтай илемделген металдың беріктіктік пен созылымдылық қасиеттерін арттыру және беттерінің өңделушілік дәрежесін жақсарту мақсатында қосымша өңдеуге ұшыратылады;

д) металлургия өндірісінің құрамына кіретін құбыр цехтары.

Қазіргі кезде ыстықтай илемдеу өндірісінде металдар қозғалысының үш сұлбасы орын алған.

Бірінші сұлба бойынша болат балқыту цехтарынан ыстық күйінде (көбінесе) келіп түсетін құймакесектер блюмингтер мен слябингтердің қыздырушы құдықтарына беріледі. Құймакесектер қыздырылғаннан кейін сортты илемдеу және табақ илемдеу цехтарына арналған жартылай өнімге (дайындама немесе сляб) илемделеді.

Екінші сұлба біріншіден балқыту цехтарында ДҮҚМ (МНЛЗ) болуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда үздіксіз құйылған дайындамалар (квадрат) мен слябтер аралық жаншығыш орнақтарсыз, тікелей сортты және табақты орнақтарда илемделеді.








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 2852;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.