Дәріс. Илемдеу процесінің параметрлері.

Илемдеу процесінің анықтамасы. Металдың екі немесе бірнеше айналмалы пішінбіліктер арасында пластикалық деформациялану процесін илемдеу деп атайды. Илемдеу процесі әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар мыналармен ерекшеленеді:

- өңдеу бағытымен (бойлық, көлденең және бұрандалы);

- орнақтардың жұмыс режимімен(үздіксіз немесе реверсті);

- металдың күйімен (ыстықтай, жылылай, салқын);

- бұйым пішінімен (табақ, сорт, біртұтас немесе қуыс пішін).

Жұмыс пішінбіліктері тегіс бөшкелі немесе кесілген мөлшерлі түрде болып келеді.

Егер пішінбіліктер осьтері параллель және бір жазықтықта жатса, диаметрлері бірдей және екі жаққа бірдей айналу жылдамдығымен айналса, илемденетін металл механикалық қасиеті жағынан бір текті болып, оған пішінбіліктер тарапынан бірдей күштер әсер ететін болса, онда мұндай илемдеу процесі қарапайым де аталады.

Деформация ошағы және оның параметрлері. Асты мен үстінен қарпу доғасымен (АВ), тілкемнің бүйір қабырғасымен және металдың кіретін және шығатын жазықтықтарымен шектелген кеңістікті деформацияның геометриялық ошағы деп атайды.

Іс жүзінде деформация ошағы геометриялық ошақтың түйісуден тыс деформация аумағының шамасына үлкен болып келеді (кері штрихталған аумақ).

Іс жүзінде металл тығыздығының өзгермейтінін ескере отырып, көлем тұрақтылығының шарты сақталатынын көреміз, яғни

. (3.1)

Салыстырмалы деформация пішін өзгерісінің шамасы аз болғанда ғана ақиқат болады.

Пішінбіліктің металмен жанасатын АВ доғасы қарпу доғасы деп аталады, ал оның көлденең (горизонталь) кескінің деформацияның геометриялық ошағы ұзындығы деп қабылданған.

 

Сурет 3.1 - Металды пішінбілікпен илемдеу сұлбасы ∆h=h0- h1 - абсолюттік жаншылу; ∆В=В1 - В0 - абсолюттік ұлғаю (кеңею); - кермелеу коэффициенті; - ұлғаю коэффициенті; - қалыңдық бойынша жаншылу коэффициенті; - салыстырмалы жаншылу; - салыстырмалы ұлғаю.  

 

 

Қарпу бұрышы деп қарпу доғасына сәйкес келетін орталық бұрышты айтады.

∆АОС-дан табамыз:

, (3.2)

егер 1-сos a = 2sin екенін ескерсек, онда қарпу бұрышының аз шамасында

, (3.3)

мұндағы

Қарпу доғасының көлденең кескіні l = R ∙ Sina немесе ∆АОС-тан мынаны анықтаймыз:

= (3.4)

Егер доғаны хордамен ауысытрсақ, онда түйіспелі беттің ұзындығын ∆АСВ –дан табуға болады

яғни (3.5)

Қарпу бұрышының шамасы аз болған жағдайда яғни (3.4) өрнегіндегі екінші мүше шамасы өте аз, сондықтан есептеу барысында оны ескермей қарпу доғасы мен оның көлденең кескінін (3.5) формуласымен есептеп шығаруға болады, яғни

(3.6)

(3.6) формуласы металдың пішінбілікпен түйісу бетін есептеу үшін пайдаланылады.

(3.7)

 








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1873;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.