Дәріс. ЖҰМЫС ҚАПАСЫ ТІЗБЕГІНДЕГІ ЖАБДЫҚТАР
Илемдеу орнағының негізгі жұмыс органы жұмыс қапасында орналасқан мойынтіректерде айналатын пішінбіліктер. Пішінбіліктерді айналдыру электрқозғалтқыштан аралық беріліс механизмдері мен құрылғылары арқылы жүзеге асырылады.
Пішінбіліктерді айналдыруға арналған және металдың пластикалық деформациялануы(жансау) кезінде пайда болатын күштер мен бұраушы моменттерді өзіне қабылдайтын жабдықтар қапастың жұмыс тізбегін құрайды.
Жұмыс тізбегінде жабдықтарды негізгі үш топқа бөлуге болады:
- жұмыстық қапас 1;
- беріліс механизмдері 2,4,5,6,7;
- бас электрқозғалтқыш 3.
а – басты электрқозғалтқыштан пішінбіліктердің дербес жеткетелуі; б – пішінбіліктердің тістегеріштік қапасы арқылы жетектелуі; в – электрқозғалтқыштан редуктор және тістегеріштік қапас арқылы пішінбіліктердің жетектелуі.
Қабылданған белгілеулер: 1 – жұмыстық қапас; 2 - айналдырықтар; 3 - электрқозғалтқыш; 4- тістегеріштік қапас; 5 - редуктор; 6 - моторлы муфта; 7 - негізгі муфта; 8 – айналдырықтарды теңдестіргештер; 9 – екіпішінбілікті қапастың пішінбіліктері; 10 – тіреу пішінбіліктері (кварто); 11 – жұмыс пішінбіліктері (кварто); 12 – тұғыр; 13 – тақтай; 14 – анкерлі бұрандалар; 15 – аралық білік.
Сурет 6.1 - Жұмыс қапасының жетегі орналасқан басты желісінің сұлбасы
Жұмыс қапасы болаттан құйылып жасалған ауыр екі тұғырдан 12 тұрады, олар іргетасқа анкерлі бұрандалармен 14 бекітілген тақтаға 13 орнатылған.
Тұғырларда мойынтіректер мен біліктер отырғызылған жастық, жоғарғы пішінбілікті тік бағытта жылжытуға арналған құрылғы, металды жіберіп тұратын бағыттауыш және т.б. орналасқан:
a) қарастырылып отырған сұлбада әрбір пішінбіліктің жеке жетегі бар,бұл блюминг,слябинг сияқты ірі жаншу орнақтарына тән (жеке жетекті пішінбіліктер);
ә) илемдеу орнақтарының көпшілігінің пішінбілік жетегі бір электрқозғалтқыштан тістегерішті қапас арқылы жүргізіледі;
б) егер электрқозғалтқыштың айналу саны жоғары болса,пішінбіліктердің жылдамдығын азайту үшін төмендеткіш редуктор пайдаланылады.
Төртпішінбілікті орнақтарда жұмыс пішінбіліктері жетекші болып табылады.Мұндай қапастарда тіреу пішінбіліктері жұмыс және тіреу пішіебіліктерінің арасындағы үйкеліс күшінің әсері арқасында айналады.
Тістегеріштік қапас электрқозғалтқыш моментінің жоғарғы және төменгі пішінбіліктерге бөлініп берілуіне және пішінбіліктердің бірдей жылдамдықпен айналуына (синхронды) арналған.
Илемдеуші орнақтың бас электрқозғалтқышы ауамен үрленіп суытылатын арнайы мақсаттағы қозғалтқыш болып табылады.Илемдеу жылдамдығы тұрақты орнақтар үшін (үздіксіз орнақтардың қаралай өңдеу орнақтары) тиімді болып саналатын синхронды (кейде асинхронды) электрқозғалтқыштар қолданылады.
Илемдеу жылдамдығы реттелетін орнақтар үшін түрақты ток электрқозғалтқыштары пайдаланады,олар арнайы түрлендіргіштер немесе түзеткіштер арқылы қоректендіріледі.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1385;